Орындаған: Ескендірова а тексерген: Искакова Г



Дата16.06.2023
өлшемі1,44 Mb.
#101832
Байланысты:
Арай-Тұқы

Орындаған:Ескендірова А

Тексерген:Искакова Г


СӨЖ
Тұқы балықтарын
өсіру технологиясы
Тұқылар – тұқытәрізділер отрядының бір тұқымдасы.
Тұщы суда тіршілік етеді.Жер шарында кең тараған (тек Оңтүстік Америка мен Мадагаскарда кездеспейді), 19 ғасырдың аяғында Австралияда жерсіндірілген. 270 туысы, 1500-дан астам түрі белгілі. Қазақстанның барлық су айдындарында кездесетін 33 туысы, 90-ға жуық түрі бар. Уылдырығын негізінен су түбіндегі шөпке шашады, араларында тасқа немесе құмға шашатындары да кездеседі. Тұқылар – кәсіптік маңызы бар балықтар (қаракөз, сазан, тыран, оңғақ, шемей, т.б.). Сондай-ақ балық тоғандарында жақсы өсіріледі және жерсіндіруге бейім келеді.Қазақстанда күтім, шортантәрізді ақмарқа, арал қаязы, түркістан қаязы, шу сүйрік аққанаты, көкбас – өте сирек кездесетін балықтар, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Тұқылар – кәсіптік маңызы бар балықтар (қаракөз, сазан, тыран, оңғақ, шемей, т.б.).
Қаракөз, Арал қаракөзі – тұқы тұқымдасына жататын балық. Қаракөз Қара, Каспий, Арал теңіздерінің су алаптарында таралған. Ал, Қаракөз түртармағы – Арал теңізінің су алабында – Сырдария мен оның көлдерінде тіршілік етеді. Ұзындығы 28 см, салмағы 420 г-дай. Пішіні тыранға ұқсас, одан айырмашылығы – қабыршағы үлкен, құйрықасты (аналь) қанаты ұзындау болады. 7 – 8 жыл өмір сүреді. Жыныстық жағынан 3 жасында жетіледі. Уылдырығын (көлеміне қарай 2,2 – 33,5 мыңдай) су температурасы 12 – 16°С-қа жеткенде өзен арнасының құмды-тасты, құмды-сазды, сазды жерлеріне шашады. Қорегі – бүйірімен жүзушілер, бақалшақты шаяндар, қосжақтаулы моллюскілер, мизидтер, әр түрлі дернәсілдер болып табылады.
Оңғақ – тұқытәрізділер отрядына жататын тұщы су балығы. Қазақстанда Есіл, Нұра, Торғай өзендерінде, Қамыс – Самар көлдерінде кең тараған, аздап Жайық өзенінде де кездеседі. Арал және Балқаш су алаптарында жерсіндірілген. Денесі жалпақ, жуан, тығыз ұсақ қабыршақтармен қапталған. Ұзындығы 32 см-дей. Екі езуінде қысқа мұртшалары болады. Балықтың сыртқы түрі негізінен қоңыр түсті, алтын сияқты жылтыраған рең байқалады. Судан шығарғанда түсі оңып кетеді, балықтың аты осыған байланысты қойылған. Аталықтарының құрсақ қанаттарының сыртқы талшықтары едәуір жуан, сол белгісімен аналықтарынан оңай ажыратылады.
Майбалық, шемей - тұқытәрізділер отряды, тұқылар тұқымдасына жататын балық. Жыныстық жағынан 2–6 жылда жетіледі. Бұрын көпшілігі уылдырығын теңіздің жағалауларына, өзеннің сағасына шашатын. Қазіргі уақытта Сырдарияның төменгі ағысындағы көлдерде көбейеді. Уылдырығын (18,2-73,9 мың) мамыр-маусым айларында су температурасы 15°С болғанда, тереңдігі 0,5-2 м су түбіндегі тастарға шашады.
Ересектерінің ұзындығы 19–27 (31) см, салмағы 158–232 г.
Сазан -– тұқы тұқымдасына жататын балық. Сазанның қабыршағы ірі, аузының екі езуінде мұртшалары бар, жұтқыншақ тісі жақсы дамыған. Қазақстанда 2 түр тармағы: Еуропа cазаны және Арал сазаны бар. Біріншісі – Жайық, Жем, Еділ өзендерінде, Шалқар мен Каспий теңіздерінің құяр жеріндегі өзендерде; ал екіншісі Арал теңізі, Сырдария, Сарысу, Шу өзендерінің бойында тараған. . Уылдырығы су температурасы – 16 – 22°С, тұздылығы 9,6% болса жақсы жетіледі. Сазандар қорек талғамайды. Шабағы алғашында зоопланктон және майда балдырлармен, кейін әр түрлі жәндіктермен қоректенеді.
Сазанның тынысалу мүшесі -желбезек. Желбезек желбезек доғаларынан құралады. Әр доғаның бір жағында желбезек жапырақшалары , екінші жағында желбезек талшықтары орналасады. Желбезектің нәзік бөліктерін желбезек қақпағы жауып жатады.
Сазан балығы Кіші Арал теңізінде негізгі кәсіптік балық түрлерінің бірі болып табылады және әуесқой балықшылар да аулайды. Етінің сапасы мен талғамдық қасиеті басқа балықтардан көш ілгері тұрады. Етінің майлылығы - 4,1%, белогы – 16,5%. құрайды.Сазан үш-төрт жасында жыныстық жағынан жетіліп, тұқы тұқымдас балықтарының биологиясына сай уылдырықтарын бөліп шаша береді. Басқа балықтармен салыстырғанда судағы оттегі құрамын көп талап етпейді, оның уақытша төмендеуіне шыдай береді, тоғандағы жағдайға тез үйренеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет