Жоба «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»


Несеп шығару жолдарының инфекциялары



бет7/23
Дата21.01.2023
өлшемі72,32 Kb.
#62226
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Несеп шығару жолдарының инфекциялары



  1. Несеп шығару жолдарының инфекцияларына несеп шығару жолдарының клиникалық байқалатын инфекциялары, симптомсыз бактериурия және несеп шығару жолдарының медициналық көмек көрсетумен байланысты басқа да инфекциялары жатады.

  2. Несеп шығару жолдарының манифестті инфекцияларын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың болуы болып табылады:

  1. келесі белгілердің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), кенеттен зәр шығаруға ұмтылудың, жиі зәр шығарудың, дизурияның, шат үсті ауырсынуының және несеп себіндісінде (микроорганизмдердің екі түрінің) 105-тен астам колония / мл болуы;

  2. келесі белгілердің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), кенеттен зәр шығаруға ұмтылудың, жиі зәр шығарудың, дизурияның, шат үсті ауырсынуының және келесі жағдайлардың бірінің болуы:

лейкоциттердің және / немесе нитраттардың эстеразаларға оң нәтиже көрсетуі;
пиурия (центрифугаланбаған зәрдің үлгісін зерттеу кезінде айыру қабілеті жоғары 10 лейкоцит / мл-ден немесе 3 лейкоциттен жоғары);
центрифугаланбаған зәр үлгілерін Грам бойынша бояу кезінде микроорганизмдерді табу;
бір уропатогенді микроорганизмді зәрдің 1055 колония / мл-ден жоғары мөлшерде екі реттік себу;
тиісті антимикробтық терапия алатын науқаста 105- ден жоғары мөлшердегі бір уропатогенді микроорганизмге оң нәтиженің байқалуы;
дәрігер қойған диагноз;
дәрігердің тиісті антимикробтық терапияны тағайындауы;

  1. 12 айға дейінгі науқаста келесілердің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), гипотермияның (36,5°С-тан төмен), апноэның, брадикардияның, дизурияның болуы, ұйқышылдықтың немесе құсудың және несеп себіндісінде (микроорганизмдердің екі түрінің) 105-тен астам колония / мл байқалуы;

  2. 12 айға дейінгі науқаста келесілердің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), гипотермияның (37°С-тан төмен), апноэның, брадикардияның, дизурияның болуы, ұйқышылдықтың немесе құсудың және келесі жағдайлардың бірінің байқалуы:

лейкоциттердің және / немесе нитраттардың эстеразаларға оң нәтиже көрсетуі;
пиурия;
центрифугаланбаған зәр үлгілерін Грам бойынша бояу кезінде микроорганизмдерді табу;
бір уропатогенді микроорганизмді зәрдің 1055 колония / мл-ден жоғары мөлшерде екі реттік себу;
тиісті антимикробтық терапия алатын науқаста 105- ден жоғары мөлшердегі бір уропатогенді микроорганизмге оң нәтиженің байқалуы;
дәрігер қойған диагноз;
дәрігердің тиісті антимикробтық терапияны тағайындауы.
Несеп катетерінің ұшын бактериологиялық зерттеудің оң нәтиже көрсетуі зәр шығару жолдарының инфекциясын диагностикалаудың тиісті әдісі болып табылмайды.
Бактериологиялық зерттеу үшін зәрді алу оны алу техникасының ережелеріне сәйкес және стерилділікті сақтай отырып жүзеге асырылады.
Бір жасқа дейінгі балалардан бактериологиялық зерттеуге зәр алу катетерлеу немесе қуықты шат үсті пункциялау арқылы жүзеге асырылады, зәр жинағыштан алынған зәрді бактериологиялық зерттеудің оң нәтижесі сенімді болып табылмайды.
Симптомсыз бактериурияны анықтау критерийлері науқаста келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:

    1. несеп себіндісіне 7 күнге дейін қуықты катетерлеу және науқаста қызбаның (38 ° С-тан жоғары), кенеттен зәр шығаруға ұмтылудың, жиі зәр шығарудың, дизурияның, шат үсті ауырсынуының болмауы және несеп себіндісінде 105-тен астам колония / мл мөлшеріндегі микроорганизмдердің екі түрінің байқалуы;

    2. қуықты катетерлеу бактериологиялық зерттеу оң нәтиже көрсеткенге дейін 7 күннің ішінде жүргізілмеуі және пациентте бактериологиялық зерттеудің кем дегенде екі оң нәтижесінің байқалуы, бұл кезде несеп себіндісінде 105-тен астам колония / мл мөлшеріндегі микроорганизмдердің екі түрі байқалады және науқаста қызба (38 ° С-тан жоғары), кенеттен зәр шығаруға ұмтылу, жиі зәр шығару, дизурия, шат үсті ауырсынуы болмайды.

  1. Несеп шығару жолдарының (бүйрек, несепағар, қуық, несеп жолы немесе іштің немесе бүйректің айналасын қоршайтын тіндер) басқа инфекцияларын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:

    1. сұйықтық себіндісінен (несеп емес) немесе инфекцияланған аймақтан алынған тін үлгісінен патогенді микроорганизмді бөлу;

    2. визуалды тексеру кезінде немесе хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық деректермен расталатын абсцесс немесе инфекцияның басқа да белгілері;

    3. келесі белгілердің екеуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), инфекция жерінде локализацияланған ауру сезімінің немесе ауырсынудың және келесі жағдайлардың біреуінің болуы:

инфекция жерінде іріңді бөліндінің бөлінуі;
зақымдалған органның инфекциясымен салыстыруға болатын микроорганизмді қан себіндісінде бөлу;
инфекцияның болуын растайтын рентгенологиялық деректер (ультрадыбыстық, компьютерлік, магниттік-резонанстық томография немесе радиологиялық зерттеу кезіндегі патологиялық белгілер (галий, технецийлер));
дәрігер бүйректің, несеп жолының, қуықтың, ретроперитонеальды және перинефральды кеңістік инфекциясы диагнозын қоюы;
дәрігер бүйрек, уретрия, қуық, ретроперитонеальды және перинефральды кеңістік инфекцияларына қарсы терапияны тағайындауы;

    1. 12 айға дейінгі науқаста басқа себептер болмаған жағдайда келесілердің біреуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), гипотермияның (37°С-тан төмен), апноэның, брадикардияның, дизурияның, ұйқышылдықтың немесе құсудың және келесі жағдайлардың біреуінің болуы:

    2. инфекция жерінде іріңді бөліндінің бөлінуі;

зақымдалған органның инфекциясымен салыстыруға болатын микроорганизмді қан себіндісінде бөлу;
инфекцияның болуын растайтын рентгенологиялық деректер (ультрадыбыстық, компьютерлік, магниттік-резонанстық томография немесе радиологиялық зерттеу кезіндегі патологиялық белгілер (галий, технецийлер));
дәрігер бүйректің, несеп жолының, қуықтың, ретроперитонеальды және перинефральды кеңістік инфекциясы диагнозын қоюы;
дәрігер бүйрек, уретрия, қуық, ретроперитонеальды және перинефральды кеңістік инфекцияларына қарсы терапияны тағайындауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет