Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі



бет1/9
Дата08.10.2022
өлшемі64,79 Kb.
#41965
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
жобалау ерекше іс әрекет


Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі

Педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс әрекетінің қызметтері.


Бүгінгі отандық педагогика ғылымында, педагогикалық жобалау тәрбиелеу мен оқыту процесінің жаңа күйін немесе бар процестің жаңарған түрін құрастыратын жеке ғылым ретінде сипатталады (В.П. Беспалько). Жобалау іс әрекетіндегі негізгі ұстанымдары деп зерттеушілік, аналитикалық, болжам жасау, қайта өңдеу, нормаға келтіретін принциптерді атайды.Сонымен қоса жобалауға білімді болжау негізінде практика үшін тиімді нәтижені беретін ұлттық және құрушы ұстанымдарға сәйкес келеді. Осынсымен жобалау әс әрекеті ғылыми педагогикалық іс-әрекеттерде болатын педагогикалық заңдарды айқындау мен сипаттаудан ерекшеленеді.


Жобалау әр түрлі педагогика аясында рамалық сипатта болады. Бұлай болатынының себебі, көп функционалды жобалау іс әрекеті төмендегідей сипатта да қолданылуы мүмкін:
-кең әлеуметтік білім беру контекстінде педагогикалық құрал ретінде , мысалы білім алушы ұйымдардың шеберінде корпаративті мәдениетті қалыптастыру;
-оқыту (тәрбиелеу) құралы, педагогикалық іс әрекеттің басқа түрлеріне мысалы оқу (диплом, курстық жұмяс) жобаларын жасауға қатысты қосымша рол атқаруы;
-басқа іс әрекет контекстіндегі процедуралар мысалы, білім беруді басқару;
-сол немесе басқа педагогикалық объектінің (жүйе, процес, құбылыс) жаңа(иновациялық) формасын дамыту.
«Табиғат қоғам адамнан» құралған классикалық үштіктен, жобалаудың табиғи, техникалық (инженерлік), түрлері ерекшеленеді. Педагогика және білім беру саласындағы жобалар әлеуметтік жобалар болып есептелсе оның нәтижесі гуманитарлық жоба қатарына жатады. Мұнда ескерілетіні гуманитарлы жобаның мағынасы мен мақсаты адам табиғаты мен адам қатынастарында анықталатын ерекшеліктерді жақсарту болып есептеледі.


Г.П.Щедровицкий стратегиялық жоспарында, педагогикалық жобалаудың екі түрін бөліп көрсетеді: әлеуметтік ортаға және оның жағдайына (білім берудегі әлеуметтік сұраныстарға педегогтардың өзіндік жауап беру тәсілдері) бейімделу, қоршаған ортаның өзіндік құндылықтары, мақсаттары мен ұстанымдарына сәйкес жақсарту, жетілдіру.
В.И.Слободчиков жобалаудың екі типін бөліп көрсетеді:
-білім алу, іс-әрекеттің негізгі амалы ретінде, оқыту үдерісіндегі педагогика -психологиялық жобалау;
-Сәйкес келетін процестердің жүзеге асатын білім беру институттары мен білім беру аймағындағы әлеуметтік-педагогикалық жобалар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет