Жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері мен құралдарының графикалық сипаттамасы



бет2/2
Дата08.12.2022
өлшемі39,98 Kb.
#56024
1   2
Жұмыстың иерархиялық құрылымы (ЖЕҚ) (Work Breakdown Structure, WBS) – қажетті нәтижелер мен жоба мақсаттарына жету үшін жоба командасы орындайтын, нәтижеге бейімделген жұмыстардың иерерхиялық бірігіп байланысуы. Оның көмегімен жобаның барлық мазмұны анықталады және құрылады. Иерархияның әрбір келесі деңгейі, жоба элементтерін одан да толығырақ анықтауды көрсетеді.
ЖЕҚ өңдеуге арналған негіз болып, жоба өнімдері мен оның негізгі сипаттарын анықтайтын, жоба тұжырымдамасы қызмет етеді. ЖЕҚ жоба мақсаттарына жетуге арналған барлық қажетті жұмыстарды анықтауды қамтамасыз етеді. Көптеген жобалар, жоспардың болмауынан емес, бұл жоспарда маңызды жұмыстардың, мысалы тестіден өткізу және қателіктерді түзеу, және жоба өнімдерінің, мысалы қолданушылық құжаттаманың ұмытылуынан құлдырайды. Сондықтан, егер ЖЕҚ дұрыс құрылса, онда оған кірмеген кез келген жұмыс, жоба бойынша жұмыс деп саналуы мүмкін.
ЖЕҚ жобаны жоба ішіндегі жобаға, жұмыстар пакетіне және пакет ішіндегі пакетке бөледі. Бөлшектеп байланыстырудың әрбір келесі деңгейі жұмыс көлемі мен мерзімдерін бағалауды жүргізуге мүмкіндік беретін, жоба мазмұнын ретімен талдап тексеруді қамтамасыз етеді. ЖЕҚ барлық аралық және соңғы өнімдерді қамтуы тиіс.
Жоба жұмыстарын бөлшектеп байланыстыруды әр түрлі орындауға болады. Мысалы, 19.102 – 77 МС каскадты ыңғайды қарастырады және бағдарламалық жүйені өңдеудің келесі сатыларын анықтайды:
1.Техникалық тапсырма.
2.Нобайлы жоба.
3.Техникалық жоба.
4.Жұмыстық жоба.
5.Енгізу.
Егер осы стандартты ұстанса, ЖЕҚ бірінші деңгейінде дәл осы жобалық өнімдер орналасуы қажет. Егер, басқарылатын ғарыш аппаратын немесе ядролық реакторды басқару үшін АБЖ өңдеу керек болса, тура осылай істеу қажет болатын еді. Алайда, ПО коммерциялық өңдеуінде мұндай амал тиімді емес. Біз айтып өткеніміздей, ПО коммерциялық өңдеудің заманауи үрдісі инкрементті болуы тиіс. Бұл, біздің жобамыздың бөлшектеп байланыстыруының жоғарғы деңгейінде жоба өнімдері, ал келесі деңгейінде – осы өнімдер құралатын компоненттер орналасуы тиіс дегенді білдіреді. Компоненттер әрі қарай «фичилерге» бөлшектеп байланыстырылған – олар жүзеге асыруы тиіс функциялар.



    1. Жоспарлау құрылымдары

Жобаның барлық бөлімдеріне (жоба ішіндегі жобалар және жұмыс пакеттері) персоналдық жауапкершілік орнатылуы тиіс. Әрбір жұмыс пакеті үшін шығу кезінде нәтиже нақты анықталуы тиіс. Жоба жұмыстары мен бағалары команданың кілттік қатысушыларымен, орындаушы компанияның басшылығымен және қажет болған жағдайда, тапсырыс берушімен келісілуі тиіс. Келісу нәтижесінде, команда мүшелері жобаны жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді алады, ал басшылық жобаны қажетті ресурстармен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін алады.


Ұйымдастырушылық құрылымды жоспарлау. Ұйымдастырылған құрылым бұл жобаның кілттік қатысушыларының қызметтерінің рөлдерін, міндеттерін және мақсаттарының келісілген және бекітіліп бөлінуі. Ол міндетті тәртіпте жобаның жұмыс топтарының арасындағы жұмыстық өзара қарым – қатынас жүйесінен, есеп беру жүйесінен, жобаны орындау барысын бағалаудан және шешім қабылдау жүйесінен тұруы қажет. Жобаның ұйымдастырылған құрылымы – «тірі» ағза екенін ескерген жөн. Ол жоспарлау кезеңінде пайда бола бастайды және жоба барысы бойынша өзгеріп отыруы тиіс.
Ұйымдастырылған құрылымның тұрақсыздығы – орындаушылардың жиі ауысуы – жобаны басқаруда маңызды мәселе болуы мүмкін, себебі жаңа қатысушының жобаның мән мәтініне кіру уақытымен анықталатын, ауысу бағасы болады.
Конфигурацияларды басқаруды жоспарлау. Конфигурациялық басқару бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісінің маңызды үрдістерінің бірі. Білімнің бұл саласы туралы бірнеше кітап жазылған. Біз, бұл жұмыс жоспарлануы керектігі туралы ғана айтамыз.
Жоба жоспары барлық жобалық құжаттама мен өңделіп жатқан бағдарламалық кодтың бірдей сақталуын қамтамасыз ету, істен шығудан кейін жобалық ақпаратты қайта қалпына келтіру және сақтауды қамтамасыз етуден тұрады. Жобалық команда қатысушылары пайдаланатын жұмыс станциялары мен серверлерін баптау бойынша жұмыстар да жоспарға кіргізілуі қажет. Одан басқа, жоспардың құрамында жүйенің аралық шығуын, сонымен қатар оның соңғы нұсқаларын жинауды ұйымдастыру үшін қажетті жұмыстар да болуы қажет.
Бұл жұмыстарды, ереже ретінде бір – ақ адам – конфигурациялар бойынша инженер орындайды. Егер жоба үлкен болмаса, бұл бағдарламалаушылардың біреуінің қосымша рөлі болуы мүмкін. Мен, бұл рөлді жоба менеджері орындағанын көргенмін. Бұл жұмысты жобаның барлық қатысушыларына «баттастыру», біріншіден, тиімсіз. Өңдеу ортасын, мысалы, қосымшалар серверін және деректер базасын орнату және конфигурациялау, өнімнің нақты нұсқаларының белгілі бір құзыреті мен ерекшеліктерін білуді талап етеді. Егер осы икемділікті барлық өңдеушілер игеру керек болса, онда оған өте көп жұмыс уақыты кетеді. Екіншіден, конфигурацияларды басқару бойынша жұмыстарды «баттастыру», жоба неге құрылмай жатқанын және консистентті нұсқаға қалай шегінуге болатынын ешкім білмеген кездегі, ұжымдық жауапкершіліксізге алып келуі мүмкін.
Конфигурацияларды басқару, егер жобалық командаға өнімнің жаңа функционалдылығын өңдеумен параллель, бұдан бұрын әр түрлі клиенттерге орнатылған осы өнімнің бірнеше релизін ұстап тұру қажет болса, бірнеше қиындап кетуі мүмкін. Осы барлық жұмыстар жоба жоспарында ескерілуі тиіс.
Сапаны басқаруды жоспарлау. Сапаны қамтамасыз ету бағдарламалық инженериядағы білімнің базалық облыстарының бірі. ПО сапасы дегеніміз не және оны қалай тиімді қамтамасыз етуге болатынына қатысты, өте ұзақ ойлануға болады. Біздің курста, біз сапаны қамтамасыз ету қабылдау – тапсыру сынақ уақыты кезінде ғана емес, толық бағдарламалық жоба барысы кезінде орындалуы және алдын ала жоспарлануы тиіс маңызды жұмыс деген өкіммен шектелеміз.
Бұл жұмысты жоспарлау кезінде, жоба өнімі соңғы уақытқа дейін қолжетімсіз, ең жоғары мүмкін болатын сапаны игермеуі керектігін түсінуіміз қажет. Өнімнің қажетті сапасы оған қойылған талаптармен анықталады. Тағы бір айта кететін жайт. Сапаны қамтамасыз етудің негізгі тапсырмасы ол дайын өнімдегі (шығыс қадағалау) қателіктерді іздеу емес, ал оларды өндіріс үрдісі кезінде ескерту. Мысалы, бөлшекті жонғыш белдікте тегіс өңдеу, егер бөлшек тіркелетін сүмбі дұрыс центрленбесе, талап етілетін 1 микрон сапасына тек кенет қана сәйкес келуі мүмкін.
Сапаны басқару жоспары келесі жұмыстардан тұруы қажет:
• Стандарттарға, процедураларға және талаптарға қолданылатын технологиялық операциялар мен бағдарламалық өнімдердің сәйкес келуін объективті тексеру.
• Сапа бойынша ауытқуларды, олардың себептерін анықтау, оларды жою бойынша шаралар қолдану, сонымен қатар қабылданған шараларды орындауды және олардың тиімділігін қадағалауды анықтау.
• Жоғары басшылыққа, жоба деңгейінде жойылмайтын, сәйкессіздік туралы тәуелсіз ақпарат ұсыну.
Көрсетілген бөлімдерден басқа, жоба жоспары сонымен қатар:
• Тәуекелдерді басқару жоспарынан
• Жұмыс мерзімдері мен еңбек сыйымдылығын бағалаудан тұруы қажет.
Жоба нәтижесі – ол, жобаны жүзеге асыру барысында құрылатын, кейбір өнімдер немесе тиімді әсер. Жобаның мақсатына байланысты, нәтиже ретінде: ғылыми өңдеу, жаңа технологиялық үрдіс, бағдарламалық құрал, құрылыс объектісі, жүзеге асырылған оқу бағдарламасы, құрылымын өзгерткен компания, сапаның сертификатталған жүйесі және т.б. бола алады. Жобаның сәттілігі туралы, оның нәтижесі өзінің шығындық, табыстық, инновациялық, сапалық, уақыттық, желілік, экологиялық және басқа да жоспарланған деңгей сипаттарына сәйкес келуімен жорамалдайды.

  1. Жобаны басқару

Жобаның пән саласын басқару. Кез - келген жобаны басқару барысында әрекеттің 2 түрін қатар орындауды есте сақтау маңызды: өнім немесе жоба нәтижесін тікелей құру бойынша (үй тұрғызу, қызмет немесе коммерциялық өнім құру, бизнесті қайта құру және т.б.) және әкімшілік қызметті немесе құрудың осы үрдісін, бұдан бұрын қарастырылғандай, басқару бойынша.


Әрекеттің бірінші түрі жобаның пән саласын басқару немесе пәндік – бағдарланған басқару, ал екіншісі – жобалық – бағдарланған басқару деп аталады.
Жобаның пәндік саласын жоба жұмыстары, мақсаттары, тапсырмалары, олардың көлемі мен тұтынылатын ресурстары анықтайды. Жоба өмірінің үрдісінде, жобаның пәндік саласын құрайтындардың барлығы өзгерістерге ұшырайды:
жұмыс құрамы, мақсаттары, тапсырмалары жобаны өңдеу үрдісінде де, аралық нәтижелерге жету шамасы кезеңінде де өзгеруі немесе нақтылануы мүмкін;
жұмыс көлемі жобаны өңдеу үрдісінде нақтылануы мүмкін, ал жобаны орындау үрдісінде, олар жоба жұмысын аяқтаған кезде «0 ден 100% - ға дейін өзгереді»; тұтынылатын материалдық ресурстар жұмыс сияқты өзгереді.
Пән саласын басқару осы өзгерістерді басқарудан тұрады және мақсаттарды, концепцияларды өңдеу, жоспарлау, есептеу, орындауды бақылау және жобаны аяқтауды анықтау үрдістері арқылы жүзеге асырылады.
Бұл жерде басқару құралы ретінде жобаның желілік кестесін пайдалануға болады.
Жобаны уақыт параметрі бойынша басқару.Уақыт жобаның сәттілігін бағалауда айқындайтын факторлардың бірі болып табылады. Жобаның болашақ негізгі ресурсы ретінде, ол ерекше назарды талап етеді, себебі, жұмсалған уақыттың орнын қайта толтыру мүмкін емес.
Уақытты басқару функциясы жобаны және оның бөлімдерін, жұмыстарды күнтізбелік жоспарлау, жұмыстарды орындау кестелерін бақылау және олардың өзектілігі мен түзетілуін уақытша талдау үрдістері арқылы жүзеге асырылады.
Уақыт параметрі бойынша жобаны басқарудың әлдеқайда маңызды аспектісі болып, оның сипаты мен қажетті ресурстарын есепке ала отырып, жұмысты орындау үшін талап етілетін уақытты бағалау (сағат, күн, апта, ай, жыл) табылады. Жұмыстың ұзақтылығын бағалауға уақыттың шектеулігі, еңбек ресурстарын тұтынуды болжамдау, олардың біліктілігі мен алдыңғы жобаларды орындаудағы тәжірибесі (жоба үзінділері) әсер етеді.
Жұмыс ұзақтылығын бағалауға арналған негізгі әдістер болып:
сараптамалық бағалау;
жоғарыдан төмен қарай бағалау деп те аталатын, ұқсастық бойынша бағалау, бұдан бұрын орын алған жұмыстың нақты ұзақтылығын, осыған ұқсас жұмыс ұзақтығын болашақта бағалауға арналған база ретінде пайдалануды көздейді. Бұл бағалау, жобалар бір типті, ал бағалауды жүзеге асыратын тұлғаларда қажетті тәжірибе болған кезде, әлдеқайда сенімді;
имитация (модельдеу). Имитация әр түрлі болжамдарды жинақтау кезіндегі ұзақтылықты есептеуді ұсынады. Жоба үшін жалпы мүмкін болатын нәтижелерді бөлуді есептеу ретінде пайдаланылатын және әрбір жұмыс үшін мүмкін болатын нәтижелерді бөлу анықталатын, Монте – Карло талдауы кеңінен таралған;
орындау пайызы – аяқталған жұмыс бөлігінің пайызбен көрсетілген үлесі;
орындалатын жұмыс үшін қалған ұзақтылық. Орындау пайызының қорытындысы немесе бағалау жолы арқылы есептеледі;
күнтізбе – жобада жұмыс істеу үшін қабылданған жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін кезеңдер тізімі;
ерте бастау және аяқтау, кеш бастау және аяқтау;
уақыт қорлары – бос және толық. Бос қорды барлық келесі жұмыстардың ерте бастамаларын өзгертпестен, жұмыстың орындалуын тоқтату мүмкін болатын уақыт анықтайды. Толық қорды жобаның ұзақтылығын немесе тегіс аяқталу мерзімін өзгертпестен, жұмыстың орындалуын тоқтату мүмкін болатын уақыт анықтайды. Жұмыстың кеш және ерте аяқталу мерзімдерінің арасындағы айырмашылық ретінде анықталады
нақты бастау және аяқтау – жұмысты бастау және аяқтаудың нақты күндері;
алдыңғы жұмыс – бұл жұмысты орынау мерзімдері, технологиялық (логикалық) жағынан өтіп кеткен болып табылатын жұмысқа тәуелді жұмыс;
келесі жұмыс – бұл жұмысты орындау мерзімдері, технологиялық (логикалық) жағынан осы жұмыстан кейін жүретін жұмысқа тәуелді жұмыс.
Жобаның құны мен қаржысын басқару. Нарықтық экономикада құн факторы жобаны және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруда айқындаушы болып табылады, сондықтан құн, жобаларды басқару кезіндегі негізгі объектілердің бірі болып табылады.
Құнды басқару функциясы жобамен байланысты шығындарды алдын ала бағалаудан, шығындар сметасын анықтаудан, жоба бюджеті мен қаржыландыру көздерінен, қаржы ағындарын жоспарлау, табыстар мен пайданы болжамдау, қаржы құралдарының түсуі мен жұмсалуын қадағалау, шығындардың көбеюі және қаржы жоспарынан ауытқу жағдайында шешімдер қабылдаудан тұрады.
Құнды басқарудың басты тапсырмасы болып жобаның бюджеттік шегін сақтау және оны жүзеге асыруда алдын ала қарастырылған табысқа қол жеткізу табылады. Құнды басқарудың негіздемесіне, қалыптасуы әлі аяқталмаған, тұрақсыз экономика жағдайында жобаға инвестицияның тиімділігін анықтайтын әдістер жатқызылуы тиіс. Нарықтық жағдайларда құнды басқару әдістері мен техникасы әдебиетте толық баяндалған.
Жобаның құндылығын оның бүкіл өмірлік циклі бойынша бөлу ауытқымалы және әдетте, құрылымы болады.
Жобаның өмірлік циклінің кезеңіне және бағалау мақсаттарына байланысты жоба құндылығын бағалаудың әр түрлі түрлері мен әдістерін қолданады. Бағалау мақсаттарының қорытындысы бойынша, осындай бағалаудың анықтығы да әр түрлі болады.
Құндылықты бағалау жобаның жұмыстары мен ресурстарының құрылымын анықтаудын басталады.
Мұндай тапсырмалар жобаны жоспарлау кезінде шешіледі, ал құндылықты басқару жүйесіне (құндылықты бағалау модулі) осы үрдісті орындау нәтижелері түсуі қажет.
Жоба құндылығы жұмыстарды, соның ішінде: құрал - жабдық (сатып алу, жалға алу, лизинг); құралдар, құрылғылар және өндірістік қуаттар; жұмысшы еңбегі (штаттық қызметкерлер, келісім шарт бойынша қабылданғандар); шығыс тауарлары (кеңсе керек – жарақтары және т.б.); материалдар; оқытулар, семинарлар, конференциялар; субмердігерлер; тасымалдаулар және т.б. орындау үшін қажетті ресурстармен анықталады.
Барлық шығындарды: тікелей және тиімсіз шығындар; қайталанатын және бір жолғы; жұмыс көлеміне байланысты тұрақты және айнымалы; мерзімінен тыс жұмыс істегені үшін төлемдер деп сыныптауға болады.
Жалпы, жоба құндылығын бағалау, жобаны сәтті және толық жүзеге асыру үшін қажетті барлық шығындарды бағалау болып табылады. Бұл шығындар әр түрлі экономикалық мағыналармен боялған көріністен тұруы мүмкін. Сонымен қатар мұндай көріністер арасындағы айырмашылық кейде өте нәзік болып келеді.
Шығынның үш түрі болады: міндеттемелік; бюджеттік шығындар (уақыт бойынша бөлінген жұмыс құндылығының сметасы); нақты шығындар (қолма – қол қаржының қайтуы).
Жобаның өмірлік циклінің құрылымына сүйенсек, оның құндылығы келесі құрамдардан тұрады:
Зерттеулер мен өңдеулер құндылығы: инвестиция алдындағы зерттеулер жүргізу, шығындар мен табыстарды талдау, жүйелік талдау, бөлшектік жобалау және өнімнің тәжірибелік үлгілерін өңдеу, жоба өнімін алдын ала бағалау, өнімнің жобалық және басқа да құжаттамасын өңдеу;
өндіріске кеткен шығындар: жоба өнімін өндіру, жинақтау және тесттен өткізу, өндірістік қуаттылықты ұстап тұру;
материалдық – техникалық қамтамасыз ету, персоналға қызмет көрсету және т.с.с.
құрылысқа кеткен шығындар: өндірістік және әкімшілік ғимараттар (жаңаларын құру немесе ескілерін қайта құру);
ағымдық шығындар: еңбекақы, материалдар және жартылай фабрикаттар, тасымалдау, ақпаратты басқару, сапаны қадағалау және т.с.с.;
өнімді өндірістен алып тастау: өндірістік қуаттылықты қайта жабдықтауға кеткен шығындар, қалдықтарды пайдалану.
Кәсіпорынның қаржы ағынын басқару үрдісі белгілі бір принциптер бойынша негізделеді, олардың негізгілері:
Ақпараттың сенімділік принципі. Ақпараттық базаны құру, бухгалтерлік есептің бірегей әдістемелік принциптерінде негізделетін тікелей қаржылық есеп болмағандықтан, белгілі бір қиындықтар туындатады.
Теңгерімділікті қамтамасыз ету принципі. Кәсіпорынның қаржылық ағынын басқару, оларды сыныптау үрдісінде қарастырылған, оның көптеген түрлерімен жұмыс істейді. Олардың басқарудың бірегей мақсаттары мен тапсырмаларына бағынуы кәсіпорынның қаржылық ағындарының түрлері, көлемі, уақыт аралығы және басқа да маңызды сипаттамалары бойынша теңгерімділігін қамтамасыз етуді талап етеді. Бұл принципті жүзеге асыру кәсіпорынның қаржылық ағындарын, оларды басқару үрдісіндегі оңтайландырумен байланысты.
