Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын


Жобалау және жобалауға қабілеттілік



бет78/263
Дата27.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#110820
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   263
Жобалау және жобалауға қабілеттілік. Жобалау проблемасының тағы бір аспектісі бар, ол жобалаушы адамның қандай қабілеттері болуы қажет.Жоба нәтиже ретіндегі белгілі бір өнім алуға, жасауға байланысты қолданылатын ұғым, ол өнім материалдық немесе идеалдық тұрғыларда қарастырылады және ол белгілі бір проблеманы шешу үшін қажет болады.
Психология ғылымында «Өнімді ойлау» (продуктивное мышление) деген ұғым бар, ол шығармашылық ойлау деген ұғымның синонимі ретінде адамның жаңа тұрғыдағы, жаңа деңгейдегі интеллектуалдық міндеттерді шеше білуімен байланыстырылады. «Өнімді ойлаудың» негізгі кезеңдері төмендегідей белгіленеді:

  1. тақырыптың пайда болу кезеңі (жұмысты бастауға қажеттік), қалыптасқан жағдайды талдау;

  2. проблеманы анықтау кезеңі: тақырыпқа сәйкес идеялық – тұжырымдамалық немесе бейнелік – символикалық модель құрылуы; модель ішінде проблема туғызатын қайшылықтарды айқындау арқылы проблема нақты көрінеді;

  3. проблеманы шешу кезеңі: бұл кезеңде болжау жасалып қана қоймай, ол тексеріледі, дұрыс болған жағдайда проблеманы шешу жолдары белгіленеді;

  4. проблеманы шешудің оны обьект ретінде қарастырудың, жүзеге асырудың техникалық, орындаушылық кезеңі;

Бұл әрекеттер негізінен проблеманы шешу жолдарын ойша іздеудің сипатталуы екені көрініп тұр. «Өнімді ойлауды» сипаттау барысында ең маңызды әрекет – ойлау актісі, өйткені онда ойлану арқылы болжам құрылады, тексеріледі.
«Өнімді ойлаудың» екінші кезеңінде проблеманы анықтау, оны бейнелік, тұжырымдық немесе символдық тілде құрастырып, қайта қарау. Бұл – модельдеу кезеңі, оны түрліше құруға болады. Жобалаушыға қажетті «Өнімді ойлау» қабілетінен басқа – креативтік ойлау әрекетін жүзеге асыра алу – аса маңызды. Креативтілік проблеманы шешуде белгілі әрекеттерді орындауға бағытталған формальды түрдегі интеллектке жатпайды, ол – жаңа идеяларға бейімділік. Креативтілік деңгейін диагностикалау да адамның «дұрыс» жауапты таңдай білуі емес, проблеманы анықтай алуынан бастап, оны шешудің бірнеше тың жолдарын күтпеген, бұрын қарастырылмаған жағынан ұсына білуі бағаланады.
Креативтіліктің тағы бір ерекшелігі – қарама – қайшылықтары көре білуі және одан туындайтын проблеманы, болжамын жасай білу арқылы шешу жолдарын анықтап, нәтижесіне дейін жеткізе білуі.
Кесте 6 - «Өнімді ойлауға» және «жобалауға» тән түсініктер
«Өнімді ойлауға» тән түсініктер «Жобалауға» тән түсініктер

  • Өнімді ойлау әрекеті

  • Креативтілік

  • Проблеманы шеше білу

  • Шешім қабылдау

  • қалыптасқан жағдайды талдау

  • қайшылықтарды көре білу

  • болжам жасау, тексеру, қадағалау

  • нәтижеге қол жеткізу

Жоғарыдағы 6-кестеге көңіл аударсақ, түсініктік, ұғымдық ақпараттары әр түрлі болғанымен психологияның әрекет ретіндегі өнімді ойлаудың бойында ұйымдастырушылық әрекет түрі ретіндегі жобалаудың барлық аспектілері бар екені, олардың логикалық және бірізділік сапалары ұқсас екені көрінеді.


Психологтардың пікірінше, ойлаудың түрлері туралы теориялар бірін – бірі толықтырып отырады деуге болмайды. Өйткені олар интеллекттің формальдық теориясы сияқты бір – біріне тәуелсіз түрде пайда болады және дамиды. Дәстүрлі білімдік парадигма XX ғасырдың аяғына қарай қажет бола бастаған жаңа индивидтік қасиеттерді түсіндіру, сипаттау үшін жеткіліксіздігі белгілі болды. Соған орай, көптеген теорияларда индивидтің туындаған проблемаға қатысты талдау жасау, ситуацияны модельдеу, шешім қабылдау әрекеті және ол үшін өз жауапкершілігін мойындау сияқты сапаларын басым көрсетіле бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет