Жоба «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»



бет8/23
Дата21.01.2023
өлшемі72,32 Kb.
#62226
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Буын және сүйек инфекциялары



  1. Буын және сүйек инфекцияларына остеомиелит, буын немесе буынқап инфекциялары, медициналық көмек көрсетумен байланысты омыртқааралық дискілердің инфекциялары жатады.

  2. Остеомиелитті анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:

    1. сүйек тіндерінің себіндісінде микроорганизмді бөлу;

    2. хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық деректермен расталатын остеомиелит белгілері;

    3. басқа ешқандай себептер болмаған жағдайда келесілердің екеуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), локальды ісіну, ауырсыну, қызу, болжамды инфекция ошағынан бөліндінің бөлінуі және келесі жағдайлардың бірінің болуы:

қан себіндісінде микроорганизмді бөлу;
қанды зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
инфекцияның болуын растайтын рентгенологиялық деректер болып табылады.

  1. Буын немесе буынқап инфекцияларын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:

    1. синовиальды сұйықтық себіндісінде немесе синовиальды тін биоптатында микроорганизмді бөлу;

    2. хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық зерттеу деректерімен расталатын буын немесе буынқап инфекцияларының белгілері;

    3. басқа ешқандай себептер болмаған жағдайда келесілердің екеуінің: буынның ауыруы, ісінуі, ауырсыну, қызу, буыннан сұйықтықтың немесе қимыл-қозғалыс амплитудасының шектелуі және келесі жағдайлардың бірінің болуы:

Грам бойынша бояған кезде синовиальды сұйықтық үлгілерінде көрінетін микроорганизмдер және лейкоциттер;
қанды, несепті немесе синовиальды сұйықтықты антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
синовиальды сұйықтықтың инфекцияға тән және негізгі ревматикалық аурудың белгілері болып табылмайтын жасушалық және биохимиялық сипаттамалары;
инфекцияның болуын растайтын рентгенологиялық деректер болып табылады.

  1. Омыртқааралық дискілердің инфекцияларын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:

    1. инфекцияланған жерден хирургиялық араласу кезінде немесе пункциялық биопсия арқылы алынған тін үлгілерінің себінділерінде микроорганизм бөлу;

    2. зақымдалған жердегі инфекцияның хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық деректермен расталатын белгілері;

    3. басқа ешқандай себептермен түсіндірілмейтін қызба (38 ° С-тан жоғары) немесе зақымдалған жердің ауыруы және инфекцияның болуын растайтын рентгенологиялық деректер;

    4. басқа ешқандай себептермен түсіндірілмейтін қызба (38 ° С-тан жоғары) немесе зақымдалған жердің ауыруы және қанды, немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет