Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын


Семинарлар 1-семинар. Жобалаудың мәдени – инновациялық сипаты



бет138/263
Дата27.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#110820
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   263
Байланысты:
Доп мат

Семинарлар


1-семинар. Жобалаудың мәдени – инновациялық сипаты.

Өркениет дамуының әртүрлі тарихи кезеңдерінде ұйымдастырушылық әрекеттердің негізгі түрлері пайда болды, оны бүгінгі зерттеушілер ұйымдастырушылық мәдениет деп белгілеп отыр. Қазіргі әлеуметтік жүйелерде ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалауға негізделген түрі пайда болуын ғалымдар түрліше түсіндіреді. Мысалы, ХХ ғасырда әлеуметтік–мәдени жүйелерді интеллектуалдық ұйымдастыру теориясымен қатар олардың жобалау бағдарламаларын құрастыру мен жүзеге асыру теориялары кеңінен тарай бастады. Сонымен қатар, оның негізіне тек теориялық білімдер емес, көбіне осы бағыттарды тәжірибелік талдау қызметтері алынғаны байқалады. Бұған дейінгі ұйымдастырушылық мәдениетте теориялық таңбалаудың жаңа түрлері – модельдер, алгоритимдер, ақпараттар қоры, т.б. – жасалған болатын, кейін бұлардың барлығы да жаңа теориялар құрастыруға негіз болып отырды. Осылайша таңбалар түрінде пайда болған жаңа теориялар мен технологиялар алынатын өнімді ғана емес, жалпы технологияларды, бағдарламаларды жобалау қызметін ұйымдастырудың басты түріне айналды.


В.А.Никитин дәстүрлі ұйымдастырушылық мәдениетті адамзат қоғамы дамуының ең алғашқы кезеңдері деп қарастырып, ондағы әрекет жолдары мен амалдарын сол қоғам тұрғысынан сипатттайды. Корпоративтік - қолөнерге бағытталған ұйымдастырушылық мәдениеті ортағасырлық діни иерархия құрылымы, қалалар мен университеттер жағдайларындағы білім мен дағдыларға үйрету әдістері түрінде қарастырылады. Одан кейінгі кәсіби (ғылыми) ұйымдастырушылық мәдениетті барлық бағыттардағы кәсіби орталарды біріктіретін әрекет ретінде ғылым алынады, кәсіби мәдениеттің негізіне ғылыми білім қойылып, барлық материалдық және рухани өндірістердің негізіне білім мен ғылым жатқызылды. Сөйтіп, бірнеше ғасыр бойына ұйымдастырушылық мәдениеттің кәсіби түрі жетекші роль атқарып келді.
ХХ ғасырдың аяғына қарай ұйымдастырушылық мәдениеттің дамуында қайшылықтар пайда бола бастады, олар:
− ғылыми құрастырылған дүниенің біртұтас бейнесі мен ғылымның өзі туындатқан парадигмалар ауысуынан пайда болған ғылыми білімнің құрылысы арасындағы қайшылық;
− ғылыми білімнің қарыштап дамуы, оны өндірудің технологияландырылуы, дүниенің біртұтас бейнесінің өзгеруіне, соған сәйкес, кәсіби бағыттардың бірнеше мамандықтарға бөлшектеніп кетуі;
− қоғамның тегіс салалануымен қатар, көпмәдениеттіліктің дамуы, әр мәдениеттің өз тарихы мен өзін танытуға ұмтылуы бұрынғы «жаппай европалану» үрдісінен мүлдем бөлек қалыптасуда. Сонымен қатар, дәстүрлі ғылыми модельдер мүмкіндіктерінің шектеулі, универсалды болмауы ұйымдастырушылық мәдениеттің технологиялық (жобалық -технологиялық) түрін қажет ете бастады.
Осы үдерістер өзімен бірге әлемдегі саяси, экономикалық, қоғамдық және мәдени ситуациялардың тұрақсыздануы мен өзгермелілігін алып келді, сөйтіп, бірінен соң бірі пайда болып жатқан жаңа жағдайлар тәжірибенің де үнемі өзгеріп отыруын қажет етіп отыратыны белгілі болды.
Жобалаудың иновациялықты дамытудағы ролі. «Инновация» термині ғылымға XIX ғасырдан бері қоғам дамуын көрсететін қажетті көрсеткіштерінің бірі ретінде белгілі болды. Ең әуелі бұл ұғым антропология және этнография ғылымдарында пайдаланылып, мәдени өзгерістерді зерттеулер барысында «дәстүрлі» деген түсініктің қарама қарсы мәні ретінде қолданылды. XX ғасырдың басында «инновациялық жаңғыртулар» терминін экономика саласы кеңінен пайдаланып, шаруашылық субъектілерінің кәсіпкерлік табыстарын қамтамасыз ететін элементтер комбинациясы ретінде қарастыра бастады. 30-жылдардан бері бұл түсінік менеджерлер арасында белгілі бір «фирманың инновациялық саясаты» термині ретінде кеңінен тарап, инновация «дәстүрлі» үғымына қарама қарсы колданылатын болды.
Н.Г.Алексеев жобалауды жүзеге асырудағы екі кезеңді бөліп көрсетеді. Оның бірінші кезеңі қоғамдағы жалпы өзгерістермен тығыз байланысты болып, жобалау қызметінде еркіндіктерге ие болған кездермен сипатталады. Бұл кезеңде стихиялық жобалау тәжірибесі, әсіресе білім беру саласында, кеңінен қанат жайып, өз «жобаларын» құрастыру мен ұсыну жаңашыл мұғалімдерден бастап білім мекемелеріне дейін орын алды. Осы жағдайларды талдау қорытындылары жобалау тәжірибесі мен оның мәдениеті қалыптаспағандығын көрсетіп, жобалауға мәдени түр беру, оны мәдени тәжірибеге айналдыру міндетін алға қойған болатын. Сөйтіп, жобалаудың екінші кезеңі басталды, ресейлік және отандық ғалымдар осы кезеңнен бастап жобалаудың педагогикадағы инновациялардың мәдени түрі деп белгіленуіне негіз қалыптасты деп санайды.
Жобалаудың мәдени контекст алуы оны басқа ғылымдар тұрғысынан, соның ішінде, педагогикалық - психологиялық тұрғыдан, педагогика тарихында қалыптасқан үрдістерге сай зерделеуге мүмкіндік берді.
Инновациялық үрдістерді жобалау негізінде мәдени дамыту тәжірибесі екі түрлі бағытта қалыптасқандығын айта кету керек. Біріншісін эмпирикалық деуге болады, ол – бәсекеге қабілетті жобаларды таңдау мақсатында тиімді жобаларды құрастыруға үлгі ретінде қолдануға болатын жобалаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іріктеп алу жолы. Екіншісі, процестерді дамытуды көздейтін жобалар үшін қажетті арнайы заңдар мен заңдылықтарды теориялық зерделеу болып табылады.
Даму барысында жобалау басқару қызметі контекстіне де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым контекстіне және инновациялардың мәдени түрі ретіндегі контексте қарастырылады. Осы аталған үш контекст өз сипаттамаларына сай ортақ негізге ие бола тұра, теорияда да, тәжірибеде де бір-бірінен бөлек талданып келеді. Қазіргі замандағы қоғам мен әлеуметтік құрылымдар реформаларының, соның ішінде білім беруді жаңартуға қатысты өзгерістердің қарқынды жүргізілуіне байланысты берілген контекстерін синтездеу арқылы жобалауды негіздеуге болатыны айқындалады. Бұл жобалау қызметін басқарудағы инновациялардың мәдени түрі ретінде де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым ретінде даму жолдарын айқындаудағы негізгі әдістер мен технологиялар ретінде де, басқарудың негізгі процедурасы ретінде де қарастыруға мүмкіндік береді.
Аталған синтезді жүйелі ой-әрекеттері теориясының әрекетті өзгерту және мәдениет тудыру схемасына сүйене отырып көрсетуге болады. Осы схема бойынша өзгерістердің түрлі әлеуметтік-мәдени ситуацияларда пайда болатын қайшылықтарын жаңа инновациялық қызмет ендіру арқылы реттеуге болатыны дәлелденген, бұл инновациялық қызмет жобалау болып табылады.
Төмендегі суретте (1-сурет) мәдениет түрлері мен (3) әлеуметтік-мәдени және ұйымдасқандық қабаттарына оларды түгел қамтитын (4) идеалдық (абстрактылық және ойлау негізіндегі ғана) құрылым мен (1)менталдық түрлер қабаттарын қосады. Ондағы жоғарыға бағытталған сызықшалар арқылы көтерілу үрдісті берілсе, төменге қарай бағытталған сызықшалар орындалу, жүзеге асырылу үрдісін көрсетеді.

4 – идеалдық құрылым қабаты


З – мәдениет түрлері қабаты
2– әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық қабат
1– менталдық түрлер қабаты

Сурет 1 − Жобалау арқылы жаңа мәдениет тудыру схемасы


Сурет қоғам ұйымдастырылуының бірнеше қабаттарға бөліну принциптерін көрсетеді және олар екі үрдістің – көтерілу және орындалу, немесе жүзеге асырылу – жүруі мүмкін екенін білдіреді. Бірінші үрдіс әлеуметтік қабаттан мәденилікке, одан әрі идеалдыққа өтуді білдірсе, екіншісі, идеалдық, яғни идея ретіндегі болмыстың мәдени және әлеуметтік түрлерін ұйымдастыру арқылы бойына ала отырып менталитетте, салт пен дәстүрлерде бекітілуі болып табылады. Н.Г.Алексеев атап көрсеткен білім берудегі инновациялық қозғалыстарды мәденилендіру жолдары осы көтерілу үрдісіне де, жүзеге асырылу үрдісіне де сәйкес келеді дей аламыз. Өйткені, жобалау қызметі үздік үлгілерін іріктеп алу көтерілу үрдісіне, ал жобалауды технологиялық құрастыру мен теориялық зерделеу жүзеге асырылу үрдісіне тән құбылыстар.


Жобалаудың жоғарыда аталған үш аспектісінің синтезі осы екі үрдісті де қамтиды. Мысалы, білім беру ұйымын басқарудың мәдени – инновациялық сипатын алатын болсақ, оның технологиялық циклы білім берудегі тәжірибені қайта жаңғыртуға деген әлеуметтік сұраныс қабылдаудан басталып, инновациялық жобалау арықылы жүзеге асырылады. Тәжірибелік – бағытталған ғылыми контекстегі жобалау педагог – практиктердің қалыптасқан жағдайды өзгертуге қажеттіктерінен пайда болады, яғни ол да әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық қабатынан шығады. Осы екі жағдайда да болашақтағы инновациялық қайта құрулардың мәдени түрі ретінде жобалау қызметі алынады. Бұл контекстердің негізгі айырмашылығы идеалдық құрылым қабатында дей аламыз, өйткені, осы жерде ғана жобаланып отырған нысан өзінің басымдық тұрпатына сай идеалдық құрылымына ие болады. Ол ерекшеліктер төменде 2-суретте берілген.

4 – идеалдық құрылым қабаты


З – мәдениет түрлері қабаты
2 – әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық қабат
1– менталдық түрлер қабаты

Сурет 2 − Жобалаудың білім беру мен ғылыми әрекеттердің мәдени- инновациялық түрі ретіндегі схемасы


Атап айтқанда, жобалаудың мәдени контексті философия арқылы қамтамасыз етіледі, басқару контекстіндегі жобалау қызметі әдіснамалық қамтамасыз етіледі, ал, ғылыми контекстегі жобалау әрекеттері білім саласына қызмет ететін педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарының идеалдық құрылымдарының сипатын алады.


Мысал үшін, педагогикалық тәжірибенің даму барысында кем дегенде үш мәдени - инновациялық құрылым қалыптасты деп айта аламыз. Біріншісін, катехезистік, діни педагогика деуге болады, оның базалық мазмұны діни ритуалдар мен символдар аясындағы тәртіп пен әрекеттермен байланыстырамыз. XVI ғасырдың аяғында Ян Амос Коменский идеяларының ықпалымен екінші, эпистемологиялық педагогикалық құрылым қалыптасты. Оның негізгі мазмұны объектіге бағытталған оқыту болса, басты девизі «барлығына да барлық білімді беру» болып танылды. Бұл құрылым осы күнге дейін оқытудың негізіне алынып келеді, яғни, мәдениет тасымалдау құралы ретінде теориялар мен модельдерді оқытуды, білім беруді ұйымдастырудың әлеуметтік-мәдени түрі ретінде класс-сабақ жүйесін негізге алады. Үшінші педагогикалық құрылымды инструменталдық, немесе технологиялық атауға болады. XVIІІ ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басында пайда болған құрылым білім мазмұнына негізінен құралдар мен әдіс- тәсілдер ұсынған болатын.
Бүгінгі кезең педагогикада мүлдем жаңа құрылым қалыптасып келе жатқанын көрсетіп отыр, оның негізіне жоғарыда аталған құрылымдарға қарағанда білім, білік, дағдылер мен қажетті сапалар синтезі ретінде қалыптасып келе жатқаны белгілі.
Жобалауды дайындау және құрастыру кәсіби мәдениеттерде пайда болған таңбалар түрлері–теориялар, модельдер, түсініктер, ұғымдар, формулалар мен алгоритмдер негізінде жасалады. Бұлардың барлығын ұйымдастырудың ең жаңа және тиімді құрылымы барлық бұқаралық қарым–қатынас саласында, басқару мен экономика саласында, ақпараттық қызмет көрсету мен білім беру салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан – технологиялар сипатында болады. Жеке – даралық жағдайда бірде–бір ғылым саласы, не теория мен тәжірибе, немесе бір мамандықтың ғана шеңберінде барлық технологиялық цикл қамтамасыз етілуі мүмкін емес, сонымен қатар, олардың әрқайсысының өміршеңдігі өз қызметінде сыртқы әрекеттерді қабылдай алушылық қабілеттілігіне тығыз байланысты. Осыдан келіп, қазіргі заманға тән технологиялық мәдениеттен алатын орнын анықтау субъектінің жобалауды немесе бағдарламалауды құрастыру мен жүзеге асырудағы ролін белгілеуі болып есептеледі.
Субъектінің өз мүмкіндіктерін анықтау немесе жүзеге асыру үшін мәдени-техникалық деп шартты түрде аталатын циклдың төмендегі позицияларының бірін өзіне алуға қабілетті болуы тиіс. Олар осы циклды құрайтын мәдени түрлердің қорын сақтаушы, таратушы, жүйелеуші, құрушы және ұйымдастырушы рольдерінің бірін атқарады. Ол қызметтер сипаты төмендегідей:
мәдени қорын сақтаушы– мәдени үрдісті, дәстүрлі қалыпты ұстану, инновацияны қабылдамау;
таратушы– сан түрлі жаңалықтардың бір ғана бағытын ұстану және оның мәдени және әлеуметтік маңызын көтере отыры, таратылуын белсенді ықпал ету;
жүйелеуші– таратушының қызметіне қарама–қарсылық мақсатында мәдени жаңалықтарды жүйелеу, түрлерге бөлу, теориялар құрастыру;
құрушы бұл кейде өзінің сипатына сай жаңалықтар тудырушы деп аталады;
ұйымдастырушы– жоғарыда аталған барлық позициядағы субъектілер қызметін келістіру, үйлестіру және ұйымдастыру қызметі.
Жоғарыда аталған позициялардың ішінен мәдениет құрушы тұрғысын қарастыратын болсақ, ол көбіне жобалаушының позициясына сәйкес келеді. Ол үшін «мәдениет– өзінің айналаға көзқарасын білдірудің, өзіндік тәжірибесін жариялаудың, өз түсінігін көрсете отырып, оны дәлелдеудің орны болып табылады». Бұл жерде парадигмалық–құндылықтық негіздеме басты орын алады, ал соның негізінде ұжымдағы келісімге келудің принципі – коммуникативтік, немесе әр адаммен тіл табысу арқылы келісім жасалынады. Коммуникативтік принциптің сипаттамалық белгілері ретінде кәсіби позициялардың мазмұнымен алмасу, тақырыпты жалпылау талдау, талдау кезінде барлық қатысушылардың позициялары тең сақталуы, бір бірінің құндылықтық позицияларын түсіну және қабылдау сияқты адамдардың әлеуметтік болмысының ерекше түрі алынады. Осыған орай, «адамның мәдениеті оның белгілі бір ортада өзін ұстай алуынан көрінбейді, бұл қасиеттер оның тәрбиелілігі мен дәстүрді сақтауына байланысты..., адамның мәдениеті оның өзіне бейтаныс жағдайға немесе құбылысқа тап болған кезде оны басқа да құбылыстар қатарына қоя ма, әлде ерекше құбылыс деп есептей ме, немесе, жат құбылыс ретінде жойып жіберуге тырыса ма, әлде қажетсіз деп қабылдамай ма, содан білінеді» деген пікілер де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет