Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде Еліміздің білім беру жүйесін дамыту стратегиясы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында»



бет1/92
Дата12.04.2023
өлшемі421,48 Kb.
#81882
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92

Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде
Еліміздің білім беру жүйесін дамыту стратегиясы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» айқындалып, оның мазмұны қоғамның даму талаптарына сай жастардың бойында білімділік пен бәсекеге қабілеттілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталып отыр. Жаңа экономикалық қатынастардың үдемелі инновациялық сипаты адам капиталын дамытуды алға қою туралы көзқарастарды тудыруда.
Білім берудің жаңа мазмұны мен нәтижелері білім алушының қоғами ортадан өз орнын бағдарлауға, білім мазмұны мен пәндерді өзі таңдауына бағытталған. Мектепте балаларды оқытудың жекелік сипаты мен оқушының мүмкіндіктерін дамыта отырып, өз бетімен білім алуын ұйымдастыру талаптары жаңа формациядағы мұғалімдерді, олардың жаңаша ойлау әрекеттері мен зерттеушілік ұстанымдарын қалыптастыруды көздейді. Бұл инновациялық үдерістер болашақ педагогтарды даярлайтын университеттердегі білім беру мазмұнын жаңғыртуды қажет ететіні сөзсіз. Сонымен қатар, жаңа өзгерістер педагогикалық білім беруді мазмұндық қана емес, әдістемелік және технологиялық қайта құруларды қамтамасыз ететін логикасын айқындап, білім берудің жаңа нәтижелеріне сай оларды тиімді ұйымдастыру қызметін белгілейді. Педагогикалық мамандықтар даярлайтын жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына оқытудың жаңа технологиялары мен әдістемелерін меңгертуге арналған пәндер енгізу бүгінгі қоғам сұранысына жауап беру қажеттігінен туындауда.
Ұсынылып отырған «Білім беру аймағындағы жобалау» пәні білім берудің жаңа парадигмасына сай оқытудағы негізгі бағыттардың бірі - педагогтың білім берушілік ролі өзгеруін теориялық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған. Біздің ойымызша, курстың теориялық және әдістемелік мазмұны бүгінгі өркениеттің ерекшелігіне сай болашақ педагогтар үшін жаңаша ойлау мен зерттеушілік іс – әрекет дағдыларын айқындауда, ізденушілік пен инновациялыққа ұмтылуда, қалыптасқан стереотиптегі түсініктерін өзгертуде белгілі бір дәрежеде ықпал етері сөзсіз. Соған орай, бұл пән болашақ мұғалімдердің өз әрекетін кәсіби қалыптасудың басты ресурсы ретінде ұйымдастыра отырып, оларды ғылыми-теориялық тұрғыдан даярлауға мүмкіндік береді деп есептейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет