Қазақ тіліндегі аталы сөз, қанатты сөздерімізді дәріптеу;
Білім алушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
Шығармашылық даму жолдарына жетелеу.
МАҚСАТТЫ АУДИОТОРИЯ:КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ
: Колледж студенттерінің тіл байлығын дамыту бағытында үйірме курсын ашу; Ақын-жазушыларымыздың қанатты сөздерін,ата-бабаларымыздың нақыл сөздерінің тұспалын білуде қойылымдар қою; Студенттердің коммуникативті дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық бағытта мақала жазу, жасалған жұмыстарын баспа беттеріне жариялау. :
ӨЗЕКТІЛІГІ:
Студенттердің тіліміздегі нақыл сөздердің мән-мағынасын түсінбеуі;
Өз ойларын нақты жеткізе алмауы;
Сөздік қорларының жұтаңдығы;
Ауызекі сөздер, диалект, жаргон сөздердің қолданылуы.
ҚАЗІРГІ ТАҢДА КОЛЛЕДЖ ҚАБЫРҒАСЫНДА ЖОБА МАҚСАТЫ БОЙЫНША ҮЙІРМЕ КУРСЫН АШЫП , СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ҮСТІНДЕМІН.
Жоспар - ОСЫ ЖОБА БОЙЫНША КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН
ҮЙІРМЕ АЙЫНА 4 МӘРТЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
- ЖОБА ТӨҢІРЕГІНДЕ ТҮРЛІ ФОРМАТТА ЖҰМЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, НӘТИЖЕСІ КӨРІНУДЕ.
-АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ТЕК СТУДЕНТТЕРМЕН ҒАНА ЕМЕС, МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАП, ЖОБАНЫ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗУ МАҚСАТЫНДА ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗІЛУДЕ.
НӘТИЖЕСІ:
-Колледж студенттері ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздерді жинап, даналық ойлардан дән іздеді;
-Аталы сөздердің мән-мағынасын, тұспалын түсінді;
-Сөздік қорлары байып, сөйлеу дағдылары қалыптасты;
-Студенттер өздігінен жұмыстар орындап, түрлі қойылымдар әзірледі;
-Шығармашылық бағытта жазған мақалаларын баспа беттеріне жариялады.