Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8



бет22/24
Дата19.05.2023
өлшемі153,14 Kb.
#94811
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
37. «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 18;
2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 10; 2010 жылғы 25 маусымдағы № 7; 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

1) бүкіл мәтін бойынша «1-бөлігінің», «1-бөлігінде», «1-бөлігіне»,


«2-бөлігінде», «2-бөлігінің» деген сөздер тиісінше «бірінші бөлігінің», «бірінші бөлігінде», «бірінші бөлігіне», «екінші бөлігінде», «екінші бөлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) 4-тармақтағы «қылмыстық iс қозғалған немесе қылмыстық iзге түсу жүргiзiлген» деген сөздер «сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-тармақтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5) 13-тармақтағы «3-бөлігінде» деген сөздер «үшінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 15-тармақтағы «2-6 бөліктері» деген сөздер «екінші және алтыншы бөліктері» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 17-тармақтағы «5-бөлігіне» деген сөздер «бесінші бөлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 19-тармақта:
«306-309-баптарында» деген сөздер «306, 307, 308 және
309-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, қадағалау» деген сөз алып тасталсын;
9) 23-тармақтағы «1 және 2 бөлігінде» деген сөздер «бірінші және екінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 25-тармақтағы «3-бөлігіне» деген сөздер «үшінші бөлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 26-тармақтағы «ҚР Қылмыстық атқару кодексiмен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексiмен (бұдан әрі - ҚАК)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 29-тармақтағы «1-бөлігіне» деген сөздер «бірінші бөлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын.


38. «Соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу практикасы туралы» 2016 жылғы 7 шілдедегі № 4:

1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:


«Сыбайлас қатысушылармен жасалған қылмыстар туралы қылмыстық іс бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жеке сыбайлас қатысушымен жасалмайды. Мұндай келісімге барлық сыбайлас қатысушылармен бір мезгілде жасалған жағдайда ғана жол беріледі.»;

2) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


«8. Егер қылмыстық іс бойынша сот талқылауы барысында сотталушыдан немесе қылмысқа сыбайлас қатысушы болып табылатын барлық сотталушылардан кінәні мойындау туралы келісім жасасу туралы өтініш келіп түссе, онда сот ҚПК-нің 628-бабына сәйкес сот талқылауын тоқтатады және тараптарға оны жасасу үшін ақылға қонымды мерзім береді.
Кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалған жағдайда судья ҚПК-нің 64-тарауының қағидалары бойынша келісу іс жүргізуінде істі қарауды жалғастыру туралы қаулы етеді.»;

3) 22-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:


«Егер сот басты сот талқылауы барысында жасалған процестік келісіммен келіспеген жағдайда, тараптарға жаңа процестік келісім жасауға уақыт береді. Тараптар процестік келісім шарттары бойынша келісімге келе алмаған жағдайда немесе сот жаңа процестік келісіммен келіспеген жағдайда, соттың қылмыстық істі қарауы жалпы тәртіппен жалғасады. Бұл жағдайда жаңа айыптау актісін жасау талап етілмейді.».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет