39 Оқушылардың жобалау әрекетінің түрлері Оқушылардың жобалау әрекеті қатаң реттелмейтін, кӛбіне олардың еркіндігін дамытуға бағытталғандықтан педагогтың жобалау іс-әрекеттеріне де еркіндік, ӛзгермелілік тән болады. Түрлі жағдайларға байланысты (топтағы болуы мүмкін түсінбестіктер, кейбір жобалардың сәтсіздігі, оқушының келмей қалуы, т.б) педагог кӛптеген ӛзгерістер ендіруі, ситуациялардан шығудың тиімді жолдарын анықтауы қажет болып отырады. Олардың барлығы да оқушылар жобасының, сонымен қатар, педагогикалық жобаның табыспен жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Қорыта келе, жобалау барысындағы педагогтың ісәрекеттерін жобалау әрекеті және басқару әрекеті деп екіге бӛлуге болады:
– білім берудің жаңа нәтижелерін (оқушылардың жаңа сападағы қабілеттерін дамытуды) жобалайды;
– оқушылардың жобалау әрекетін басқарады;
75.Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру тақырыбы сынып,негізгі кезеңдері.
Оқытудағы жобалау. Әлеуметтік – мәдени контексте алғанда жобалауды оқыту әрекетін басқарудың түрі деп қарастыру және оның ерекшеліктерін ескере отырып, жобалау арқылы оқушыны дамыту міндеттерін орындау мүмкіндігі белгілі. Бірақ бұл жағдайда жобалау әрекетін ұйымдастыру әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен бірдей деуге болмайды.Жобалау әрекеті мектеп жасындағы оқушының барлығына да бірдей жүргізілмейді, ол әр сатыдағы (бастауыш, негізгі, жоғары сыныптар) оқушылар үшін түрлі қызмет атқарады, түрлі мақсаттар қойылады және түрліше орындалады.Мектепте ұйымдастырылатын жобалаудың мақсаты өнім алу ғана емес. Оқушы үшін жобалау әрекетіне қатысу оның өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылуына ықпал етсе, мұғалім үшін ол педагогикалық міндеттерді орындау құралы болып табылады. Сондай – ақ, жобалау әрекеті оқу әрекетін түгелдей алмастыра алмайды және ол мектепте жүргізілетін жұмыстардың жалғыз ғана тиімді түрі деп те есептелмейді.
Жобалау – оқушылардың өз бетіндік оқу әрекеттерін ұйымдастыруда олардың белсенділігін арттыруға бағытталған құралдардың (технологиялардың) бір түрі.Оқушылардың жобалау әрекеттерінің басты ерекшелігі – оның білім берумен тығыз байланыстылығында. Жалпы білім берудің өзін әлеуметтік жобалауға жатқызуға болады, бұл жағдайда жобалау субьектісі – қоғам болып табылады.