"Қараш-қараш оқиғасы" — повесть. Авторы - Мұхтар Әуезов. Бұл повесть 1927 жылы жазылған.
Қысқаша мазмұны
Бақтығұлдың інісі Тектіғұл Сәлмен деген байдың кесірінен қайтыс болады. Бақтығұл кек алмақ болып, Сәлменнің жылқысын ұрлайды. Сәлмен осы жағдайды біліп, Бақтығұлды сабайды. Кейін ол үміт етіп Жарасбайға көмек сұрап барады. Бірақ Жарасбай оны сатып кетеді. Оған шыдай алмай кегінің орнына Жарасбайды мерт қылады.
«Қараш-Қараш оқиғасын» талдау тақырыбына алған бұрынғы кеңестік дәуір кезіндегі зерттеушілер Бақтығұлдың әрекетін жалғыз адамның ісі, таптық күрес, көтеріліс деңгейіне жете алмады деген мағынадағы біржақты пікірде болғандығы мәлім. Әрине, бүкіл елді қамтып, мемлекеттік ауқымда жүзеге асырылатын таптық күрес, халықтық көтерілістің жүзеге асуының әбден пісіп жетілген экономикалық, әлеуметтік, саяси себептері, тарихи, кезеңдік алғышарттары болуы тиіс. Сондықтан «Қараш-Қараш оқиғасы» халықты көтеріліске шақыратын үндеу немесе құзырхат емес, әдеби көркем шығарма болғандықтан, ондағы ең маңыздысы – белгілі бір оқиға желісі арқылы идея ұсыну, тұжырым жасау және олардың оқырманға жеткізілу тәсілі, тіл шеберлігі, көркемдік қуаты, еңбектің концепциялық мақсаты болып табылмақ. Шығарма – барша адамзат қоғамының даму жолына тән оның күнгейі мен көлеңкелі тұстарын, қайшылықтар мен қақтығыстардың тамырын тануға жол ашып, әсіресе оған ең алдымен себеп болатын қорлық пен қиянат, зұлымдық пен қылмыс, сатқындық пен аярлық категорияларының сипатын аршып көрсеткен.
Бақтығұлды тәуекелге бел байлатып, қолына қару алғызып, жалғыз болса да жанкештілікпен жасап отырған ісіне жеткізген жайттар, дәл осылайынша бүкіл жер бетіндегі мыңдаған, миллиондаған адамдардың күреске шығуына себеп боларлығы кәміл. «Қараш-Қараштағы» адамдық болмысты қорлап отырған алапат әділетсіздікке ендігі төзудің, ары қарай көнудің мүмкін еместігі, шыңырауға құлатар шекке алып келген ширыққан шындық Бақтығұлдың шаңырағының басында ғана емес, кез-келген уақытта дүниенің қай түкпірінде болмасын адам баласының басына түсуі хақ.
Бақтығұл
Жалшылық етті, інісін жерледі, елден кетті, бие ұрлады, соққы жеді, Жарасбаймен достасты, ұрлық барымта жасады,сатқындыққа ұшырады, кек алды.
Кесек балуан денелі,иықты, кеуделі келген қалың тік қара мұртты көп сөйлемейтін жасы 36 -37- лерде
Төзімді, лепті, қырағы мерген, адал, еңбек қор, кекшіл, рухы таза, кедей
Жазушының суреткерлік шеберлігі
1. Тау ішінің аш қасырындай бұралып, Сарымсақтының қарағайында бір күн, бір түн бекініп жатты:
2. Қой торыған бөрідей енді жұтынып, қомданып алған дөңгелек денесі анда – санда маңайды болжағанда, алды– арты, жан – жағына шапшаң бұрылады.Барлық қозғалысына ұршықтай үйірілген жіті сергектік пайда болған.Кішкене қысық көздері жауынды тунді тіліп өткендей.
3.... Бақтығұл қоралы қойға шапқалы келе жатқан қасқырдың құйрығын қысып, басын төмен салып, елеусізденіп, сөлпеңдеп жүргені сияқты.
4. ... Далада жалғыз жорытқан көк бөріше бар сырын өз ішіне түйіп, тығып келген тіршілік мұны талдырған...
5. Қалың топырдан адасып шаң қуып қара үзіп, қаңғып қалғандай сезінді. Ел бір бөлек, бұл бір бөлек. Баяғы жалғыз жорытқан көк қасқырша өзімен – өзі ғана болып қалған қу жалғыздық күйін қайта көрді.
6. Бұл кезде Бақтығұл елден, жұрттан безіп шығып, тау ішінің жайын тағысы сияқтанып жүрген қашқын.
« Көксерек » шығармасымен байланыстыру.
Кейіпкерлері
Прототип – көркем шығармаға негіз болған адам.
Бақтығұл – Рысқұл Жылқыайдаров.
Тектіғұл – Молдабек Жылқыайдаров.
Жарасбай – Саймасай Үшкемпіров.
Сәлмен – Естемес
Сейіт – Тұрар Рысқұлов.
Қатша – Ізбайша Қорғанбайқызы.
Бұл шығармадан
« Байлардың таңы атқан, кедейдің күні батқан » тар кезеңде қожасынан қысым, қиянат, қорлық, зорлық көрген сіңірі шыққан кедейлердің әділдікті, еркіндікті аңсаған, сол кездегі қазақ халқының басында болған қиын кезеңдіРысқұлдай өжет ердің іс – әрекетімен суретегенін білдік.
1905 – 1906ж Вырный түрмесінде болған Рысқұл Тұрардың оқу оқығанын, жақсы өмірге жеткізсе оқу жеткізетінің аманат етіп айтып кетеді. Тұрар әке аманатын орындап, халқын сүйіп, еліне адал қызмет етеді. Елінің қамын ойлайтын Тұрардай, қиыншылыққа мойымайтын әділ де қайратты ер Бақтығұл – Рысқұлдай елін сүйер азамат болыңдар.