Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы



бет12/24
Дата19.05.2023
өлшемі153,14 Kb.
#94811
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz

18) мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. ҚК-нің 299-1-бабына қатысты есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау деп айқындалмаған адамдар тобында олардың заңсыз айналымына және заңсыз тұтынылуына оң немесе төзімді көзқарас қалыптастыруға бағытталған, оларды ұсыну нысаны мен тәсіліне қарамастан, осы құралдар мен заттар туралы, оларды дайындау және пайдалану тәсiлдерi, әдiстерi туралы, олардың жекелеген түрлерін пайдаланудың артықшылықтары мен пайдасы туралы кез келген мәліметтер таратуды немесе осы мақсаттарда өзге де әрекеттер жасауды түсінген жөн.
Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің және прекурсорлардың заңсыз жарнамасы деп заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, белгісіз адамдар тобына арналған және осы құралдар мен заттарға қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға немесе олардың заңсыз тұтынылуы мен өткізілуіне ықпал етуге арналған, оларды сатып алу орындары немесе тәсілдері, олардың сапасы, бағасы және өзге де қасиеттері туралы ақпаратты кез келген жерде, кез келген нысанда таратуды және (немесе) орналастыруды түсінген жөн.
ҚК-нің 299-1-бабының нормаларында көзделген қылмыстар құрамы формальды болып табылады, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе прекурсорларды насихаттауға немесе заңсыз жарнамалауға бағытталған кемінде бір әрекет жасалған кезден бастап, кінәлі адамның өз мақсаттарына жетуіне қарамастан, аяқталған болып есептеледі.»;
19) 16-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«ҚК-нің 302-бабына қатысты осы мақсаттар үшін үй-жайлар беру деп притонды ұйымдастыру немесе ұстау үшін үй-жайларды ұсыну түсініледі.
Адамның есірткі заттарды бірлесіп пайдалану үшін үй-жайды бір рет беру арқылы көрсетілген әрекеттері ҚК-нің 302-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын құрамайды, өйткені осы бап бойынша саралау үшін кінәлі адам есірткі заттарды жүйелі негізде тұтынуға тұрғын үйді немесе тұрғын емес үй-жайды притон ретінде ұйымдастыруы немесе күтіп ұстауы не притонды ұйымдастыру және ұстау үшін оларды басқа адамдарға беруі қажет.»;
20) 18-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Егер өзіне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасады деген күдік бар адам жеке тінту, тұрғын үйді немесе өзге де үй-жайды есірткі заттарын немесе өзге де заттарды табу мақсатында жүргізілетін тінту басталар алдында өз еркімен табылуы мүмкін есірткі заттарын берсе, онда бұл ҚК-нің 296-бабына Ескертпелердің 2-тармағында көзделген ерікті беру болып табылмайды. Егер адам бір жерде тінту жүргізу кезінде өзінің басқа жерде (саяжайда, бақшада, көршісінде және т.б.) сақталатын, оның көрсетуінсіз табу мүмкін болмайтын жеке пайдалануға арналған есірткі заттарының бар екендігі туралы мәлімдесе, онда көрсетілген әрекеттер ерікті беру деп танылады және адам ҚК-нің 296-бабына Ескертпелердің 2-тармағына сәйкес осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату үшін негіз ретінде есірткі заттарын тұтынуға байланысты медициналық көмекке ерікті түрде жүгіну қылмыстық қудалау органы құқық бұзушылық фактісін анықтағанға дейін ғана орын алуы мүмкін.»;
21) 20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«Есірткі заттарды тасымалдау үшін немесе заңсыз сақтау орны ретінде пайдаланылатын көлік құралдары қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруына немесе құралдарына жатқызылуға, заттай дәлелдемелер деп танылуға тиіс.
Қойма үй-жайлары да, егер олар есірткі заттарын заңсыз сақтау үшін арнайы жабдықталған болса, қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралы деп танылуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда сот айыптау үкімін шығару кезінде көрсетілген заттай дәлелдемелерді – қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруын немесе құралдарын (көлік құралдары, үй-жайлар және басқалары) ҚК-нің 48-бабы екінші бөлігі 4) тармағының негізінде ҚПК-нің 118-бабы үшінші бөлігі 1) тармағының талаптарына сәйкес мемлекет кірісіне тәркіленуі тиіс.».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет