Байланысты: Жобалау аа-аа 69. А. Файоль сын ан бас ару рлымыны жетістігі
10. Жобалау – педагогикалық демократиялық қатынас құралы ретінде
Жобалау әдісі білім беру ресурсы ол оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту.Жобалау әдісі біріншіден – қандай да бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды.
Жобалау әдісі тек оқу материалдарының өнімді игерілуін ғана камтамасыз етпей, адамгершілік, өнегелік, өз бетімен жұмыс жасау, мұғалімге, оқушылардың бір-біріне кеңпейілді дұрыс көзқарас, тілдік қарым-қатынасқа бейімділік, бір-біріне көмекке келу сиякты қасиеттерін бекітеді. Мұнда бәсекелесу, күндеу, менмендік, дөрекілік, авторитарлық сияқты дәстүрлі педагогикамен жиі қалыптасатын қасиеттер жобалау технологиясымен қиылыспайды.
Жобалау әдістемесі жаңа педагогикалық жеке тұлғаға бағытталған технология ретінде гуманистік бағыттың негізгі принциптерін айқындайды:
Оқушының жеке тұлғасына ерекше көңіл бөлінуі;
Нақтылық, оқушыларды қиын қыстау ойлау қабілетіне бағыттау;
Педагогикалық жобалау –кез келген мұғалімнің кәсіби қызметі(оқушылармен өзара қарым қатынас жасау мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін іздестіру) болып табылады. Педагогикалық жобалау алдыңғы іс-әрекетке қолайлы жағдайлар туғызу және оның нәтижелерін алдына ала болжау. Жобалық әрекет қоғамдық сипатты айқын көрсетеді. Бұл жоба мәселесін таңдауда әлеуметтік келісіммен, жобалауда коммуникацияның күрделі түрлерін қолданумен, басқа адамдармен пәндәк не кәсіби салада өзін-өзі басқару қажеттілігімен, әлеуметтік маңызды нәтижеге жетумен байланысты.
Педагогикалық жобалаудың пайда болуы. Зерттеушілікке бағытталған жобалау әрекеттері педагогикалық белсенділіктің қайнар көзі ретінде мәдениет тарихында ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді. Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: «адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың өздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жөн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап отырмайды».
Педагогикалық идеялар мен тәжірибенің даму барысында Сократтың әңгімелесу әдісі мен Ф.Динтердің дамытушы катехизация әдісіне, одан А.Дистервегтің эвристикалық әдісіне қарай жүретін бағдарлар да болғаны белгілі.