2.7. Ерте жастағы балалардың тілін ойын арқылы дамыту жұмысында кездесетін кедергілер: Қазіргі таңда ерте жастағы балалардың тілін ойын арқылы дамытудағы қиындықтар мен кедергілер:
Кадр мәселесі
Балалардың балабақша күн тәртібіне үйренуі
Ойын орталығының болмауы
Қаражаттың жеткіліксіздігі
2.8. Ерте жастағы балалардың (2-3 жас аралығы) тілін дамыту мақсатында имитациялық (еліктеу) ойындарын пайдаланудың тиімділігін бағалау критерийлері
Қорытынды Балабақшадағы тәрбиелеу – оқыту жұмысында ерте жастағы балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану әрі оны күнделікті іс – әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі ерте жастағы балалармен ойын ойнау тілін дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен ойын ойнай отырып оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын айта білуге, қасиеті мен сапасын, түр – түсі және пішінін ажырата білуге өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып белсенді түрде тілдік қарым – қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі ерте жастағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап анықтап әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі ойын іс әрекетін жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Мәселен, кез – келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын – балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз – барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөйтіп бала топтағы жасына сәкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырап балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:
Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен
материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы
керек
Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.
Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етуі керек.
Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.
Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз піспек емес, жан - жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, ерте жастағы балалармен ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда олардың тілдік құзыреттіліктері артады.
Ендеше ерте жастағы балалардың тілінің дамуына қазір жағдай жасайық!.