Жақпа майлар (unguentum) – жақпа май негізінде біртегіс таралған, бір немесе бірнеше дәрілік заттардан тұратын, тұтқыр консистенциялы жұмсақ мөлшерленбеген дәрілік форма. Құрамында қабынуға қарсы, антисептикалық, жансыздандыратын және т.б. заттар болады. Жақпа майлар теріге, кілегей қабықшалардың, жарақаттың беткейлеріне жағу үшін қолданады.