Негізгі сұрақтар: Оқу және техникалық жобаларға қойылатын негізгі талаптар.
Әлеуметтік педагогикалық жобалар.
Тұлғалық қалыптасу жобалары. Педагогикалық іс-әрекеттің даму жобасы.
Негізгі: 1. Масюкова Н. А. Проектирование в образовании. - Минск, 1999.
2. Гагин Ю. А., Дмитриев С. В. Духовный акмеизм биомеханики. - СПб., 2000.
3. Соколов В. М. и др. Проектирование и диагностика качества подготовки преподавателя: Монография. - М., 1993.
Қосымша: 1. Беспалько В. П. Основы теории педагогических систем. - Воронеж, 1977.
2. Вопросы воспитания: системный подход /Под ред. Л. И. Новиковой. - М., 1981.
3. Громыко Ю. В. Проектирование и программирование развития образования. - М., 1996.
13-семинар. Білім беру мазмұнын жобалау. 1. Орта оқу орындарындағы оқытудың мақсаты
2. Оқытудың мақсат мәнін айқындайтын деңгей
3. Білімнің мазмұны. Білім берудегі мемлекеттік стандарт
4. Оқу жоспары,оқу бағдарламасы, оқулық. Оларға сипаттама. Педагогикалық жүйені айқындайтын негізгі компоненттердің бірі - білім берудегі мақсат. Ол қоғамның қажеті мен талабына, әлеуметтік жағдайына үйлесімді саясатына байланысты. Ал педагогикалық жүйені құрудың мақсатын белгілеу дидактикалық- психологиялық талаптар негізінде айқындалады.
Дидактика тарихын зерттеуші ғалымдардың оқыту мақсаты жөніндегі пайымдауларын негізге алғанда бұл саладағы пікірлерді екі топқа бөліп қараған жөн. Бірінші топтағылар оқытудағы мақсат - тұлғаның ақыл-ойын, есін, қабілетін дамыту деген түсінікті ұстанады. Сол себепті педагогика ғылымында бұларды «Формалдық білім берушілер» деп атайды. Ал екінші топтағылардың ұстанымы - білім берудін мақсаты ғылым негіздерін меңгертіп, өмір үшін кажетті де нақты түсінік қалыптастыру деп түсіндіреді. Осы орайдан бұларды “білім берудегі материалистік” көзқарастағылар деп атайды.
Қазіргі дидактикада түлғаның дамуы білім негіздерін меңгеруге тәуелді деген ұстанымды тұтынады. Сондықтан да білім негіздерін меңгеруде жалпы білімдік мақсатты айқындайтын міндеттерді былайша белгілейді:
Оқушыға жүйелі түрде білім беруде табиғат, қоғам, техника, мәдениет туралы білімдендіріп, шәкірттің алған білімін тиісті деңгейде өмірге үйлесімді ілгері дамытуға бейімдеуді қамтамасыз ету;
Оқушының қызығушылығын, қабілетін, ақыл-ойын, зейінін, қиялын, есін, сезімін, ерік қасиеттерін, таным-түсінігін және практикалық іскерлігін дамыту; негізгі де басты бағдар орта оқу орнын бітіруші өзін-өзі жетілдіріп, білімдік таным қабілетін, ойлана білу деңгейін өрістетіп дамыту;
Ғылыми көзқарасын, имандылық, адамгершілік, эстетикалық т.б. сапалық қасиеттерін қалыптастыру;
Өзін-өзі білімдендіру қабілетін қалыптастырумен қатар, өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге деген қажеттілікті өрістете түсу керек, өйткені дамудағы көз ілеспейтін жылдамдық, заман талабы тоқтаусыз өркендеуді қажет ететіндіктен әр тұлғаның үнемі оқып ізденуін талап етсе, оларды сол деңгейде болуға баулу негізгі шартқа айналғандығын әмісе ескеру;
• Өндірістің негізгі түрлері мен ондағы атқарылатын еңбекті ұйымдастырып, басқару жүйесі жөнінде білім беру және техникалық құрылымдарды пайдалана алу жолдары туралы тиянақты түсінік қалыптастыру жағын қадағалау керек.
Білімнің мазмұны. Білім берудегі мемлекеттік стандарт. Қазіргі кезеңдегі білімнің мазмұнын айқындауға қойылатын басты бағдарлардың бірі - мемлекеттік стандарт, былайша айтқанда, мемлекеттік жұйедегі бірыңғай норма мен талапты жүзеге асыру міндетін шешу. Кеңестік кезеңдегі орта мектептер біртекті, бірыңғай жүйеде болды да, жоғарыдан жасалған оқу жоспары мен пән бағдарламалары негізінде оқылатын. Онда аймақтық жергілікті ерекшеліктер мен оқушыньщ тұлғалық өзгешеліктеріне мән берілмей эмпирикалық жүйе жүзеге асырылатын. ТМД (тәуелсіз мемлекеттер достастығы) құрамында болған елдер 1996 жылдан бастап «Білім беру туралы» заң жобаларын қабылдап, онда мемлекеттік стандарт мәселесін жүзеге асыру міндеттері белгіленді. Осы орайдан Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мемлекет стандартында басшылыққа алынатын үш денгей көрсетілген:
Тұлғаға берілетін білімнің әлемдік мәдениеттің қол жеткен табыстарына үйлесімділік (интеграциялық) мәнде болуы;
Білім мазмұнының аймақтық, ұлттық танымға сәйкестігі және білімдендіруде елдің тілі мен әдебиеті, тарихы, жағрафиясы, өнері, дәстүрлік салты ескерілетіндігі т.б.
Берілетін білімді жүзеге асыратын оқу орнының ерекшеліктеріне сай тұлғаның мемлекет алдында, ал мемлекеттің тұлға алдында жауапкершілігі қатаң сақталып, білімнін терең де тиянақты болуы және оқу жүктемесінің нормалық талап деңгейіне сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз ету көрсетілген.
Білім бағдарламасы. Білім бағдарламасы дегеніміз берілетін білімнің деңгейі мен мазмұндық бағдарын айқындайтын білімдік жүйе. Мұнда ұстанатын бағдар оқушыға берілетін жалпы және кәсіби білімнің құрылымына кіретін мектепке дейінгі дайындық, бастауыш мектеп, жалпы орта білім мен кәсіби орта білім.
Бастауыш мектепте білімдендірудің міндеті - оқушыны кітап оқи білуге, жаза білуге, есептей алуға және білім ала білу жолдарына үйрету, ал орталау мектеп болса ғылымның негізгі салалары бойынша білімдік түсінік қалыптастыру болып табылады. Ал толық орта дәрежелі мектепте болса, ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгеруі мен олардың бойына жеке бастың және этникалық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі айқындауы мен кәсіби бағдарға бейімдеу болып табылады. Бұл салада әрбір пәннің мазмұндық жүйесі базалық негізгі білім беру деңгейімен қиысады да тиісті ұғым-танымдық шеңберде аяқталып отырады. Оқу пәндерін таңдауы бойынша зерделеу үшін оқу жоспарынын вариативтік бөлігі кеңейтіледі. Бейімдеу алдындағы даярлық жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудің үшінші сатысы жаңа көзқарасқа құрылған. Мұнда оқытудың мазмұнын саралау, ынталандыру, кәсібилендіру және тұлғаның өз бетінше білімін кеңейтіп, тереңдету көзделген. Сндай-ақ оқушының әлем, қоғам және адам туралы жүйелі түсінікті меңгеруіне зейін қойылған.
Техникалық және кәсіби білім беру бағдарламасы жеке тұлғаның және жеке әлеуметтік топтардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, қоғам мен еңбек рыногы талабына қызмет ете алатындай жоғары білікті жұмысшы кадрлары мен мамандыққа деген қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталады.
Ал орта білімнен кейін, жоғары білім болып саналмайтын кәсіби білім ЮНЕСКО-ның ұсынысына сәйкес білікті маман даярлау бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Жалпы орта білімнің мазмұны. Білімнің мазмұнын айқындауда оқулық, оқу құралы және әдістемелік әдебиеттермен қатар түрлі құжаттардың ішінде оқу жоспарының атқаратын қызметі ерекше. Орта оқу орындарына арналған оқу жоспарында - оқылута тиісті жеке пәндердің және оның қай жылы, қандай көлемде, неше сағат оқылатындығына орай апталық сағат көлемі белгіленеді. Мемлекеттік ресми мекемелер оқу орындарының аймақтық ерекшеліктеріне және оқытудың бағдарына байланысты оқу жоспарының түрлі варианттарын жасайды. Кеңестік жүйе ыдырап Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі «Білім туралы» заңына сәйкес оқу жоспарының негізгі және типтік түрлері жасалды.
Жалпы білім беретін мектептердін базистік оқу жоспарындағы толық жүктеме тұрақты және жылжымалы екі деңгейге бөлінеді. Тұрақты жүктеме құрылымындағы пәндер жалпы орта білім беретін мектептердің барлық типтерінде міндетті түрде оқытылады. Атап айтқанда гимназия, лицей бағдарлы мектеп, жеке мектеп т.б. көрсетілген пәндердің тиісті көлемде оқытылуы шартты болып саналады. Ал жылжымалы бөлімде оқытылатын пәндерде оқушының дербес қабілетін дамытуға, ықылас ынтасы мен қызығушылығына орай тиісті пәндерді терең білуге мүмкіндік жасалады. Сондай-ақ таңдамалы пәндер мен факультативтік курстарды өтуге де жағдай туғызылады. Жылжымалы бөлімдер үшін таңдамалы пәндерге бөлінген уақыт тереңдете оқылатын пәндерге беріледі.
Қазақстан Республикасында жеке пәндерді теориялық және қолданбалы жағынан тереңдете оқытуға арналған типтік оқу жоспарының бірнеше түрі 1993-94 оқу жылынан бастап жасалды. Ал оны тереңдету оқу орнының материалдық-техникалық жағдайына, ұстанған бағдарына байланысты өріс алатыны белгілі болуға тиіс.
Оқу бағдарламасы - жеке оқу пәнінің мән-мазмұнын сипаттайтын құжат. Бағдарламада сол пән бойынша оқытылатын тақырыптардың деңгейі мен оның мазмұны, қандайлық көлемде оқылатын мазмұндық көлем мөлшері сипатталады. Осы пәнді оқу барысында оқушының алатын білімі, білігі, дағды деңгейі қамтылады. Сондай-ақ оқылатын пәнге байланысты қолданылатын құралдар мен оған жасалатын бақылау және әдістемелік кеңес пен нұсқаулар көрсетіледі. Бұл құжат мектептегі пән мұғалімінің басшылыққа алатын негізгі құжаты.
Бағдарламаға қатысты материалдарды орналастыруда негізінен үш принцип ұсталады: 1) Бірыңғай бірізділікке негізделген жүйе (линейный), 2) Концентристік, 3) Спиралдық жүйе. Бұларды педагогикалық тұрғыдан таратып айтқанда былай болып шығады: бірыңғай бірізділікте (линейный) оқылатын материал қайталанбай бір бағдарда ұтылай дамиды. Ал концентристік жүйедегі бағдарламада тиісті материал тақырып арасына үзіліс салып, жаңа деректермен толықтырылып, оқыту барысында қайталанып отырады. Ал спиралдық бағдарламада бір жүйелілік сақталып бірыңғайлық мәнде бір әуенмен жетілдіру ескеріледі. Демек, шиыршықталған, спиралдық жүйеде дамиды.
Оқу пәні - білімдік мақсатқа жету жолында дидактикалық тұрғыдан жан-жақты сұрыпталған белгілі саладағы ғылымның негізі. Мұндағы басты мақсат тиісті ғылым, өнер, іс-әрекет туралы оқушыға тиянақты мағлұмат беріп, оның теориялық және қолданбалы негіздерін танытып білгізу.
Әрине, ғылымның топтаса тоғысқан салалары шартты түрде жаратылыстану — математика, гуманитарлық-қоғамдық, көркем-өнер, дене тәрбиесі, өндірістік еңбек тәрбиесі деп жіктеледі. Олардың әрқайсысының өзіне тән атқаратын қызметі, шұғылданатын мәселелерінің ерекшеліктері бар. Соған орай берілетін білім, білік, түсінікті және қойылсан мақсатты шешетін оқу пәні болғандықтан оқушыларға оны меңгеру үшін тиісті сағат мөлшері белгіленеді. Оқылатын пәннің сағат саны оқу жоспарында айқындалады.
Ал тиісті пәнге байланысты берілетін білімнің мазмұны мектепке арналған оқулықта көрсетіледі. Сондықтан - оқушымеңгеруге тиісті білімнің мән-мағыналық негізіне саналады және онда пәнаралық байланысқа орай табиғат, адам, қоғам туралы әр жақты мағлұматтар алудың қайнар көзі деп саналады. Оқулықтан алған білім негіздері бойынша оқушыізденіп, оны тереңдетіп, өздігінен шұғылдануға мүмкіндік кеңейіп жол ашылады.
Оқулық. Оқушы меңгеруге тиісті ғылым негізін білгізетін құрал - оқулық. Онда тиісті ғылымның мазмұны туралы жүйелі де жан-жақты ақпараттық мағлұмат беріледі. Оқулық тек ақпараттық мағлұмат берумен ғана тынбайды, оқу құралы болғандықтан мұнда тиісті деңгейде мәтін, сурет те, кестелік сызбалар да, фотографиялық көріністер де келтіріледі.
Бәрінен де бұрын оқулық оқушының танымдық іс-әрекетіне бағдар беріп, басшылық жасайды. Оқулықтар мен оқу құралдарында шәкірт тарапынан атқарылуға тиісті жаттығу тапсырма, көрсетілген сұрақтарға жауап беру және жазба жұмыстарын орындау т.б. көрсетіледі. Оқулық - оқу үрдісін ұйымдастырудағы сценарий ретінде ғылымның теориялық мән-мазмұнын игеруге мүмкіндік беретін әдістемелік жолдарды меңгеруге жағдай туғызатын құрал. Сондай-ақ қазіргі окулықтар мен оқу құралдарында оқушының білімдік деңгейі, іс-әрекет саласында атқарған еңбегі барысында қол жеткен табыстарын, өздігінен орындаған жұмыстарының нәтижесін бағалап, оны сипаттау жолдары да қамтылған. Демек, оқулықта тиісті пәнді оқудағы мақсат, оның мазмұны, оқудьщ формасы, меңгеру барысындағы таным-түсінік және оны игергендігі жөнінде бақылау жасай білуде көзделеді. Бұл қазіргі заман, уақыт талабы. Өйткені техниканың өсуі, ақпараттық құралдардың қарқынды дамуы, қоршаған ортадағы өзгеріс, әлемдік қарым-қатынастың толассыз өркендеуіндегі ықпалды әсер ыждаһаттылықты талап етуден туындауда