Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын



бет176/263
Дата27.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#110820
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   263
Байланысты:
Доп мат

Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Жобалау әрекетін ұйымдастырудағы жас ерекшеліктерін ескерудің маңызы

  2. Бастауыш мектеп оқушыларының жобалау әрекеттерінің үйымдастыру жолдары

  3. Жасөспірім шақтағы оқушылар үшін жобалаудың мәні

  4. Жобалау әрекеті және білім берудің кеңістігіндегі өзгерістер

  5. Білім берудің әрбір кезеңіне (бастауыш, негізгі, жоғары сыныптар) тән жобалау әрекетінің ерекшеліктері

  6. Оқу және жобалау әрекеттерінің өзара байланысы

  7. Жобалаудағы білім берудің әрбір кезеңінің сабақтастығы



11-семинар. Жобалау әрекетіндегі топтық қарым – қатынастың ерекшелігі
Жобалау өзінің негізгі сипаттамасы бойынша жеке де, топта да орындалатын әрекет екені белгілі. Бірақ оқыту барысында көбіне топпен орындауға қолайлы болғандықтан мұғалімдер осы бағытта пайдаланады. Соған орай, жобалауды оқушыларды бірлесе жұмыс істеуге үйретуге мүмкіндік беретін әрекет деп қарастырамыз.
Бұл кезде оқушылардың мектептен кейін де бірлесіп ойлайтынын, ойын арқылы топтық әрекеттер орындалатынын айта отырып, бұл жобалаудан бұрын басталды деуге негіз бар. Алайда, бірлесіп білім алу, оқыту әрекеттері барысындағы коммуникациялық қатынастар шын мәнінде жобалау арқылы орындалады. Дәстүрлі оқытуды алатын болсақ, онда бірлесе оқу, білімді топпен игерудегі оқушылар арасында коммуникация жоқ деуге болады. Коммуникация бұл жағдайда тек мұғалім мен оқушы арасында жүреді.
Белгілі ғалым Д.Б.Эльконинның айтуынша, достыққа негізделген тұлға – аралық қатынастар жасөспірім шақта пайда болып дами береді, бұл қатынастардың өзі оқушылардың негізгі әрекетін құрайды. Бірақ белгілі бір мақсатқа негізделмеген мазмұнсыз қарым – қатынас, өзара әңгімелесу олардың бір – бірімен коммуникациялық қарым – қатынасты тиімді дамытпайды. Егер топ белгілі бір мақсатқа сай бір идея негізінде проблеманы шешуге әрекет етіп, оны жүзеге асыруға ұмтылғанда ғана өзара достық, сыйластық, түсіністік орта қалыптасады. Ал ешбір мағынасыз, еш қажеттіксіз жиналып, қарым –қатынасқа түсетін, қараусыз топтар өз ішінде бір – бірімен келіспеушілікте болып, қарама – қайшылықтар болуы мүмкін. Оқушылар әдетте бір ортақ проблеманы шешу мақсатында тиімді қарым – қатынас құра алады.
Бүгінгі халықаралық талаптар тұрғысынан қарасақ, топпен жұмыс жасай білу қазіргі мамандар (қай сала болса да) үшін аса маңызды сапалық қасиет деп есептеледі. Командалық жұмыс түрі кез келген әрекеттің ажырамас бөлігі, сондықтан, көптеген тренингтер мен бизнес – семинарларда осыған қажетті дағдыларды үйретуге көңіл аударылады, осы тақырыпта көптеген басылымдар шығарылуда.
Топпен жұмыс тек топтағы адамдардың қарым – қатынасымен шектелмейді, оның барысында жобалауға қатысушылардың бойында жаңа сапалар қалыптасады. Олар: командада жұмыс жасай білуі. Бұл өзінен өзі пайда болмайды. Команда, әдетте, белгілі бір маңызды міндетті орындау үшін құрылады. Жобалау барысында бірнеше міндеттерді кезегімен орындау көзделетін болған соң, оның мерзіміне, маңыздылығына, қажеттігіне байланысты командалар құрамы өзгеріп отырады. Бұл команда құрамының өзгеруін емес, олардың ролдерінің үнемі ауысып отыратынын білдіреді. Оның тағы бір маңызды жағы – онда лидерлер пайда болып, жобаның бөліктерін орындауға жауапкершілікті лидер алады, ал қалғандары орындаушылық қызмет атқарады. Лидердің жобаны ұйымдастырудағы ролі өте жоғары.
Осыған орай, топтың өз ішінде үнемі өзара міндеттерді бөлісу туралы: бір жұмысты атқарған кездегі лидер, келесі бір жұмыс барысында тек орындаушыға айналады. Бұл, әсіресе, күрделі ұйымдасқан жобаларға тән жағдайлар және олар оқушылардың тәжірибесі жеткілікті болуын қажет етеді. Ал, қысқа, шағын жобаларды орындауда аз құрамды топта лидерлер ауысуы, болмауы да мүмкін.
Кейбір жағдайларда топтың командалық жұмысы үйлеспесе, лидерлік пен міндет бөлісу проблемаларын шешу қиын болады. Ол кезде педагогтардың араласуы, түрлі педагогикалық коррекция (түзету) қажет болады, тіпті топ құрамын қайта таңдау, немесе жобалау мазмұнын өзгерту сияқты қатаң шаралар қолдануға да болады. Сондай – ақ, тұлғаарлық қатынас қиындауы, топтағы түсінбестіктер болса, педагог команданы таратып та жібере алады. Екіншіден, топпен жұмыс барысында топішілік бірлескен жұмыс атқарудың «ережесін» орындау да қажет. Біздің тәжірибемізден алсақ, оқушылар жобалау барысында қарапайым ережелер құрастырып, оны бұлжытпай орындауға тырысады. Бұл кез – келген коммуникацияның жалпы принциптерін құрайды:
Мысалы:

  • бір адам сөйлегенде қалғандары тек қана тыңдайды;

  • ойға шабуыл, ой бөлісу кезінде бірін – бірі сынауға болмайды;

  • сөйлеуші пікір өте түсінікті болуы керек;

  • кез - келген пікір берушіні түсіністікпен, кең пейілмен қабылдау керек;

  • кімнің атына болса да, қандай жағдай туса да ренжітетін, намысына тиетін сөздер айтылмауы керек;

  • ақпарат туралы көзқарас (келісемін (келіспеймін), ұнайды (ұнамайды), оны жеткізушілік деген көзқарасты білдірмейді);

  • топтағы пікірталас барлық адамға да сұрақ қою еркіндігін береді және сөйлеуші берілген сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Топтың жұмысты жүргізу тәртібі бойынша ең әуелі барлық сөйлеушілерге пікір беруге мүмкіндік білдіреді және одан соң сұрақ – жауапқа көшу орындалады, сондай – ақ «ой қозғаудан» - қорытынды жасауға қарай жүру тәртібі сақталады.
Топтық қарым – қатынас пен пікірталасты ұйымдастырудың бекітілген ережесі жоқ және оны сақтауда барлық жағдайда мүмкін емес.
Солай болса да, жобалау әрекеті – білім беру кеңістігінде оқулығы дұрыс қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыратын әрекет. Оның маңызды әдісі бар, яғни, топпен жұмыс басталмас бұрын оқушыларға топтық қатынас ережелері жасалып, қабылдануға мүмкіндік жасалатын әдісі. Ол әдістер белгілі бір символдар арқылы бекітіліп, пікірталас басталғанда оның нақтылануы талап етіледі.
Топтың коммуникацияда оқушылардың тәжірибесін қалыптастыруда қажеттілік бар. Ол үшін жас ерекшеліктеріне қарай аралас топтар құрылады. Оның мәні, топтық коммуникация тәжірибесі бар оқушылар жаңадан келгендерге қарым- қатынас дағдыларын үйретеді.
Топтың коммуникацияны дамыту логикасын қарастыратын болсақ, ол бірнеше кезеңнен тұратыны байқалады.
Алғашқы кезеңде оқушы топтық пікірталас жасаудың ережелерін меңгеруі тиіс. Ол ережелер тұрақты түрде ұжымда қалыптасқан болуы да, немесе осы топ ішінде жаңадан жасалған болуы да мүмкін.
Келесі кезеңде топтық пікірталасқа тікелей араласу басталады, онда талқыланып отырған мәселе бойынша сұрақ қоя білуге үйрену керек.
Одан кейінгі кезең – дәлелді түрде сын – пікір айтып үйрену кезеңі. Бұл қабылданған формат аясында орындалуы тиіс.
Келесі кезеңде белсенділік пен ұсыныстар беруге үйренеді, өз жауапкершілігіне кейбір міндеттерді алады, өзгелерге қол ұшын беруге келіседі. Егер оқушы келесі адам орындасын деп, өзгеге сілтейтін болса – бұл оның талданып отырған мәселені түсінбегенін, немесе өз мойнына жауапкершілік алудан бас тартуын білдіреді.
Оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін анықтайтын көрсеткіштердің маңыздысы – олардың өз жауапкершілігіне белгілі бір қиын міндеттерді ала білуі. Бұл – оқушының жобаның жалпы идеясын түсінуін және осы міндетті орындамай, жобаның нәтижелі болуы мүмкін еместігін көре білуінің айғағы.
Келесі көрсеткіш – жобалау идеясын орындамай жатып, басқа да тартымды жұмыстарға араласуға бармау, жобаны аяғына жеткізуге күш жұмсау.
Тағы бір көрсеткіш - өз пікірінің өзгелерге түсінікті болуына көңіл аудару, басқа адамдардың пікірін ескере отырып, өз ойлары мен ұсыныстарына өзгеріс енгізе білу.
Жоғары сыныптарда оқушылар топтық қатынас болсын, жай қатынас болсын, рефлексиялық баға бере алады. Ал негізгі мектепте түгелдей жету мүмкін емес. Сондықтан негізгі мектепке тән жасөспірімдік шақта топтық жұмысты, оның нәтижелерін, коммуникациялық деңгейлерін талдауға үйретілу керек.
Оқыту әдістемесі дәстүрлі түрде жүргізілетін мектептерде мұғалімнің ролі басым болып, ол оқушыдан сабақты тек қана тақтаның алдына ғана шығарып сұрайтын болса – бұл мектептерде жобалау әрекеттерін ұйымдастыру оңай емес. Ол мектептерде қалыптасып қалған дәстүр – стереотипті ойлау, үйренген жолмен ғана жылдар бойы жүру.
Жобалауды ұйымдастырудың тиімді жолы – осы бағытта мектепте белгілі бір қалыптасқан дәстүрдің болуы. Оның мәні педагогтарда әр пән бойынша жобалау әрекеттерін ұйымдастыру тақырыптарының болуы, сыныптан тыс жұмыстарды жобалауға ұсыныстардың дайын екені ғана емес. Ең бастысы – жобалау әрекеттерінің элементтері таныс болуы, педагогтардың белгілі бір жобаға қатынасу тәжірибесі, немесе, жоғары сынып оқушылырының кіші жастағы балаларды өз жобаларымен таныстыруы бірнеше сыныптан тыс жобалардың тәжірибесі болуы маңызды. Біз осы жерде жобалау әрекеттері белгілі бір деңгейде жүргізілетін мектеп жағдайында және жобалау әрекеттері мүлдем таныс емес мектеп жағдайында оны дәстүрге айналдыру жолдарын қарастырамыз.
Жобалау әдістерінен азды – көпті тәжірибе болған жағдайда, олардың белгілеріне, символдарына көңіл аударылуы тиіс. Мысалы, жобаны ұйымдастыру сәттерінен түсірілген суреттер, бейнефильмдер, жинақталған альбомдар, кітапшалар, оқушы портфолиосы, көрмелер, т.б..Жобалауды ұйымдастыру дәстүрлі мектептің «қатып қалған» тәртібінің ауқымына сыймайды, оның атрибуттары қазіргі оқушылардың қарым – қатынас ерекшеліктеріне, еркін ойлауына сәйкес келетіні белгілі.
Егер де жобалау бұрын – соңды мектеп тәжірибесінде болмаған жағдайда оны ұйымдастыру өзгеше. Бұл кезде педагогтар арасынан бастамашы топ құрылып, оларды жобалау әрекеттеріне даярлау ұйымдастырылады. Оны элективтік курстар арқылы жүргізген тиімдірек.
Алғашқы жобалар қысқа мерзімдік (1-2 апталық) болғаны дұрыс, және олар кеңесші – педагогтың қатысуымен ұйымдастырылады. Жоба жұмысы аяқталып, нәтижесін презентациялау барысында оқушылар мен педагогтардың белсенді қатысуын қамтамасыз еткен дұрыс.
Жобалау жұмысын рәсімдеу, өзіне тән белгілері мен атрибуттарын қатаң сақтаумен қатар, оқушылар үшін оның маңызын, стационарлық сипатын сезіндіру үшін мектепте «жобалау зертханасы», «техникалық үйірмелер», «авторлық» немесе «шығармашылық топтар» т.б. құрылымдық мәні ерекше болды. Бұл құрылымдар оқушылар жобасын жүзеге асырудағы сабақтастықты педагогтардың, түрлі жастағы балалардың бірлескен әрекеттердің дәстүрге айналуына ықпал етеді. Педагогтармен бірге жоғары сынып оқушылары жобаларын жасау, төменгі сынып пен жоғары сынып оқушыларының бірлескен жобалары, сонымен қатар, сыныптан тыс ата – аналар қатысуымен жасалған жобалар өз тарихнамасын құрып, жобалауды мектеп дәстүріне ендіруге негіз салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет