Жоба атауы «Ертегілер арқылы мектепке дейінгі ұйымдардың режимдік сәттерін ұйымдастыру»
Жобаның мақсаты :
Мектепке дейінгі балалардың күн тәртібін тиімді ұйымдастыру , олардың қызығушылығын арттыру және тәртіпке баулу. Ертегілерді пайдалана отырып , сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.
Міндеттері :
Балалардың күн тәртібін ертегілер арқылы қызықты әрі тәрбиелік тұрғыдан ұйымдастыру.
Әр режимдік сәтке арналған арнайы ертегілерді құрастыру.
Ертегілер арқылы балаларды тәртіпке , тазалыққа, салауатты өмір салтына баулу.
Балалардың әлеуметті ортада бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасаудың
дағдыларын жетілдіру.
Ата – аналар мен тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар жасау.
Нысаналы топ:
1.Мектепке дейінгі жастағы балалар 3-6 жас
2.Тәрбиешілер
3.Ата – аналар
Жобаны іске асыру кезеңдері:
Дайындық кезеңі:
Жоба мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
Әдістемелік материалдарды жинау және талдау.
Ертегілерді жинақтау және талдау.
Ертегілерді құрастыру және бейімдеу
Таңғы гимнастикаға арналған ертегі « Таңғы көңілді гимнастика»
Тамақтану уақытына арналған ертегі «Дәмді тағамдар патшалығы»
Ұйқыға дайындыққа арналған ертегі «Ұйқы перизатының құпиялары»
Серуендеу уақытына арналған ертегі «Серуендеуге шыққан достар»
Тазалық сақтау ертегісі «Тазалық сақшысы»
Пилоттық тестілеу
Белгілі бір мектепке дейінгі ұйымдарда ертегілерді қолданып көру.
Тәрбиешілер мен ата- аналардың пікірлерін жинау.
Қажетті түзетулер енгізу.
Жобаны енгізу
Ертегілерді күн тәртібіне енгізу
Әр режимдік сәтке сәйкес іс- шаралар мен ойындарды өткізу
Тәрбиешілер мен ата- аналарға арналған тренингтер ұйымдастыру
Бағалау және нәтижелерді талдау
Жобаның тиімділігін бағалау үшін мониторинг жүргізу.
Балалардың тәртібін , қызығушылығын және даму деңгейін бақылау
Жоба нәтижелері бойынша қорытынды есеп дайындау
Қажетті ресурстар:
Ертегілер жинағы
Әдістемелік нұсқаулықтар
Қосымша оқу материалдары бейне , аудио
Ойыншықтар мен көрнекі құралдар
Қолданылатын әдістер :
Ойын әдісі
Интерактивті оқыту әдістері
Әңгімелесу және талқылау
Тәжірибелік іс- әрекеттер
Күтілетін нәтижелер
Балалардың күн тәртібіне қызығушылығы артады.
Балалар тәртіпке , тазалыққа және салауатты өмір салтына дағдыланады.
Ертегі барысын үнемі өзгертіп, ауыстырып, мүмкіндігін қамтамасыз етіп отырады.
Ойыншылардың арасында жолдастық қарым-қатынас қалыптастырады. Тәрбиешілер мен ата- аналардың балаларды тәрбиелеу және оқыту үрдістері жеңілдейді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие жұмысы тиімдірек ұйымдастырылады.
Пайдалынған әдебиеттер тізімі:
Көркем әдебиет, әдістемелік құрал «Аруна» баспасы
Воспитание и обучение в средней группе детского сада. Программа и методические рекомендации /сост.М. Б. Зацпина-М.: Мозаика-Синтез,2008-192с.
«Ертегі сыр шертеді» балаларға арналған ертегілер жиынтығы.
«Отбасы және балабақша» журнал,2010-2014ж.
Мектепке дейінгі білім-тәрбие әдістемесі, № 1,2 2014ж.
«Зерек бала» мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламыс. Астана,2009ж.
Үй жануарлары Ж.Қалжанова Аруна, баспасы
Отбасы және балабақша Журнал
Ерте,ерте,ертеде Журнал Педагогика пресс
Балдырған Журнал Алматы, 1998
Достарыңызбен бөлісу: |