Жоба тақырыбы: Ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру жұмыстары. Жобаның өзектілігі



бет2/4
Дата10.12.2022
өлшемі78,5 Kb.
#56285
1   2   3   4
ІІ. Негізгі бөлім:
Ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру мәселесін қарастыруда қалыпты оқушыларды әлеуметтендіру мен ерекшелігі бар оқушыларды әлеуметтендіру арасындағы байланысты ұтымды пайдалану қажет. Мектеп – оқушылардың өмір тәжірибесін жинақтайтын, әлеуметтік ортаға бейімделу тәсілдерін меңгеретін шағын қоғамдық орта. Оның ішінде сынып ондағы жақын араласатын жекелеген құрбылары оқушының әлеуметтенуіне ықпал ететін факторлардың бірі. Өзара ықпалдасу, араласу, қарым-қатынас орнату нәтижесінде олар өзара бейімделеді. Қалыпты оқушылар ерекше оқушының өзгешеліктеріне қарай қарым-қатынас орнатады. Осы тұста олардың арасына педагогтер түседі: сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог, психолог, логопед, дефектолог, пән мұғалімдері және ата-ана.
Олардың басты міндеті – қалыпты оқушыларға ереше оқушының жай-күйін түсіндіріп, “терезесі тең” сипатта мәміле орнатуды көздейді. Осының өзі инклюзивті мектепте әлеуметтендірудің басты сатысы. Бұл жерде екі тарап , қалыпты оқушы және ерекше оқушы бірдей әлеуметтендіру үрдісін бастан кешеді. Оларды әлеуметтендірудің екінші бір тұсы мектепте өтетін әр түрлі іс-шараларға ерекше оқушыны тарту, қатыстыру. Бұл олардың өзіне, басқаларға сенімін арттырады. Көреді, істейді, үйренеді. Сөйтіп өз мүмкіндігін пайымдайды. Бұндай шаралардың ең маңыздысы, спорт ойындарына, сурет көрмелеріне, ән, күй басқа да шараларға қатыстыру. Бұл жағдайда әлеуметтендіру, ерекше оқушының әлеуметтік ортамен араласуы, өзін басқалармен “терезесін тең” сезінуі.
Ерекше білімді қажет ететін бала – бұл күрделі, әрі өзінше жақындауды талап етеді. Мамандардың айтуынша, бұндай балалары бар отбасында дағдарыс өмір бойы болуы мүмкін. Сондықтан ата-анадан төзім, мейірім, еңбек қажет. Олар өз міндеттерін дұрыс орындап, қамқорлық танытуы үшін осы балаға байланысты білім мен оны тәрбиелеу жолдарын меңгеруі керек. Кейбір отбасының отағасы ауыртпалықты көтере алмай ішімдікке салынуы, нашақорлыққа берілуі, тіпті отбасынан кетіп қалуы да мүмкін. Осындай жағдайларды болдырмау үшін отбасымен әлеуметтік педагог және психолог жұмысын ұйымдастыру өте маңызды. Ата-ананың білім деңгейі, қоғамдық өмірге араласу белсенділігі, үй құрылысының жабдықталуы, өмір сүру салты, ата-ананың материалдық және жұмыспен қамтамасыз етілуі, отбасы құрылымына байланысты. Сондықтан бала әлеуметтенудегі маңызды институт ол – отбасы.

Ерекше білімді қажет ететін баланы тәрбиелеуде отбасының ерекше қызметі ата-аналардың баласы үшін бірінші тәрбиешісі болуында. Ерекше білімді қажет ететін бала бойындағы кемістігіне қарамастан, есейе келе өзін қоғам азаматы, отбасының құнды мүшесі екенін сезінуі, істің нәтижелігіне септігін тигізеді.


Ерекше білімді қажет ететін балаларды қатарға қосудың ең ұтымды жолы, түзету жұмыстары арқылы күнделікті өмірге тарту. Олармен жұмыс формалалары: жеке, топтық, көпшілік әдістері; сана, сезіміне ықпал ету, іс-әрекетін ұйымдастыру, ынталандыру. Сонымен қатар ұжымдық, шығармашылық, бірлескен іске ерікті қатысу, іс-әрекет түрін еркін таңдау.

Назар аударатын мәселе, ерекше білімді қажет ететін оқушы оқшауланып қалуына жол бермеу үшін оларды басқа қалыпты оқушылармен бірлескен іс-әрекетке тарту; әр түрлі жарыстар ұйымдастыру шараларына қатыстыру; шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығына байланысты үйірмелерге тарту; олардың өзін белсенді сезінуіне, қолынан іс келетін, өзіне және басқаларға дәлелдеуіне мүмкіндік береді. Бұл олардың басқа да іс-шараларға құлшына араласуына қозғау салады. Осының өзі ерекше білімді қажет ететін баланың әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді.


Біздің мектебімізде ерекше білімді қажет ететін балалардың саны 11. Осы балалармен жұмыстану үшін жылдың басында жұмыс жоспарын жасақтап, жұмыстанудамыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет