Фпсие 19-5 Айдарбеков Диас Кешенді бақылау



Дата15.12.2022
өлшемі15,8 Kb.
#57537
Байланысты:
Кешенді бақылау Айдарбеков Диас


ФПСИЕ 19-5 Айдарбеков Диас

Кешенді бақылау – спортшының дайындық деңгейін анықтауға жаттығу циклындағы әртүрлі көрсеткіштерді өлшеу және бағалау (педагогикалық, психологиялық, биологиялық, социометрлік, спорт – медициналық және басқа әдістер мен тестілер пайдаланылады).
Бақылаудың кешенділігі көрсеткіштердің үш тобы тіркелгенде ғана іске асырылады:
1/ жаттығу және жарыстық ықпал ету көрсеткіштері;
2/ стандартты жағдайда тіркелген спортшының дайындығы мен қызмет жағдайының көрсеткіштері;
3/ сыртқы орта жағдайының көрсеткіштері.
Кешенді бақылау көп жағдайда тест (тест-латынша-мақсат, міндет, сынау) алу барысында немесе тесттегі нәтижелерді өлшеу процедурасында іске асырылады.
Тесттің үш топқа бөліп қараймыз
Тесттердің бірінші тобы – тыным алу кезінде өткізілетін тесттер. Бұларға дене дамуы көрсеткіштері жатады (дененің салмағы және бойы, тері – май қабатының қалыңдығы, қолдың, аяқтың, кеуденің ұзындығы және құлашы). Тыным алу кезінде жүректің, бұлшық еттердің, жүйке және қан айналу жүйесінің қызметтік жағдайын өлшейді. Психологиялық тесттерде осы топқа кіреді.
Тесттердің бірінші тобының жәрдемімен алынған мәлімет спортшының дене мүмкіндігі жағдайын бағалау үшін негіз болып табылады.
Тесттердің екінші тобы – бұл стандартты тесттер, яғни барлық спортшыларға бірдей тапсырманы орындау ұсынылады (мысалы, жүгіру қондырғысын тредбанда 5 м /сек жылдамдықпен 5 минут бойына жүгіру немесе 1 минутта белтемірге 5 рет тартылу және т.б.). Бұл тесттердің спецификалық ерекшеліктері шегіне дейін емес жүктемені орындаумен қорытындыланады, сондықтан мүмкіндігінше максимальды нәтижеге жету мотивациясы мұнда қажет емес.
Тесттердің үшінші тобы – бұл тестті орындау кезінде мүмкіндігінше максимальды қозғалыс нәтижесін көрсету қажет.
Биомеханикалық, физиологиялық, биохимиялық және басқа көрсеткіштерінің мәні өлшенеді (тестте көрінетін күші; ЖСЖ, ОМП, анаэробты порог, лактат және т.б.). Мұндай тесттердің ерекшеліктері – жоғары психологиялық көңіл күйге келтіруге, шегіне дейінгі нәтижелерге жетуге деген мотивациялық қажеттілік.
Кешенді бақылаудың негізінде спорттық жаттығулардың тиімділігін дұрыс бағалауға, спортшы дайындығының күшті және әлсіз жақтарын ашуға, олардың жаттығу бағдарламасына сәйкес түзеулер ендіруге, жаттықтырушының жаттығу процесінде таңдаған бағыттылығындағы қайсы бір болмасын шешімінің тиімділігін бағалауына мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет