Жобалық іс-әрекет арқылы оқушыларды шығармашылықҚа баулу сабырова Светлана Аманкосовна Миялы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин селосы
ЖОБАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ Сабырова Светлана Аманкосовна Миялы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин селосы Бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да жол таба білуге бейім жеке тұлға тәрбиелеуді қажет етеді. Сондықтан, мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән беріліп келеді. Информатика пәні бағдарламасында әр тарау соңында оқушыларға арналған жобалық іс-әрекет сағаты беріледі.Шығармашылық жағынан жобалық іс-әрекет әрбір оқушының ойлауына, шығармашылық қабілеттерін дамытуларына мүмкіндік туғызады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар талдау дағдысын, өзін бағалауды және өзге ойларды бекітеді.
Оқушының функционалды сауаттылығын қалыптастыру тәсілдерінің бірі жобалау әдісін қолдану. Жобаны орындау үдерісінде оның сабақ үстінде ұстаздан алған біліммен шектеліп қоймай , сонымен бірге өмірден алған тәжірибелерін, басқа да программаларды меңгеру барысында игергендерін қолдануына тура келеді.
Жобалар оқу жағдайында оқушылар шешімін табуға күш салатындай модельдеуден іріктеледі. Одан бөлек, жобалау тапсырмасы жасалған кезде, оқушының оқудың осы кезеңіне дейінгі қалыптасқан құзыреттілігі қаперге алынуы тиіс.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ақпаратты және коммуникативті құзыреттіліктердің қалыптасуына ықпал етеді.
Міне, сонымен информатика сабағын жобалау әдістерін қолдану оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына қажетті табиғи ортаның пайда болуына себебін тигізеді.
Жоба тақырыбын таңдауға ғана көңіл аударып қоймай , оқудағы жобалық іс-әрекеттердің ұйымдастырылуына да үлкен мән беру керек. Ол оқушының танымдық әрекетінің көкжиегі көрсетілген проблема шешімін тапқанда кеңейе түсетіндей мақсатпен ұйымдастырылуы тиіс. Оқушылар оқудағы жобаны орындау үрдісінде алған құзыреттіліктерінің қолдану аясын бағамдай алатын болу керек.
Жобаның орындалу барысында оқушылардың бұрынғы алған білімдері мен ақпараттық технологияларды пайдаланудағы қалыптасқан іс-тәжірибелерін белсене қолданып қана қоймай , сонымен бірге жаңа нәрселерді біліп,үйренеді.
Оқушылардың тақырып жобасын өз мүдделері мен оқудағы мүмкіндіктеріне сәйкес таңдап алатындықтарының арқасында , жобалық іс –әрекет танымды күшті ынталандырып, өрге сүйрейді,материалды әрі қарай оқып білуге деген қызығушылықты арттыра түседі.
Сонымен бірге оқушыны бұрын және жаңадан алған білімдерінің басын қосып, нақты бір проблеманың шешімін табуға белсене жетелейді.
Жобалық іс-әрекет арқылы жоба тақырыбы аясында басқа пәндерді оқуда алған оқу мәселелері қолданылуы мүмкін болатындай пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.
Психологиялық көзқарасы бойынша , жобалық іс-әрекет жоғары мектеп жасындағы оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне толықтай сәйкес келеді. Оқушылар өздігімен жүзеге асырудың жолын кеңейтуге мүмкіндік алады. Олар сыныптастарымен қарым-қатынас барысында жоба негізінде бір-бірімен талқылау жүргізіп, өз өнімдерін жасап шығады, бұл өз кезегінде тәжірибелік жағынан мұғалімдер мен оқушылардың жоғары бағалауына ие болады.
Басқа әдістермен салыстырғанда жобаны өздігінен орындауы ұтымды болады, өйткені оқушылар жобаны жасауда нақты алгоритм жасап шығаруға мәжбүр болады. Яғни, әр жобаның алгоритмі әртүрлі болғандықтан оқушылар жобаны жасау алгоритмін бір-бірінен көшіре алмайды.
Жобамен жұмыс істеу тәртібін алты кезеңге бөлуге болады. Жобамен жұмыс істеу реттілігі қызметтің өнімділік, танымдылық кезеңдерімен сәйкес келеді: проблемалық жағдайды- мәселе дейміз, ал онда қорытылған және адаммен танылған мәселені шешу әдістерін іздеуді-шешім дейміз.
Жобамен жұмыс істеу классикалық түрде бірнеше кезеңдерге бөлінеді.Жалпы жағдайда олар 6 санымен анықталады. Олардың реттілігі адамның танымдық қызметінің кезеңімен сәйкес келуі керек. Басында проблемалық жағдайдың қойылу кезеңі жүргізіледі, ал одан кейін берілген мәселені шешу жолдары іздестіріледі.