Жобалық ЖҰмыс тақырыбы: Tilda бағдарламасы көмегімен қарапайым сайт жасау



Дата18.11.2022
өлшемі3,13 Mb.
#51081
түріБағдарламасы
Байланысты:
жобааа


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫ Информатика және қолданбалы математика кафедрасы
ЖОБАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Tilda бағдарламасы көмегімен қарапайым сайт жасау
Орындаған: Сапархан М. А
Алматы 2022 ж.
I.Кіріспе
Техниканың дамыған заманында барлығымыз ұялы телефон, ноутбук, теледидар сияқты интернетпен жалғанған техникалық құралдармен қамтылғанбыз. Интернет арқылы ақпараттар тез әрі ыңғайлы жеткізіледі. Барлығымыз ақпаратпен үнемі хабарда жүреміз. Ақпараттың көзі интернетте екені барлығымызға белгілі. Интернеттегі мәліметтерді бейнелеу HTML тілінде жазылады.
Менің жасаған жобамда веб-сайттарды жасау кезінде Тильда веб-сайтты пайдаландым. Тильда бағдарламасының ерекшеліктері өте көп. Оны атап өтетін болсам, сайт құруды жаңадан бастаушылар үшін өте қолайлы, әрі жеңіл конструктор.
Tilda бағдарламалық ортасы-бұл веб-конструктор, оның көмегімен сайт блоктардан жиналады. Сайтты жасау барысында бұл дизайнер сізге бос шаблонды ұсынады және оны таңдағанда сайтты "нөлден" бастайды, сонымен қатар жоғары сапалы дайын шаблондар бар. Шаблондар арналған әр түрлі WEB-ресурстар: бизнес-жобалар, интернет-дүкендер, промо беттер іс-шаралар, байланыстар, презентациялар, лендингов, жеке сайттар немесе портфолио.
    • Web сайт құру технологияларын игеру;
    • Web сайт құруда қажетті технологияны таңдай алуы;

Мақсаты

Міндеттері
    • Интернет мәні мен мүмкіндігін ұйымдастыру
    • Математикалық онлайн сайт бойынша істелінген жұмыстар нәтижесін көрсету

Өзектілігі
1.2Мәліметтерді жинақтау барысы
Tilda Publishing (қысқ. Tilda) - бағдарламалау дағдыларын қажет етпейтін блоктық сайт құрастырушы. Сайттарды, интернет-дүкендерді, отырғызу беттерін, блогтарды және email-таратылымдарды құруға мүмкіндік береді. Платформадағы сайттар мобильді құрылғыларға автоматты түрде бейімделетін және семантикалық санаттарға бөлінетін дайын блоктардан жиналады (мысалы, сайт мұқабасы, мәзір, пішін, мәтін, сурет).
Tilda-ның негізін қалаушы — Никита Обухов – көркемдік жетекші, кәсіпкер, дизайн курстары мен қарқындарының авторы. Tilda Publishing қолданушылары бірнеше марапаттарға ие сайттарды жасайды.
Мен жасаған сайтқа тоқталып кететін болсам, Математика өмірімізде өте маңызды орын алатыны бәрімізге белгілі. Математика барлық саламен тікелей байланыста. Себебі біз өмірімізді математикасыз елестету мүмкін емес. Жобамның тақырыбы ” Математика 0 - ден бастап”.
«Нөлден бастап математика. Жаңадан бастаушыларға арналған — бұл математиканы нөлден бастап өздігінен үйренгісі келетін адамдарға арналған жаңа сайт.
Сайт – «қарапайымнан күрделіге» принципі бойынша ұйымдастырылған математика сабағы. Әрбір сабақ математикадан бір немесе бірнеше тақырыпты қамтиды. Сабақтар кезеңдерге бөлінеді. Бірінші қадамнан үйренуді бастаңыз, содан кейін көтеріліңіз.
Сайттың жасалу жолы
Тильда сайтының басты беті (1 сурет). Бұл жерде сіз тіркеуден өтесіз.
Параметрлер (настройки) батырмасын басып өзімізге керекті суреттерді, батырмаларды және т.б керекті бөлімді таңдап, сайтымызға орналастыра аламыз.
Қорытынды
Қорытындылайтын болсақ, Тильда бағдарламасы сайт жасауға тиімді әрі жеңіл. Бұл бағдарлама арқылы біз өзіміздің ойымыздағы сайттарды жасап шыға аламыз. Және де жасаған сайттарымызды интернетте жарнамалай аламыз.
Республикамыздың білім беру жүйесін ақпараттандыру - еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Бұл жоба болашақта мектеп қабырғасында Web – сайт құру технологияларын қолданып, үлкен жобалар жасауына түрткі болар деген сеніммен осы жобалық жұмысты ұсындым.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет