Жобалау технологиясы есебінен берілетін жобалау сабағы
Жобалау сабағы («проект»-латын тілінен енген, «алға тасталған ой, алға шығып сөйлеуші») алдын-ала жоспарланған, алдына қойған түпкі мақсаты бар сабақ болып табылады.
Жобалау сабағының ерекшеліктері:
Жобалау сабағының басында басты мәселе қойылады;
Жобалау сабағының ортасында мәселе шешіледі (жобаланады);
Жобалау сабағының соңында жобаның тұсаукесері жасалынады, жоба қорғалады.
Мұғалім оқушылармен бірігіп жоспар құрады, жұмыс жасау әдістерін талдайды;
Оқушылардың өмір тәжірибесі, қазіргі өмір шыңдығы пайдаланылады;
Сабақтың бір бөлігін жүргізу оқушыға жүктеледі;
Оқушылар өздері мәліметтер іздейді, шешімдер қабылдайды, тапқан материалдарын өңдейді, баяндайды, т.б.
Жобалау сабағының кезеңдері:
Дайындық кезеңі
негізгі тақырыпты түсіндіру, талдау, өз ойларын айту;
тақырып бойынша тірек сөздермен жұмыс істеу;
қосымша материалдар енгізу.
II. Тақырыптарды бөлу:
оқушыларды топтастырып, әр топқа тақырыпшалар беру;
тақырыптарды талқылау.
III. Тақырыптарды нақтылау:
жоспар құру;
тапсырмаларды бөлу;
рөлдерді бөлу (кімне істейді, қашан, қалай, кіммен істейді?)
IV. Мәліметтерді жинау, ақпарат қорын жасау:
теле-радио хабарлардан мәліметтер;
интернет желісінен алынған мәлімет (веб-сайт, слайд);
арнайы жүргізілген зерттеуден алынған жаңа мәліметтер.
V. Жиналған мәліметтерді тұсаукесерге даярлау:
материалды өңдеу, реттеу;
жобаны жасау, көрме жасау, плакат дайындау, т.б.
VI. Тұсаукесер:
әрбір өз жобасының тұсаукесерін басқа оқушылар алдында айтып түсіндіреді, көрсетеді;
ғылыми жобаның ерекшеліктерін, практикалық маңыздылығын ашады;