Жоба бағыты: «Әлеуметтік серіктестік» Жобаның атауы: «Жеке тұлғаның рухани - адамгершілік қасиеттерінің дамуына ықпал ету арқылы балалар ұжымын біріктіру және күш көрсетудің алдын алуда отбасының рөлі»
Өзін-өзі тану мұғалімі: Ордабаева Жанар Бейсенбаевна
Әлеуметтік педагог: Кабышева Динара Бакытовна
Сынып: 1-11
1-11 сынып жетекшілері
Жобаның атауы «Жеке тұлғаның рухани - адамгершілік қасиеттерініңдамуына ықпал ету арқылы балалар ұжымын біріктіру және күш көрсетудің алдын алуда отбасының рөлі.
Бірінші кезең I тоқсан Қыркүйек, қазан 1.Жоба тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Іс-әрекет жоспарын әзірлеу.
Жоба тақырыбын таңдау мақсатында әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жоспарларына сәйкестігін анықтау, ақылдаса отырып, тақырыпты таңдау.
2.Әр сынып паралельдері бойынша сынып сағаттарында жоба тақырыбы мен мақсаты туралы толық мәлімет беру. Әр сынып паралельдерінің ой- пікірлері, ұсыныстары тыңдалынып, жоспарға қосатын іс-шаралар жинақтау.
3.Мектепішілік жоба жұмысын бекіту,енгізу.
4.Жоба күнделігі жұмысын бастау.
5.Орындалу нәтижелері өзін-өзі тану сабағында талқылау.
Мақсаты:
-оқушылардың зерттеу және практикалық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы рухани адамгершілік қасиеттерінің дамуына ықпал ете отырып, балалар ұжымын біріктіру және күш көрсетудің алдын алу.
Міндеттері:
Тәрбие үрдісінде балалар ұжымын зерттеу арқылы күш көрсету, қысымшылықтың алдын алу және балалардың жоғары рухани –адамгершілік болмысын ашуда отбасы рөлінің теориялық негіздерін қарастыру;
Өзін-өзі тану сабағында, сабақтан тыс уақытта оқушылар арасындағы жағымды қарым-қатынас мәдениетін қалыптасуына қолайлы жағдайларды жасау, бойларындағы құндылықтар мен қасиеттерді жарыққа шығару арқылы мінез-құлықтарын түзетіп, қабілет –қарымын дамытып, көпшілікпен өзара әрекеттесу дағдыларын меңгертіп, өзге адамдармен сыйластық орната білулеріне көмектесу.
Балалардың бойына жастайынан адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіруде, яғни ізгілікке,мейірімділікке,
сыйластыққа,шыдамдылыққа,қайырымдылыққа тәрбиелеуде отбасының рөлін көрсету.
3)Оқушы мен ата – аналарға жан - жақты талдау жасай отырып, мектеп, оқушы, ата-ана қарым-қатынасын нығайту.