ІІІ. Қорытынды:
Қорыта келе, ерекше білімді қажет ететін балалармен түрлі бағытта жұмыстар ұйымдастыруға болады, олардың шығармашылық, ителлектуалдық, әртүрлі бағыттағы дарындылығын арттыру мақсатында суреттер байқауын ұйымдастыруға, ойлау, есте сақтау деңгейлерін ескере отырып интеллектуалдық ойындар, жарыстар, балалардың ашылуына түрлі тренингтер, ойындар, спорттық жарыстар ұйымдастыру әр педагогтің шеберлігінен туындауы мүмкін. Бала қоршаған ортаға бейдімделіп, өзін еркін ұстауға, басқа балалардан ерекшелігі жоқ екенін сезініп өсу керек.
Әлеуметтендіру кезінде тұлғаға ықпал ету арқылы өмірде өз орнын табуға ынталандыру жүзеге асады. Осыдан келіп әлеуметтендіру жайлы тағы бір ұғым пайда болады. Ол әлеуметтендіру дегеніміз - тұлғаны қоғамдық ортада өз орнын табуға баулу. Сонымен, инклюзивті мектепте ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру, алдымен өзін басқалармен тең дәрежеде санауы, одан соң өзінің қоғамға қажеттігін сезінуі және өз бетімен өмір сүре алатындығына сенімінің артуы деуге болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010 ж
Абдигалиева А.Б, Исаева Ж.Қ, Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты. http:// WWW.enu.kz.
Әтемова Қ.Әлеуметтік педагогика. Оқулық. – Турк.2012 ж
Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану журналы. №1, 2017ж
Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені КММ
Жоба тақырыбы:
Ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру жұмыстары
Дайындаған: Әлеуметтік педагог Кадырова Арайлым Жанатовна
2020 ж
Достарыңызбен бөлісу: |