Жоба әдісі оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру тәсілдерінің бірі ретінде Орындағандар: Алламбергенова А Шонгаева У Мендибаева Д Жумабаева М Жобалау технологиясы
XXI ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат Оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Жобалаудың жалпы құрылымы
1. Алдымен жобаның тақырыбын, типін таңдау, қатысушының санын анықтау.
2. Зерттеудің маңыздылығы тақырыптың аумағында болу үшін, мұғалім мәселелердің тиімді жақтарын ойлау керек. Мәселені мұғалімнің көмегі (мәселені анықтайтын сұрақтар, жағдайлар) арқылы оқушылар өздері ортаға шығарады, бұл жерде ұжымдық талқылау арқылы «ой қозғау» өткізіледі.
3. Міндеттерді топтарға бөлу, зерттеу әдістерін талқылау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау.
4. Жобалауға қатысқандардың дербес және топпен зерттеулерін, шығармашылық міндеттері бойынша өздік жұмыстарын бақылау.
5. Алған ақпараттары бойынша топтар арасында аралық талқыға салу (сабақта, ғылыми орталықта, топпен жұмыста, кітапханада).
Жобалау әдісіне қойылатын талаптар:
зерттеудегі шығармашылық жоспардың проблемалары мен міндеттерін кіріктірілген білімді, оны шешу үшін ізденушілігін талап ету;
-практикалық , теориялық , танымдық нәтижелердің көрсеткіштері;
-оқушылардың өздігінен іс-әрекет етуі;
-жобалаудың мазмұнының құрылымы.
Жобалау әдісінің алгоритмі:
1. Мәселе (нендей нәрсе үшін оқу керек, қандай нәтиже, қарама-қайшылық, себепті анықтау, қарама-қайшылықты нақтылау)
2. Жобалау (топқа бөлу, ақпарат көздерін анықтау, нәтижені көрсету үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді анықтау, бағалаудың критерилерін құру, әр оқушының міндеттерін бөлу, кім немен айналысады).
3.Ақпарат көздерін іздестіру (өздігінен). Негізгі құралдар: сұхбат, сұраулар, бақылау, эксперимент.
4.Нәтижені қорытындылау соңғы нәтижені көрнекілеу, қорытындыны айғақтау.
5.Презентация(фестиваль түрінде, жобалауды қорғау, ауызша есеп беру, жазбаша есеп беру, видеофильм, альбом).
Жобада оқытушы сарапшы, үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді беруші рөлін атқарады. Өз күшімен жоба-тапсырманы орындауда тіл үйренушілер өз жұмыстарын жоспарлау, оның нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс істеу сияқты өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.
Жобалай оқыту технологиясы арқылы орындалатын жұмыстарды өз деңгейінде дұрыс ұйымдастыру үшін олардың типтерін білу – басты талап. - Жобалай оқыту технологиясы арқылы орындалатын жұмыстарды өз деңгейінде дұрыс ұйымдастыру үшін олардың типтерін білу – басты талап.
- Жоба түрлері
1) әрекет түріне қарай: зерттеушілік, шығармашылық, рөлдік, қолданбалы
2) пәндік-мазмұндық сипатына қарай: пәнаралық;
3) қарым-қатынас тәсіліне қарай: тікелей қарым-қатынас; коммуникациялық технология;
4) үйлестіру сипатына қарай: тікелей, жанама;
5) байланыс сипатына қарай: аймақтық, оқу орнында орындалатын және халықаралық;
6) қатысатындардың санына қарай: жекелік, жұптық, топтық;
7) орындалу уақытына қарай: қысқа мерзімдік, орта мерзімдік, ұзақ мерзімдік деп іштей топтастырылады
Оқушыларды ғылыми жобаға баулу
Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда оқытушы оқу үдерісін сабақ беру логикасына бағындырмайды, керісінше, оқушының білімді өздігінен игеру логикасына бағыттайды. Тәжірибеде жобалай оқыту технологиясы арқылы ұйымдастырылатын өздік жұмыстарында оқытушы мынадай педагогикалық шарттарды ұстанса, табысты нәтижеге қол жеткізілетіні анықталды.
оқушыларға қызықты және өзекті тақырыпты таңдау мүмкіндігін беру;
оқушыларға жобаны іске асыруға қажетті әдістерді өз еркімен пайдалануын жүзеге асыру;
топтық жұмыста рөлдерді өздеріне таңдату;
оқушылардың зерттеу қызметінде олардың ізденісін қолдау, демеу жасау;
сағаттар кестесін қатаң сақтай отырып кеңес беру;
кезеңаралық жұмыстарды қорытындылауды ұйымдастыру;
оқушылардың жасаған жоба жұмыстарын өзара, өзін-өзі бағалау жүйесін енгізу;
Қорытынды - Қорытындылай келе, білім беруді аталған жобалай оқыту технология негізінде ұйымдастыру – оқушының өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына , оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше атап өтпекпін.
Достарыңызбен бөлісу: |