Жоба тақырыбы: Табиғат жер әлемінің байлығы, табиғаттың кіршіксіздігін сақтап қалуға химия қандай шешім таппақ
Мақсаты: Ғылыми зерттеу бойынша табиғат пен химияның байланысы, химияның табиғатқа деген пайдасы
Міндеті: Табиғат пен химияның байланысын анықтау
Химияның табиғатқа пайдасын анықтау
Кіріспе
Адамзат баласы ежелгі уақыттан бастап табиғатты басқарудың, ұзақ өмір сүрудің, байлық пен молшылыққа жетудің негізгі жолдарын химия ғылымымен байланыстырды. Мыңдаған жыл бойы философия тасын іздеудің өзі — осыны дәлелдейді.
Адамзат химиямен екі түрлі формада байланыс жасайды. Біріншісі — химиялық процестер мен адамзаттың тіршілік етуі, адам баласы сусыз, оттегісіз, қоректік зат есебінде қолданылатын химиялық қоспаларсыз тіршілік етуі мүмкін емес.Бұдан басқа адамзат химиямен материалдық өндірісте байланысқа түседі. Ал бұның өзі табиғат пен қоғамдағы байланысты тудырады. Химиялық технология заттың ішкі белсенділігін пайдалана отырып, механикалық және органикалық дүниенің арасында аралық орын алады.
Химиялық айналымдарды ежелгі уақыттан бастап адамдар тұрмыста қолдана бастады. Мысалы: рудадан металл қорыту, теріні илеу мен бояу, әйнек пен керамика алу химиялық жолдармен біздің эрамызға дейінгі мыңжылдықтарда қолданыла бастады. Ежелгі уақыттан басталған химизациялау процесі XX ғасырда өз шыңына жетті.«Адамзат — табиғат» жүйесінде жасанды жолмен алынған, өңделген, өзгертілген заттар толыққанды, негізгі элементтерге айналды.Полимерлерді синтездеу заттардан қасиеттері жаңартылған материалдар алу мүмкіндігін ашты.Химияның көмегімен берік, ыстыққа төзімді, тот баспайтын, созылмалы, пластикалық, электр өткізгіш, изоляциялық материалдарды жасау - техниканың, машинаның индустрия дамуынның негізгі жақтарының бірі болып саналады. Техника дамуының кез келген қадамы химизацияны соқпай өтпейді. Өндірісті химизациялаудың дамуы — еңбекті энергиямен қамтамасыз етудің жағдайын жасайды.Бұл жерде химия екі жақты түрде қатысады: біріншіден, химиялық процестердің өзі энергия көзі болып саналады (жану, электрохимиялық процестер); екіншіден, жасанды, химиялық жолмен алынған заттар энергетика саласында кеңінен қолданылады (ішкі жану двигателі, акумуляторлар, реактивті двигателдер мен атом реакторларының тетіктері тағы басқа), сонымен қатар буларға әр түрлі жасанды отын түрлері мен химиялық үстеме заттарды қосуға болады.