2.3 Ерте жастағы балалардың (2-3 жас аралығы) тілін дамытуда ойындарды пайдалану ерекшеліктері:
Ұлы Абай атамыздың ойын ойнап ән салмай өсер бала болама деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Балабақша балаларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров.
Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж.Руссо мен И. Т. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы С. П. Шацкий, В. А. Сухомлинский, Н. К. Крупская өз пікірлерін білдірген.
Ойындарды мектепке дейінгі ерте жастағы балаларының оку - іс-әрекеттерінде белгілі бір жүйемен пайдалану ерекшеліктері.Ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс - әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. Ойындардың жіктемесі балалардың жас ерекшеліктеріне, ойын сипатына, дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға, ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады. Ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
-сюжетті-рольді;
-драматизациялық;
-дидактикалық;
-құрылыс ойындары;
-қимылды ойындар;
-ұлттық ойындар;
-имитациялық (еліктеу) ойындары болып бөлінеді.
Педагогикалык үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде Қазақстандық ғалым Назила Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкттивті түрде күнделікті негізгі іс әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік тәрбиелік мақсатқа пайдалану болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.
Сөйтіп біз ерте жастағы (2-3 жас аралығы) балалардың тілін дамытуға осы соңғы имитациялық (еліктеу) түрінің пайдасы көбірек екенін анықтадық. Имитациялық (еліктеу) ойын-жаттығу түрлері: