Жоба бағыты: «Әлеуметтік серіктестік» Жобаның атауы


Жоба өткізудің даярлық жоспары



бет2/5
Дата28.04.2023
өлшемі31,84 Kb.
#88192
1   2   3   4   5
Жоба өткізудің даярлық жоспары:
1.Оқушылардың рухани адамгершілік тәрбиелік деңгейін, агрессия,қобалжу, жабығу, сыныпта алатын орны мен сынып ұйымшылдығын зерттеу;
2.Диагностика нәтижелері бойынша анықталған мазасыздық, жабығу, агрессия деңгейі жоғары, шеттетілген, өздік бағлауы төмен оқушылармен түзету дамыту жұмыстарын (жеке жоспармен) жүргізу;
3. Отбасылардың әлеуметтік жағдайын зерттеу
4.Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар балаларына көмек ұйымдастыру (әр сыныпта қор жинау: киім кешек,оқу құралдары,азық түлік т.б) көмекке мұқтаж болған адамдарға көрсетілетін көмегіміздің үздіксіз болуға ниетімізді білдіру;
5.Тізім бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар балалар жайлы мәлімет жинау, мекен жайын, телефонын алып, алдын ала ол адаммен хабарласып, тұратын мекен-жайына барып көмек көрсетуге рұқсатын алу;
6. Оқушыларды алдын ала оқудан тыс іс-шараның мақсатымен таныстыру, қайырымды іс жасау, жанашырлық таныту сияқты адами қасиеттердің өз бойларынан табылуына, ашылуына мән беру. Тақырыптық сынып сағаттарын, видеобрифинг,акция, көрмелер, кездесулер ұйымдастыру.
7.Өткізілетін шараның маңыздылығын ашу, жағымды әсер қалдыру мақсатымен қайырымдылық жасау, қамқорлық туралы, жанашырлық, достық, сыйластық туралы өмірден алынған мысалдар келтіру, аңыз-әңгімелер талдау, бейнефильмдер көрсету.

Екінші кезең
II тоқсан
Қараша,желтоқсан
1.Жоспар бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілері мен ата-аналармен бірге іске асыру.

2.Күнделік жүргізу жұмысын жалғасыру.


Жобаны жоспар бойынша іске асыру.

3.Мектеп директордың рұқсатымен тіркеуде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына көмек көрсетуді ұйымдастыру.


4.Қайырымдылық жүргізу аясында әр сыныпта қор жинақтау: киім кешек, оқу жабдықтары, азық түлік.


5.Балалар мен отбасыларға көмек көрсету. Сынып жетекшісімен бірге апару.


6.Жыл бойы қажеттіліктерін біліп отыру. Сұраныстары (мүмкіндігінше) бойынша көмек көрсету.


7.Азқамтылған оқушылардың мектепте ыстық тамақпен қамтылуын қадағалау.


8.Мектеп тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек берілуін жалғастыру.


9.Оқушылармен түзету дамыту, ағартушылық, алдын алу жұмыстарын жалғастыру.


10.Оқушылар ұжымын біріктіру мен күш көрсетудің алдын алу мақсатында тақырыптық презентация қорғау, әлеуметтік роликтер сайыстарын өткізу арқылы аталмыш мәселенің шешімін өздеріне табуға жағдай жасау





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет