Жобалық тапсырма нұсқаларын көрсетілген кестедегі фамилияларыңыздың бастапқы әріптері бойынша таңдап орындаңыздар
Тәжірибелік тапсырмалар нұсқасы:
Студент тегінің бірінші әріпі
1
2
3
ЩЯЫ
ҒОҰ
БЖМ
ВЗНТ
ГИУЧ
ӘРХ
ДКӨҮ
АЕҚ
ІЭШ
ПЛС
Жобалық тапсырма 1 Тапсырма 1. Макроэкономика тәуелсіз ғылым ретінде микроэкономикаға қарағанда әлдеқайда кешірек пайда болды. Батыс экономистерінің көпшілігінің бірауызды пікірі бойынша 1936 жылы жарыққа шыққан Дж. М. Кейнстің "Жұмыспен қамтудың жалпы теориясы, пайыз және ақша" кітабы қазіргі макроталдауға негіз болды. Ал бұған дейін макроэкономика болған жоқ па?- Жоқ, өйткені макроэкономикалық көзқарастар,тұжырымдамалар бұрын әртүрлі экономикалық мектептер мен бағыттардың өкілдері арасында болған
Сіздің ойыңызша «Макроэкономиканың пайда болуы және қалыптасуы» деген бөлімді жазуға қандай материалды ұсынуға болады
Тапсырма 2. Проблемалық сұрақтардың жауабын жазыңыздар 1. Қазіргі экономикада көптеген макроэкономикалық проблемалар бар. Сіздің ойыңызша, қандай макроэкономикалық мектептер оларды шешу жолдарын ұсына алады?
3. Қандай негізгі экономикалық мектептерді білесіз және олардың қазіргі экономикадағы рөлі қандай?
Тапсырма 3. Мына берілген қажеттіліктер түрінен Абрахам Масдоу бойынша «Қажеттіліктер пирамидасын құрыңыздар»: 1. Өзін-өзі сыйлау мен қадірлеуге деген қажеттіліктер: мақсатқа жету, өзін таныту, басқа адамдардың сый-құрмет көрсетуі, қоғамда өз орнын табу, т.б.
2. Физиологиялық қажеттіліктер: тамақ, су, киім-кешек, баспана, ұрпақты өмірге әкелу, т.б.
3. Әлеуметтік қажеттіліктер: сүйіспеншілік, махаббат, достық, кейбір топтардың мүшесі болу, өзара мүдделі адамдардың қарымқатынасы, т.б.
4. Қауіпсіздікке деген қажеттіліктер: аурудан сақтану, дау жанжалдан, қорқыныш-үрейден сақтану, т.б.
5. Өзін-өзі мадақтауға деген қажеттіліктер: өз қабілеттіліктерін іске асыру, өз мүмкіндіктерін дамыту және оларды белсенді түрде қолдану, өзара түсіністік, т.б.
Жобалық тапсырма 2
Тапсырма 1. Осы әрбір пунктке өз жауабыңызды дәлелдеңіз а) «не өндіру керек» мәселесі тек ресурстардың шектеулілігі жағдайында ғана туындайды және ол жеке бизнеске ғана тән құбылыс;
ә) «қалай өндіру керек» мәселесі еңбекке қабілетті халықпен толық қамтылған қоғамда орын алмайды;
б) «кім үшін өндіру керек» мәселесі орталықтандырылған қоғам үшін өзекті болып табылмайды.
Тапсырма 2. «Ресурстардың жетіспеушілігі қоғамның және адамның әл-ауқатына әсер етеді ме?» Таңдау бар ма (3-4 сөйлемнен артық болмауы керек)