Байланысты: Жобалау – о?у ?рекетіні? ерекше т?рі ретінде Елімізді? білім бер
Жобалау әрекетінің құрылымы. Жобалау әрекетінің белгілерін төмендегідей анықтауға болады:
нақты нәтиже алуға бағытталуы;
алынатын нәтиженің, өнімнің алдын – ала сипатталуы;
(эскиз түрінде тұтас және бөлігінің нақтылануы)
нәтиженің орындалу мерзімдерінің қатаң белгіленуі;
нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті шаралардың алдын – ала жоспарлануы;
жобаның түпкілікті нәтижесін қамтамасыз ететін жеке жұмыстардың нәтижелерімен олардың орындалу мерзімдері көрсетілген жоспарлы бағдарлама болуы;
әрбір әрекеттің барысын қадағалау мониторингі мен түзетіліп отыратын жағдай болуы;
жобалау әрекетінің нәтижесі ретінде алынған өнімнің алдын – ала белгіленген нәтижеге сәйкестігі тексерілуі, талдануы және одан арғы жұмыстың жоспарлануы;
Жобалау әрекеті барысында аталған жұмыстар бірінен кейін бірі кезекпен орындалады деп түсінуге болмайды. Жобаны жүзеге асыруда бірнеше әрекеттер бір мезгілде жасалып, олар бір – бірімен үйлестіріліп отырады. Бірақ олардың ішінде негізгі әрекеттер мен қосымша әрекеттер болатыны, әрқайсысының жобадағы орны қатысушыларға түсінікті болуы тиіс.
Жобаның ең маңызды ерекшелігі – жобалау алдындағы нақты жағдайдың талдану қажеттігі. Атап айтқанда, жобалау арқылы жүзеге асырылатын жұмыста сол кезге дейін қалыптасқан жағдайды талдау оны өзгертуге, орындауға деген қажеттіктің нақтылануына мүмкіндік береді.
Жобалаудың түпкі идеясы қалыптасқан жағдайды өзгертуге және түйінді проблемаларды шешуге бағытталады. Сондықтан жобалау алды талдау өзгеріс енгізілетін нысанды жан – жақты зерделеуді қажет етеді. Олай болмаған жағдайда жобалау арқылы алынған нәтиже жобаның мақсатына сай болмайды.
Жобалаудың түпкілікті нақты нәтижеге бағытталу ерекшелігі оның модельдеумен ұқсастығын көрсетеді. Қалыптасқан жағдайды өзгерту немесе белгілі бір құбылыстарға ықпал ету үшін, ең алдымен, оларды көз алдына елестету қажет. Осылайша, болашақ нәтиженің (жоба өнімінің) сұлбасы пайда болады. Берілген сұлбаны (бейнені) нақтырақ көрсету үшін оның мақсаты, орындау жолдары, т.б анықталады. Бұл – модельдеу үрдісі. Белгілі бір жағдайды модельдеу үшін оны толық білу, яғни ақпарат жинақтау қажет болады. Ақпараттың жеткіліксіз болу модельдің толық бейнесін құрастыруға мүмкіндік бермейді, осы себепті жобалау мақсаты орындалмайды.