Дәрілік заттардың дисперсті дәрежесіне қарай 4 топқа бөлінеді:
Гомогенді жақпа майлар - онда дәрілік заттар ерітінді түрі бойынша таралған, яғни дисперстілігі олардың молекулалық формасына ұсқас;
Суспензиялық немесе тритурациялы жақпа майы - май негізінде ерімейтін микроскопиялық қатты ұсақ бөлшектерден тұратын дәрілік заттар. Олар суспензия түрі бойынша таралған.
Эмульсиялық жақпа майлар – майлар негізінде ерімейтін сұйық дәрілік заттар, оның бөлшектері жақпа май негізінде эмульсияланған түрде таралған.
Аралас (комбинированный) жақпа майлар физико-химиялық қасиетттері әртүрлі заттардан тұрады.