Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


Жобалау және жобалауға қабілеттілік



бет26/50
Дата02.05.2023
өлшемі120,42 Kb.
#89182
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Байланысты:
Жобалау аа-аа 69. А. Файоль сын ан бас ару рлымыны жетістігі

34. Жобалау және жобалауға қабілеттілік. Білім берудегі жобалау әрекеті арқылы оқушылардың түрлі қабілеттілік сапалары мен құзыреттіліктері артатыны-олардың ақпаратты ала білуі, оны сұрыптай және өңдей отырып пайдалана білуі, өз бетімен және топпен жұмыс істееу, тұлғааралық қарым-қатынасты ұйымдастыру, проблеманы анықтай алу мен оны шеше білу, т.б. дағдылары қалыптасатын белгілі.
"Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2011-2020 жылдарға дейінгі дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында" білім берудің жаңа нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру деп белгіленіп отыр. Сондай-ақ құзыреттілікке бағытталған Жалпы орта білім беру стандартында орта білім беру мақсаты- "білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы олардың танымдық қабілеттерін, алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ету" деп сипатталған. Онда әр білім саласы бойынша түйінді және пәндік құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтау қажеттігі және түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына сәйкес пәнаралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы қалыптасып, дамитыны атап өтіліп, түйінді құзыреттерге: ақпараттық, коммуникативтік, проблемалардың шешімін табу құзыреттері жатады делінген
47. Жобалауды педагогикалық жүйелер тұрғысынан қарастырудың мәні.
Білім берудегі жобалау және педагогикалық жобалау түсініктерінің ӛзіндік мәні жӛнінен де, мағынасы жӛнінен де бір бірінен айырмашылығы бар. Білім берудегі жобалауды менеджменттік, экономикалық және құқықтық, т.б. салаларда қолданылу мүмкіндігіне қарай оны педагогикалық шеңберден тыс қарастыруға болады. Сӛйте тұра, гуманистік педагогика қағидаларына сай алатын болсақ, білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған кез келген әрекет педагогикалық құндылықтармен, адамилық тұрғылармен сәйкес жүргізіледі. Сондықтан, білім берудегі жобалау әрекетінің педагогикалық қызметтерді де атқаратыны белгілі. Жобалау әрекетінің мүмкіндіктері ақпараттық– коммуникативтік технологияның дамуымен де кеңейді, сӛйтіп, білім беру үдерісіне қатысушылардың жобалау кеңістігі қалыптасты деп айта аламыз Педагогикалық жобалау–педагогтар мен оқушылардың, педагогикалық қоғамның қарым- қатынасының жаңа түрін, білім берудің жаңа мазмұны мен жаңа технологияларын, педагогикалық әрекеттің жаңа амалдары мен түрлерін қалыптастыру үдерісі деп анықталады. Педагогикалық жобалау бірнеше деңгейлерде жүзеге асырылады. Нақтырақ айтқанда, жобалау әрекеті негізінде пайда болатын ӛнімнің, нысанның нәтижесіне, қолданылуына байланысты қойылатын талаптарға орай білім беру жобалары тұжырымдамалық, мазмұндық, технологиялық және процессуалдық (үрдістік) деңгейлерде жүзеге асырылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет