Тазартылған ланолин қою сары түсті, тұтқыр жақпа май тәрізді консистенциялы, өзіне тән әлсіз иісі бар. Балқу температурасы 36-420С . ланолин суда ерімейді. Сумен араласып оның өзінің салмағынан 150% мөлшердей суды бойына сіңіреді, бұл кезде өзінің консистенциясы жоғарлайды. Сусыз ланолин қолданады.
Lanolinum anhydricum
Сондықтан жақпа майлар құрамына ланолинді қолдана отырып сулы ерітінді үлкен мөлшерде енгізуге болады. Ланолин спиртте қиын ериді, бірақ спирт өзінің салмағының 10 бөлігін сіңіреді. Глицериннің 120 140 бөлігін қабылдайды. Эфирде және хлоформда жақсы ериді. Ланолин теріге жақсы сіңеді. Теріні және кілегей қабатты тітіркендірмейді. Ланолин тұтқыржәне жабысқақ масса болған өзінше негіз ретінде қолданбайды. Тек қана негізге қоспалар қолданады. Егер рецепте тек қана “ ланолин” деп көрсетілсе, онда сулы ланолин қолданады.
Сулы ланолин 70 бөлік сусыз ланолин, 30 бөлік судан тұрады.
Спермацет Cefaceum
Спермацет Cefaceum
Цитил спирттінің майлы қышқылының қүрделі эфирі. Қатты, ұстағанда майлы крит.масса б.тем. 42-540С . майлармен, көмірсутектермен оңай балқиды. Жұмсақ жақпа майлар тығыздау үшін қолданады.
Ара балауызы Cera
Қатты, сынғыш. Сары түсті масса Cera, ақ сары түсті – Cera alba. Б.тем. 63-650С. Негізгі тығыздау үшін қолданады. Бойына суды аз сіңіреді.
Көмірсутектер өңдірілген мұнай өнімдері: вазелин парафин, озокерит, церизин, вазелин майы қолданады. Тұрақтылығы жоғарғы, химиялық инертті. Осы сапасы, тиімділігі арзандылына байланысты. Жақпа май технологиясында кеңінен қолданады.