Қорытынды: Мұхтар Әуезов шығармаларындағы қорғансыздар рухы жеке адам рухынан бүкілхалықтық рухқа ұласа біледі. Суреткердің әрі ашық, әрі астарлы көркемдік-философиялық өлмес-өшпес ойларындағы ұлттық тәуелсіздік рухы, азаттық пен еркіндік сүйгені халқымыздың әрі қымбат, әрі қастерлі қайсар болмыстары, жігерлі де табанды шайқастары өміршең асқақтығымен ерекше көркемдік биіктерге жетелейді.
М.Әуезовтің әңгімелерін сөз еткенде оның бұл жанрдағы адамдардың кезең-кезеңге бөліп, жиырмасыншы жылдардағы революцияға дейінгі өмірді бейнелеп, отызыншы жылдарда совет шындығын суреттеуге көшкенін айту аз. Ол осы адымдарының әр тұсында творчестволық эволюциядан өтіп, қаламгер ретінде сатыдан-сатыға көшіп, яки өзінің суреткерлік сапарының әр адымында соны сыр ашып, тың түр тауып отырғанын айтуымыз керек. Бұл ретте Әуезов қаламынан төгілген өрнектер біздегі сөз өнеріне жаңа сапа дарытып, өзгеше бояу, ішкі қасиет боп сіңгені сөзсіз. Айталық, «Қыр суреттері». Сөзбен салынған ғажайып сұлу емес пе? Шап-шағын әңгімеге кешкі жылдың кейпі, көркі, демі, тынысы сыйып кеткен. Жан тебірентер жайдары пейзаж! Ал пейзаж – биік мәдениетті прозаға тән белгі. Демек, Әуезов әңгімелері арқылы қазақ прозасына европалық мәдениет дарыған.
Осының бәрі Мұхтар Әуезовтің эпикалық жанрдағы ұлы эпопеяға - өзінің бас кітабына барар жолдағы әрекеттері болатын. Демек, Әуезовтің әңгіме-повестері:
Бір жағынан қазіргі қазақ прозасындағы шағын және орта көлемді эпикалық түрлердің әсем үлгері болса;
Екінші жағынын, оның алда кезек күтіп тұрған бас кітабының баспалдақтары болып табылады.
Түгіндеп келсек, осы сөз болған әңгімелерді жанрлық тұрғыдан қазақ әдебиетін байытқан шығармалар деп нақты айта аламыз. Бұл пихологиялық, енді бірі – әлеуметтік, екіншісі – философиялық т.б. Барлығы да адам жанының қалтарысын, сезім құбылыстарын, замана шындығын, қоғам өмірін көрсеттуде жанрлық жағынан әр тарап болып келіп, қазақ әдебиетінің дамуына әлемдік, қала берді, классикалық деңгейде көтерілген шығармалар.
Мұхтар Әуезовтің жиырмасыншы жылдардағы әңгімелері әлем әдебиетінің озық ойшылдарының шығармаларымен сусындай отырып, келелі ой, келісті мазмұнын түп қазығы іспетті болды.
Мұхтар Әуезов шығармаларындағы қорғансыздар рухы жеке адам рухынан бүкілхалықтық рухқа ұласа біледі. Суреткердің әрі ашық, әрі астарлы көркемдік-философиялық өлмес-өшпес ойларындағы ұлттық тәуелсіздік рухы, азаттық пен еркіндік сүйгені халқымыздың әрі қымбат, әрі қастерлі қайсар болмыстары, жігерлі де табанды шайқастары өміршең асқақтығымен ерекше көркемдік биіктерге жетелейді.
М.Әуезовтің әңгімелерін сөз еткенде оның бұл жанрдағы адамдардың кезең-кезеңге бөліп, жиырмасыншы жылдардағы революцияға дейінгі өмірді бейнелеп, отызыншы жылдарда совет шындығын суреттеуге көшкенін айту аз. Ол осы адымдарының әр тұсында творчестволық эволюциядан өтіп, қаламгер ретінде сатыдан-сатыға көшіп, яки өзінің суреткерлік сапарының әр адымында соны сыр ашып, тың түр тауып отырғанын айтуымыз керек. Бұл ретте Әуезов қаламынан төгілген өрнектер біздегі сөз өнеріне жаңа сапа дарытып, өзгеше бояу, ішкі қасиет боп сіңгені сөзсіз. Айталық, «Қыр суреттері». Сөзбен салынған ғажайып сұлу емес пе? Шап-шағын әңгімеге кешкі жылдың кейпі, көркі, демі, тынысы сыйып кеткен. Жан тебірентер жайдары пейзаж! Ал пейзаж – биік мәдениетті прозаға тән белгі. Демек, Әуезов әңгімелері арқылы қазақ прозасына европалық мәдениет дарыған.
Осының бәрі Мұхтар Әуезовтің эпикалық жанрдағы ұлы эпопеяға - өзінің бас кітабына барар жолдағы әрекеттері болатын. Демек, Әуезовтің әңгіме-повестері:
Бір жағынан қазіргі қазақ прозасындағы шағын және орта көлемді эпикалық түрлердің әсем үлгері болса;
Екінші жағынын, оның алда кезек күтіп тұрған бас кітабының баспалдақтары болып табылады.
Түгіндеп келсек, осы сөз болған әңгімелерді жанрлық тұрғыдан қазақ әдебиетін байытқан шығармалар деп нақты айта аламыз. Бұл пихологиялық, енді бірі – әлеуметтік, екіншісі – философиялық т.б. Барлығы да адам жанының қалтарысын, сезім құбылыстарын, замана шындығын, қоғам өмірін көрсеттуде жанрлық жағынан әр тарап болып келіп, қазақ әдебиетінің дамуына әлемдік, қала берді, классикалық деңгейде көтерілген шығармалар.
Мұхтар Әуезовтің жиырмасыншы жылдардағы әңгімелері әлем әдебиетінің озық ойшылдарының шығармаларымен сусындай отырып, келелі ой, келісті мазмұнын түп қазығы іспетті болды.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Ахметов Ш. «Қазақ балалар әдебиеті»
2.Ақтанова А. Балалар әдебиеті. Астана: «Фолиант», 2011.-200б
3. Рүстемова Ж.А. Қазақ балалар әдебиеті. оқулық.- Алматы: Эверо, 2014.
Мекемтас Мырзахметұлы «Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары (1982),
«Абай жүрген ізбенен» (1985),
«Абайтану. Библиографиялық көрсеткіш» (1988),
«Абайдың адамгершілік мұраттары» (1993),
«Абайтану тарихы» (1994),
«Восхождение Мухтара Ауэзова к Абаю» (1994),
«Абай және Шығыс» (1995),
«Әуезов және Абай (1996),