Жоба тақырыбы: Геоақпараттық картографияның мүмкіншіліктерін географиялық зерттеулерде пайдалану


Дәстүрлі және геоақпараттық картографиялау айырмашылықтары



бет2/5
Дата25.12.2023
өлшемі13,69 Mb.
#143287
1   2   3   4   5
Дәстүрлі және геоақпараттық картографиялау айырмашылықтары
Деректерді жинау
    • Геодезиялық әдістермен;
    • Қашықтықтан зондтау әдісімен;
    • Картаны цифрландыру әдісімен.

ГАҮ жасалуы
    • Обьектінің моделін жасау;
    • Аумақтың моделін жасау;

Құрастыру және жүргізу
    • Ақпараттар жиынтығы;
    • Ұйымдастыру, сақтау; жаңарту, іздеу, ГАҮ шығару.

Дайындау және геоақпаратты шығару
    • Геоақпарат

    • тық үлгі;
    • Цифрлық карта;
    • Электронды карта.

Геоақпараттық карта жасау процесі - геокеңістіктік деректерді жинаудан және алғашқы өңдеуден, аумақтың географиялық ақпараттық үлгілерін қалыптастырудан және жаңартудан, оларды аумақтық деректер банктерінде жинақтаудан және сақтаудан, пайдаланушылардың сұранысы бойынша геоақпараттық модельдерді дайындаудан және шығарудан тұрады.
1-сурет. Геоақпаратық картографиялаудың кеңейтілген сызбасы
Жерді қашықтықтан зондтау - бұл жерден келетін электромагниттік сәулеленуді тіркеу жолымен онымен тікелей байланыссыз жер беті (онда орналасқан объектілерді қоса алғанда) туралы ақпарат алу. Ғарыштық қашықтықтан зондтау жүйесін үнемі жетілдіру неғұрлым күрделі міндеттерді шешуге және алынған деректерді қолдану саласын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан зондтау теориялық зерттеулерді, зертханалық жұмыстарды, ұшақ пен жасанды Жер серіктерінің көмегімен бақыланатын алаңдық жұмыстарды қамтиды. Кейбір дамыған елдер Жер бедерін және планетааралық ғарыштық станцияларды сканерлеу мақсатында жасанды серіктерді ұшырады.
Жасанды серіктер арқылы Жерді қашықтықтан зондтау мәліметін алатын түрлі бағдарламалар бар, ол Landsat, Radarsat, Spot Image, Indian Remote Sensing, Spot imaging және Earth watch. Рентабильдік, қайталану және қабылдану жағдайы бойынша панхроматикалық бейнелерді қолдану ұсынылды.
Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану салалары:
01
02
03
04
Ауыл шаруашылығы - ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу; топырақтану; ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін, дамуын және өнімділігін бағалау; ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларын анықтау.
Орман шаруашылығы - ормандарды картографиялау; орман екпелері мен басым тұқымдылардың типтерін анықтау; жалпы алаңды өлшеу және биомассаны сандық бағалау; ормандардың жойылуын бақылау; өрттерді және өзге де қауіптерді анықтау және оларды қадағалау; орман шаруашылығы.
- Климатология және метеорология - парник әсерін тудыратын газдардың құрамын бақылау; жердің жалпы радиациялық балансын бақылау; тропосферада және атмосферада озонның құрамын мониторингілеу; бұлт жабынын бақылау; температураны өлшеу және теңіз бетін топографиялау; метеорологиялық болжау.
- Пайдалы қазбалар мен энергия тасығыштарды іздеу - шолу және өңірлік ауқымдағы геологиялық барлау міндеттері (жарықшақтықты анықтау; құрылымдық-заттық кешендерді, ірі блоктарды және сопақ-сақиналы құрылымдарды карталау; шолу тектоникалық, неотектоникалық және мұнай-газогеологиялық аудандастыру); мұнайды, табиғи газды, көмірді іздеу; жел энергиясын, күн энергиясын пайдалану үшін қажетті қашықтықтан зондтау ақпаратын алу; гидроэлектрстанцияларын құру және пайдалану үшін қажетті ақпаратты алу.
- Жерді пайдалану топографиялық картаға салу; қалалық және ұтымды жоспарлау үшін жер беті және басқа да өнімдер туралы ақпарат; объектілерді, мысалы, жолдарды, құбырларды, энергетикалық желілерді және басқа да инфрақұрылым объектілерін салу;
Жағалау аймақтары мен мұхиттарды бақылау - мұхит ресурстарын зерттеу; экологиялық мониторинг, әсіресе мұнайдың төгілуін және ластануын бақылау; жағалау ресурстарын тиімді пайдалану және инжиниринг; мұхиттың жаһандық жылу алмасу процесіне қатысу механизмін зерттеу;
Су ресурстарын бақылау – қар және мұз жамылғыларын бақылау (тұщы су қорын бақылау; теңіз мұздарының орын ауыстыруын қадағалау; су тасқындарының, селдердің алдын алу мақсатында қар жамылғыларын бағалау); жер асты суларының сипаттамасын, су сапасын анықтау; су тасқындарының мониторингі; кеме қатынасының қауіпсіздігі;
Төтенше жағдайлардың мониторингі - су тасқыны салдарын алдын алу, бақылау және бағалау; жер сілкінісіне, өртке, су тасқыны мен т. б. шұғыл ден қою кезінде ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
2-сурет. Ғарыштық түсірілім. 2008-2023 жылдар аралығындағы Каспий теңізінің ауданындағы өзгерістер динамикасы
15 жылда Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясы 7,1%-ға қысқарған. Каспий теңізінің Қазақстандық секторының су беті ауданы 2008 жылы 113 866,67 км2, 2023 жылы 105 745,23 км2 құрады. 
Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі экожүйеге де, теңіз шаруашылығына да әсер ететін бірқатар жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. ЖҚЗ мәліметтері бойынша ең осал орын – Атырау қаласына жақын жердегі Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігі,
Карта жасау үшін бірінші кезекте Алматы қаласын ықпал ету аймағы, қала маңы және қала құрылысы ерекше реттелетін аймақ деп жіктеп алған. Зерттеуге керегі ықпал ету аймағы. Аймақтың шекарасы бекітіліп, ауданы 17,44 мың шаршы метрді құрады. Оған жататын елді мекендердің саны - 215.
Зерттеу тақырыбы: Алматы қаласының (Көктем ықшам ауданы) электронды, 2D және 3D карталарын жерді қашықтықтан зондтау әдісі арқылы жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет