Жобалық іс-әрекет арқылы оқушыларды шығармашылықҚа баулу сабырова Светлана Аманкосовна Миялы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин селосы


Жобалық жұмыстарды жалпы бағалау критерийі



бет3/3
Дата19.05.2022
өлшемі48,22 Kb.
#35094
түріБағдарламасы
1   2   3
Жобалық жұмыстарды жалпы бағалау критерийі:

  • Жоба жұмысындағы дербестік;

  • Жоба тақырыбының өзектілігі мен құндылығы;

  • Тақырыптың толық ашылуы;

  • Жоба мәселелерін шешу үшін қосымшаларды қолдану тиімділігі;

  • Тұсаукесер, жоба мазмұнын ашу барысындағы айқындық пен нақтылық деңгейі;

  • Жобаны сенімді қорғау деңгейі;

  • Жұмысты көрсетудегі көркемдік құралдарының бар болуы, графикалық элементтердің болуы.

Жоба тақырыбын келесі әдістер арқылы анықтауға болады:

  • Оқушылар тақырыпты өз беттерімен дербес түрде таңдайды;

  • Тақырыпты мұғалім ұсынады;

  • Оқу орнының әкімшілігінің немесе басқа пән мұғалімдерінің ұсынысымен тағайындалған тақырып;

  • Әр жоба барлық тақырыптарға қатысты ортақ материалдарды қамтиды және бір-бірін толықтырып отырады.

Жобаның көпшілік алдында, басқа топ алдында, қорғалуын конференция түрінде ұйымдастыруға болады.Қазылар алқасы оқушылар арасынан болса, оқушылардың оқуға деген қызығушылығының артуына себеп болады. Жоба тақырыбын таңдау барысында жобаны қорғауды , оны бағалауды талқылап өту керек.
Оқушылар жобамен жұмыс істеу күнделігін толтырады.Мұнда тақырып , тақырып таңдау мақсаты,жоспары, ақпарат көздері, жаңа идеялары, қол жеткізген нәтижесі,кездескен мәселелер баяндалады. Соңында тұсаукесерімен жобаны қорғайды.
Әрбір жоба-оқушының шығармашылық жеке-дара ой еңбегі. Шығармашылық жұмыстар жүргізуде мұғалім оқушының таным белсенділігін, ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі. Оқушыларды шешендік өнеріне , ортада сөйлей алу және өзін-өзі ұстау қабілетіне баулиды. Жобалық іс-әрекет оқушыға мынадай мүмкіндіктер беретінін байқадым:
- білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
- жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;
- білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруға;
- құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;
-бірігіп жұмыс жасауға, білетіндерін салыстыра отырып, қорытынды жасай білуге үйренеді.
Қорыта айтқанда, жобамен жұмыс істеу, программада жұмыстың оқытылған түрін қабылдауға мүмкіндік берумен қатар, тақырып бойынша өзінің ұсынысын кеңейтуге, программада табылған жеке қабылдауларын сипаттауға,мұғалімімен бірлесе жұмыс жасай отырып, шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет