Адамгершілік тәрбиесі— басты мақсат



Дата27.09.2023
өлшемі17,87 Kb.
#111077
Байланысты:
2тс


Адамгершілік тәрбиесі— басты мақсат
Мақсат: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа,
кішіпейілдікке үйрене отырып,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Кіріспе сөз:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар және оқушылар!
Қазақ халқы ертеден адамгершілікті, мейірімділікті, қайырымдылықты, жоғары бағалай білген.Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен.
Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс — әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Өзін ғана ойлаған —
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,-
деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.
Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ.
-Адамгершілік дегеніміз не?
1 оқушы: Адамгершілік, мейірімділікті дегеніміз ар, намыс, адалдық, достық, жақсылық жасау деп ойлаймын.
2 оқушы: Кейбір адамдар ауыр қылмыс жасап алады да, кінә менде емес,заманда,бәріне заман кінәлі дейді. Заманына қарай адам болмай, адам қай кезде де адам деген атқа лайық болу керек.Сондықтан да мен бұл өмірде адамгершіліктің, мейірімділікті барлық қасиеттерін бойына дарытқан адамдар көп болса екен деп армандаймын.
3 оқушы: адамгершілік деген асыл сөз. Адамның игі іс- әрекеті,еңбек,татулық осының бәрі адамгершілікке жатады.Ар ұят жоқ жерде қылмыста,алдау, арбау ,тонауда болады.
4 оқушы: ия, дұрыс айтасыз Қазақ осы арға үлкен мән берген. «Жаным-арымның садағасы» дейтін қазақ үшін ардан қымбат ештеңе жоқ. «Ар» деген сөздің өзі түркі тілінен тазалықты білдіреді.
— Баллар сендер адамгершіліктің не екенін біледі екенсіндер,ал енді сол адамгершілік категорияларының бірі-парыз. Сендер оны қалай түсінесіңдер?
5 оқушы: Менің ойымша Парыз ол халықтың жарқын болашағы үшін күрес. Бұл адамның ата-анасына, Отанына мектебіне,қоршаған ортасына деген көңіл күй.
Мұғалім: ия дұрыс айтасын Парыз дегеніміз ол адамның тыныс тіршілігімен орын алатын сезім.Оған халыққа қызмет ету және адам қай әлеуметтік топқа жатса сол топтын алдында борышын өтеу жатады.

Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?


1 оқушы: Кешірімді болу, кек сақтану, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік. Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.
2 оқушы: Ізеттілік-айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.
3 оқушы: Әділ болу –адамшылықтың асыл белгісі.Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәстүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
4 оқушы:Кешікпеу- бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
Сабырлылық- адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
Қайырымдылық-айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.
Сұрақтар:
1.Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?
2. Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?
3 .Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?
4 .Сен өзің жіберген қателегеңді мойындай аласың ба?
5 .«Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген сөздің мағынасында не жатыр?
6 .Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?
7. Адамгершілік асыл қасиеттер жайында қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер білесің?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет