Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы



бет24/50
Дата02.05.2023
өлшемі120,42 Kb.
#89182
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
31.Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуыОқытудың құрылымдық кеңістігінің тағы бір бөлігі –уақыт. Білім беруде уақыт өте нақты белгіленген, мысалы, сабақтың сыныпта немесе үйде орындалу уақыты бар, сабаққа даярлану уақыты, сондай–ақ жеке өзіне арналған уақыттары белгіленген. Тиімді ұйымдастырылған жобалау қызметінде қатысушылардың уақытты тиімді пайдалану жоспарланады.Сондықтан, педагогтар жобаны орындаудағы компоненттері–жұмысты ыңғайлы кестемен орындау, уақытын, көлемін, ұзақтығын ескеруі қажет.
Мысалы, жобаның барлық компоненттерін тұтас сақтау бастауыш мектептерде мүмкін емес. Ондағы басты мүдде–оқушыларға шағын шығармашылық тақырыптар беру арқылы сабақ оқуға маңызын арттыруға болады. Бұлар қысқа мерзімді тапсырмалар, мини–жобалар–кіші жастағылар үшін сабақ үстінде өткізіліп, оқу жоспарына енгізілсе – олар оқушыларды дамытуға мүмкіндік береді.Негізгі мектепте 5–6 сыныптарда нақты жоба жасау басталады, олар жобаның өзін жасауға кіріседі. Міне, осы кезден бастап оқушылар үшін өз уақытын басқару қажеттігі пайда болады.Жобалау барысындағы уақытты басқару талаптары негізінен жоспарлау және бақылауды орындауда қойылады. Оқушылардың жобалау әрекетінің бірнеше қарапайым ережелері оқушыларға түсіндірілсе, олардың игеріп алуына жағдай жасалады.Біріншісі, ең алғашқы жасайтын жобаларынан бастап, оның орындалу мерзімін анықтап алу қажет. Соңғы нәтиже(өнім) тек қана белгіленген мерзімде қабылданады, кешігу болуы тиіс емес. Педагогтар оқушыларға жоба мерзімінен кешіксе олардың бағалары төмендейтінін ескертуі керек;Екіншісі, жобалау кезеңдерін белгілеп, оның әр кезеңінің аяқталу уақыттары анықталады. Сонымен қатар, осы жерде әрбір кезеңнің нәтижесі белгіленеді (мысалы, жоба идеясын қорғау, эскизін қорғау, орындалу құралдарын таңдау, т.б.);Үшіншісі, оқушыларға педагогтан көмек, кеңес алу мүмкіндігі беріліп, оның кестесі де күні бұрын келісіліп, белгіленеді;Төртіншісі, бұл педагогтың міндеті–оқушылардың жоба жұмысын бастан–аяқ қадағалап отыру, топпен жұмысты бақылау, пән бойынша немесе басқа адамдармен қарым– қатынасы жобалау барысы, т.б. түгел қамтылып отыруы тиіс, қажет болған жағдайда, араласу, қолдау қажет;
Жалпы алғанда, жобалық жұмыс сабақ үстінде, сабақтан тыс, бос уақыттарын да қамтып, кеңей беретін әрекет екенін түсінгенде оның уақыттық талаптарын сақтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет