«Ән – жыр» ойыны
Мақсаты: Дыбысты дұрыс айтуды бекіту. Тілдік естуді және тілдік белсенділігін, еліктеу бойынша дыбыс тіркесін және дыбыстарды айта білуін дамыту.
Қажетті құралдар: Бұзау, лақ, қозы, бота.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқып ойыншық кейіпкерлерді көрсетеді. Өлең ішіндегі еліктеу сөздерді балаларға қайталатып үйретеді.
Әнші төлдер
Жайылымнан кешкілік
Жамырады бес түлік.
Төңірекке тараған
Төлдер әнін естідік.
«Мә-мә» деген әні бар,
Секірер ор, жары бар.
Селтеңдеген лағым
Секіргіш бір жануар.
«Мәә-мәә» деген әні бар,
Жібек тоны - сәні бар.
Қошақаным момақан,
Сүйкімді бір жануар.
«Бөө-бөө» деген әні бар,
Енесін тез сағынар.
Жібек жүнді ботақан,
Мөлдір көзді жануар.
«Мөө-мөө» деген әні бар,
Үй маңынан табылар.
Ойқастаған бұзауым,
Ойнақтағыш жануар.
«Күмбірлеген» әні бар,
Желкілдеген жалы бар,
Желдей өсіп құлыншақ,
Желмен шапқан жануар.
Әдібай Табылдиев
Өлең соңында балалардан қай жануар қалай дыбыстайтынын сұрап, пысықтау.
Дидактикалық ойындар: педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет. (1) Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған. Бала ерте жастан – ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым – қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет – сапалары туралы мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады. Біз келесі дидактикалық ойындарды қолдануымызға болады:
«Қызықты төртбұрыштар» ойыны
Дидактикалық тапсырма: төртбұрыш туралы баланың түсінігі, олардың өлшемі бойынша кезектеп қоюға үйрету, есте сақтау, назар аудару қабілеттерін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |