Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 3



бет10/24
Дата19.05.2023
өлшемі153,14 Kb.
#94811
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz

15. «Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 3:
1) 2-тармақтағы «оралмандардың» деген сөз «қандастардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 14-тармақтағы «оралмандар» деген сөз «қандастар» деген сөзбен ауыстырылсын.


16. «Соттардың бандитизм және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыса отырып, басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2001 жылғы 21 маусымдағы № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 15; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 9-тармақтағы «1998 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекелеген қару түрлерiнің айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" № 339-I Қазақстан Республикасы Заңының» деген сөздер «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339-1 Заңының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Алдын ала сөз байласып адамдар тобының бірқатар қылмыстарды белгілі бір уақыт бойы келісілген әрекеттер, қылмыстық әрекеттің тұрақты нысандары мен әдістері арқылы жасау фактісі қылмыстық топтың болуын тану үшін жеткілікті негіз болып табылмайды.
Қылмыстық топ неғұрлым жоғары ұйымдасуымен және орнықтылығымен алдын ала сөз байласқан адамдар тобынан ерекшеленеді. Оның белгілері, атап айтқанда: басшының (басшылардың) болуы және оған (оларға) басқа мүшелердің бағынуы, басқа қатысушылардың оған өзінің мүше екенін мойындауы, белгілі бір иерархияның және ортақ материалдық және қаржылай қаражаттың болуы, қылмыстық топта белгіленген қағидалардың (тәртіптің) сақталуы және т.б. болып табылады.
Қылмыстық топтың белгілері Қазақстан Республикасы
Қылмыстық-процестік кодексінің 113-бабының талаптарына сәйкес қылмыс құрамының басқа да белгілерімен қатар дәлелденуге жатады.».
3) 13-тармақтағы үшінші абзац алып тасталсын;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет