Жоба «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»


Қол терісін сүрту сапасын бактериологиялық бақылау



бет23/23
Дата21.01.2023
өлшемі72,32 Kb.
#62226
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
инфекциялық бақылау лекция

Қол терісін сүрту сапасын бактериологиялық бақылау
Қол терісін сүрту сапасын бактериологиялық бақылау шайынды алу арқылы іске асырылады. Шайындыны алдын ала пептонды судың 1%-дық ерітіндісіне малынған мақта тампонымен алақанның үстін сүрту арқылы алады. Қолды дезинфекциялаушы препаратпен сүрткен жағдайда тампонды алдымен 10-15 минутқа нейтрализаторға, содан кейін қоректік ортаға салады. Алынған шайындыларда St. aureus, энтеробактериялардың, Ps. aeruginosa өсуі тіркелмесе, қол терісі залалсыздандырылған деп есептеледі.


Дезинфекция сапасын бактериологиялық бақылау
Медициналық ұйымдарда дезинфекциялау тиімділігін шайындыларда St. aureus, энтеробактериялардың, Ps. aeruginosa, сондай-ақ патогенді микроорганизмдердің болмауы бойынша тексереді.
Дезинфекциялаудан кейін бұйымдардан сынама алуды сынауыққа салынған таяқшадағы стерильді мақта тампонымен немесе қағаз пакетте немесе Петри тостағанында стерильденген 5х5 см дәке сүрткішімен жүргізеді.
Сынауықтарға пептонды судың 1%-дық ерітіндісін құяды. Шайынды алғаннан кейін тампонды 10-15 минутқа бейтараптандырғышқа – дезинфекциялаушы агенттің микроб жасушасына әсерін жоятын затқа салады, бұл тіршілік ету қабілетін сақтаған микроорганизмдерге қоректік орталарда көбеюіне мүмкіндік береді. Дезинфекциялаушы агенттерді бейтараптандыру үшін келесі химиялық заттар қолданылады:
- дезинфекциялау үшін хлорлы, асқын тотықты, йодты препараттарды қолданған кезде натрий тиосульфаты (микроорганизмдердің вегетативті түрлерін бөлу кезінде 0,5%-дық ерітінді, спора түзуші микроорганизмдерді бөлу кезінде 1 %-дық ерітінді), препаратты пептонды судың 1%-дық ерітіндісіне қосуға болады;
- төрттік аммонийлі қосындыларды қолданған кезде сүт қосылған сульфанол (1 литр ерітіндіге 200,0 сульфанолды, 100,0 мл майсыздандырылған сүтті және 700,0 мл тазартылған суды қолданады);
- анионды беттік белсенді заттардың негізіндегі препараттарды, гибитанды қолданған кезде хош иісті сабын (0,5%-дық ерітінді);
- фенол, глутарлы альдегид негізіндегі препараттарды қолданған кезде су құбыры суы;
- формальдегидті немесе оның негізіндегі препараттарды қолданған кезде аммиак (0,5%-дық ерітінді).
Бейтараптандырғыштар ретінде көрсетілген заттардың стерильді ерітінділерін қолданады.
Дезинфекциялаушы агентті бейтараптандыруға қажетті уақыт өткеннен кейін зерттеуді ары қарай жүргізу үшін тампонды (сүрткішті) қоректік орта бар сынауыққа ауыстырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет