Жоба әдісі дегеніміз белгілі бір проблеманы оқушылардың өздігінен немесе ұжыммен біріге отырып шешуге бағыттайтын, міндетті түрде жұмыс нәтижесін ортаға жария етуге мүмкіндік беретін оқу-танымдық тәсілдер жүйесі.
Шығу тарихы.
«Алға ұмтылған»- жоба (проект) сөзінің нақты аудармасы. Өткен жүзжылдықтың басында АҚШ-да «еркін тәрбиелеу» идеясынан пайда болған жоба әдісі өзінің бойына философия мен білім берудегі ізгіліктілік бағытының идеясын сіңірді. Дж.Дьюи мен оның оқушысы В.Х.Килпатрик оқушының мақсатты іс-әрекеті арқылы оқытуды белсенді негізде құруды ұсынды), негізгі «тезисі» барлығы өмірден, барлығы өмір үшін.
20-ғасырдың басында С.Т.Шацкий бастаған Ресей педагогтары жоба әдісін тәжірибеге енгізу проблемасымен 1905-жылдан бастап айналыса бастады. Нәтижелі жұмыстың негізі ретінде оқушының жеке қызығушылығы қарастырылды. Қарастырылатын проблема міндетті түрде өмірден алынып, балаға таныс және маңызды болуы тиіс еді.
1-кезең. Жобаның тақырыбын таңдау. Жобаның тақырыбы осы кезеңге, уақытқа сай өзекті, нақты әрі нысаналы болуы қажет. Тақырып таңдаудағы талапты орындау арқылы оқушылардың іс-әрекеттерінде танымдық белсенділік пен қызығушылықтың жоғары деңгейіне жетуге болады.
2-кезең. Жоба мақсаты мен негізгі міндеттерін шешу талап етіледі.
3-кезең. Оқушылардың өзбетіндік жұмысы нәтижесінде жоба міндеттері біртіндеп орындалды. Оқушылар бақылау күнделігі мен жұмыс дәптерін арнайды. Мұнда оқушылардың жұмысы түгелінен көрінеді.
4-кезең. Алынған нәтижелер негізінде есеп беруге, алынған нәтижелерді талдауға және қорытындылар жасауға үйренулері қажет.
5-кезең. Жобаны қорғау. Оқушылар жасалынған жұмыстар жөнінде, алынған нәтижелерді түсіндіруге, шығарылған қорытындысының себебін көрсетіп, дәлелдей білуге үйренуі тиіс.