Байланысты: Жобалау аа-аа 69. А. Файоль сын ан бас ару рлымыны жетістігі
48.Жобалау әрекетінің педагогикалық мәні. Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман дайындау барысында алда тұрған міндеттерді шешудің негізгі жолы сабақта жобалау әдісін қолдану болып табылады.
Жобалау әдісі ХХ ғасырдың басынан басталады. Бұл әдістің ғылыми негізін қалаушылар: Д. Дьюи, Килпатрак, Снедден, Ричардс.
Сол кездің өзінде АҚШ ғалымдарының арасында жобалық жұмыстарды – жұмыс техникасына немесе дидактикалық концепцияға жатқызу туралы мәселе пікірталас туғызған болатын.
Жобалау идеясы, жобалау әдісі ең алдымен жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқытуға қарсы бағытталған бағдарлама ретінде қарастырылды.
Бірақ, қазіргі таңда, кәсіптік білім беретін орындарында да қолдану іске асырылуда. Мысалы, Алматы индустриалды колледжінде жобалау әдісін қолдану әрбір оқытушының міндетіне айналған.
Уақыт өте келе жоба әдісі кейбір өзгеріске ұшырады, бірақ оның мәні өзгермей қалды. Бұл әдістің әлемнің көп елдерінде кеңінен қолданылу себебі білім алушылардың әр түрлі пәндерден алған білімін мәселені шешу кезінде біріктіруге көмектесуінде, алған білімді тәжірибе жүзінде қолдана алуында, ол кезде жаңа ойлар пайда болады.
Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ұғымы педагогика саласында ғана емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б.
Біздің жағдайымызда жобалау әдісі деп – сабақтың өткізілу түрі айтылады. Сонымен қатар жобалау әдісі – білім алушы мен оқытушының бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады. Өзім Алматы индустриалды колледжінің білікті мамандарының арқасында сабақ беретін оқытушы ретінде жас маман болсам да, жобалау жұмыстарына байланысты жобалау сабақтары, жобалық апталықтар, жобалық жұмыстарын жүргізе аламын. Жобалық жұмыстар орындалу мерзіміне қарай ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қазірдің өзінде білім алушым Оразақын Аидамен бірігіп, орташа мерзімді ғылыми жобаларды орындап, қорытындысы бойынша қала, республика көлемінде өткізілетін конференцияларға қатысуды бастадық.
Жобалау әдісі – оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту тәсілдері жиынтығы. Бұл әдіс – білім алушыларға әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді.
Жобалау әдісі білім алушыларға тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда және презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бұл әдіс қарым-қатынастың жаңа түрін үлгілеуге арналған. Жобалау білім алушының өз бетінше ойластырып, жүзеге асыруға арналған жұмысы. Зерттеу барысында білім алушының бойында жұмысына қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады:
– өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады.
– алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады.
– өз бетінше алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді.
– мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге және дамытуға жағдай жасайды.
– мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға үйренеді.
– әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады.
– аудиторияның алдында сөйлеуге, ойын дәлелді және логикалық жүйелікпен жеткізуге, аудиторияны өзіне қарата білуге дағдыланады.
– өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдыланады.
– шешімі қиын сұрақтарды өз бетінше шеше біледі.
-өз көзқарасын дәлелдеп, шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысады.