Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


Жобалауды ұйымдастырушылық мәдениеттің жаңа түрі ретінде қарастыруға мысал келтіріңіз



бет20/50
Дата02.05.2023
өлшемі120,42 Kb.
#89182
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
Байланысты:
Жобалау аа-аа 69. А. Файоль сын ан бас ару рлымыны жетістігі

61. Жобалауды ұйымдастырушылық мәдениеттің жаңа түрі ретінде қарастыруға мысал келтіріңіз
Индустриалдықтан кейінгі деп аталатын әлеуметтік қоғамның күшті ықпалымен ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалық-технологиялық жаңа түрі пайда болуда. Оның негізінде ғылым мен өнер, адам психологиясы мен оның әлеуметтік ортамен, қоғаммен қарым -қатынасын жобалау тұрғысында қарастырылуы белең алып келеді. Сөйтіп, жобалау қазіргі заманға тән ойлаудың стильдік қасиетіне, бүгінгі күн мәдениетінде адамның шығармашылық әрекеттерінің барлық қырларын қамтитын басты типтік белгісіне айналып келеді. Бүгінде әлеуметтік-қоғамдық ғылымдар саласында жобалау кеңінен зерттеле бастады. Ол негізінен жобалау қызметінің әлеуметтік контекстінде қаралып, әлеуметтік болжау мен жоспарлауға қарама–қарсы қойылуынан байқалады. Білім беруде жоба әрекеті жиі педагогикалық әрекеттің басқа түрлеріне қатысты қосымша рөлді орындай отырып, тәрбиелік білім берудің құралы болып табылады. Оған мысал ретінде оқу жобаларын (диплом, курстық жұмыс) жатқызуға болады. Жобалау педагогтар мен қатысушылар әрекетінің екі негізгі сызығына бағыттала отырып, педагогикалық өзара әрекеттің ұйымдастыру формасы бола алады.
16. Жобалау және жүйе құрамындағы қажеттілік және жеткіліктілік түсінігі
Жобалау және жүйе құрамындағы қажеттілік – жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін обьективті түрде керек нәрсеге мұқтаждық, белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субьект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатты іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады. Қажеттілікті тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудың орталық міндеттерінің бірі болып табылады.
Педагогикалық жобалау – инновациялық процесс. Ол өзгеріске қажеттілікті анықтаудан өзгерістерді жүзеге асыруға дейінгі нақты кезеңдерден өтеді.
Мысалы: Жеке қажеттіліктер олар жеке адамның немесе адамның қажеттіліктері және олар екі түрлі болуы мүмкін:
Табиғи: Олар бірінші кезектегі қажеттіліктер: тамақтану, су ішу және т.б.
Әлеуметтік: Мәдени сипаттағы адамдар: сағат тағу, үйлену тойын тойлау, галстук тағу және т.б.
Ұжымдық қажеттіліктер олар топтардың немесе қоғамның, яғни азаматтардың жеке тұлғалардың қажеттіліктері: қоғамдық көлік, қауіпсіздік пен тәртіп және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет