Сегізінші қадам. Жетістіктерді жоспарлау. Жетістіктер адамның одан арғы іс- әрекеттеріне түрткі болатыны белгілі, өйткені, әр адам өзінің нәтижелі болған әрекеттерін қайталауға, оны дамытуға үнемі ұмтылып отырады. Сондықтан, ұжымдағы тәжірибемен байланыстыра жүргізілген жұмыс әуелі қарапайым жобаларды орындаудан басталса, олардың табысты болуы үлкен жобалардың сәтті жасалуына сенімділікті қалыптастырды. Табысты болған тәжірибелер, біріншіден, жобалау қызметін әрі қарай дамыту үшін аса маңызды болса, екіншіден, қатысушылардың алға қойған мақсатқа жетуде белсенділікпен қатысуға ынталандыратынына көз жеткізілді. Соған байланысты, алғашқы кезеңдердегі жобалау барысында аз уақытта нәтижеге жеткізетін өзгерістер түрлері жоспарланды. Кейбір бағыттардағы нәтижелі қадамдар қатысушыларды ғана емес, оны «бақылап» отырғандардың ынталануына мүмкіндік береді.
Бұл жұмыстың тағы бір маңызды жағы – «лидерлерге қарап үйренуге» ұмтылыс пайда болады. Қалыптасқан түсінік бойынша адам көбінесе жетістікке жеткен әріспестерінен үлгі алуға тырысатыны белгілі. Сондықтан, жоба жетекшілерінің жұмыс барысындағы іс- әрекеттері қызметтік қана емес, тұлғалық, лидерлік, менеджерлік сапаларын жетілдіруге де ықпал ететін ескеру қажет.
Тоғызыншы қадам. Ұйымдағы өзгерістерді бекіту. Жобалау зертханаларында жасалған жобаларды талдау, тиімділеріне баға беру, негізінде ұйымдарға қажетті деп табылған жобалар педагогикалық кеңестерде бекітіліп, ұйым тәжірибесіне енгізілді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында таратуға, әдістемесі мен технологияларын басылымға беруге ұсынылатын жобалар да анықталды.