Тиімділікті қамтамасыз ету принципі. Кәсіпорынның қаржылық ағындары кәсіпорынның уақытша бос тұрған қаржылық активтерінің маңызды мөлшеріне алып келетін, жеке уақыт аралығының шамасындағы қаржы құралдарының әркелкі түсуімен және шығындалуымен сипатталады. Жалпы, бұл уақытша бос қаржы құралдарының қалдықтарын, инфляция және басқа да себептер бойынша, уақыт өте келе өз құндылығын жоғалтатын, өндірістік емес активтер (шаруашылық үрдісте пайдалануға дейінгі сәт) сипатына ие.
Кәсіпорынның қаржылық ағындарын басқарудың әлдеқайда маңызды және күрделі кезеңдерінің бірі болып оларды оңтайландыру табылады.
Қаржылық ағындарды оңтайландыру, оның шаруашылық қызметін жүзеге асырудың ерекшеліктері мен шарттарын есепке алғандағы, оларды кәсіпорында ұйымдастырудың ең үздік нысандарын таңдау үрдісін ұсынады.
Оңтайландырудың негізгі мақсаттары болып:
қаржылық ағындар көлемінің теңгерімділігін қамтамасыз ету;
қаржылық ағындардың қалыптасуының уақыт бойынша үйлесімділігін қамтамасыз ету;
кәсіпорынның таза қаржылық ағынының өсуін қамтамасыз ету табылады.
Оңтайландырудың негізгі объектілері болып: оң қаржылық ағын; теріс қаржылық ағын; қаржылық активтердің қалдығы; таза қаржылық ағын саналады.
Кәсіпорынның қаржылық ағындарын оңтайландырудың негізін, олардың оң және теріс түрлерінің мөлшерін теңдестіруді қамтамасыз ету құрайды.
Кәсіпорынның төлеу қабілеті деңгейінің және өтімділігінің төмендеуінен, шикізаттар мен материалдарды жеткізушіге мерзімі өтіп кеткен несиелік қарыздың өсуінен, алынған қаржылық несиелер бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыз бөлігінің өсуінен, еңбекақыны төлеуді кідіртуінен, қаржылық цикл ұзақтығының өсуінен, соңында – кәсіпорынның жеке меншік капиталы мен активтерін пайдаланудың тиімділігінің төмендеуінен қаржылық ағындар тапшылығының теріс салдары пайда болады.
Қаржылық ағын тапшылығын оңтайландырудың әдістері осы тапшылықтың сипатына байланысты – қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді.
Оң қаржылық ағын көлемінің өсуі ұзақ мерзімді кезеңде жүреді.
Артық қаржылық ағындарды оңтайландыру оның инвестициялық белсенділінің өсуін қамтамасыз етумен байланысты:
айналымнан тыс операциялық активтерді кеңінен өндіру көлемінің өсуі.
шынайы инвестициялық жобаларды өңдеу және оларды жүзеге асыруды бастау кезеңін жылдамдату.
кәсіпорынның операциялық қызметін жергілікті әртараптандыруды жүзеге асыру.
қаржылық инвестициялар қоржынын белсенді қалыптастыру.
ұзақ мерзімді қаржылық несиелерді ұзақ өтеу.
Жобадағы қауіпсіздікті басқару. Жобадағы қауіпсіздікті басқару (Project Safety Management) – қауіпсіздікпен, денсаулықпен және қоршаған ортамен байланысты негізгі мәселелердің шешімі.
Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін тиімді іске асырудың ерекшелігі оның екі негізгі бағытта қызмет етуінде: ұйымдастырушылық және технологиялық.
Кезеңдік қайта бағалауға келесі негізгі позициялар жатуы тиіс:
Ақпараттық ресурстар тізімдемесінің анықтамасын және оларды жұмыс топтарына біріктіру ережелерін қоса есептегенде, ақпараттық жүйенің күйі.
Бизнестік көзқараспен қарағанда сыншылдық деңгейі бойынша санаттауды және белгілі бір санатқа жататын ақпараттың сенімін жоғалтқан жағдайдағы зиянның ықтималдық материалдық бағасын қоса есептегенде, ақпараттық жүйе өңдейтін ақпарат.
Қолданушы топтарын белгілі бір ақпараттық ресурстарға жататынын, топтағы қолданушылар санын, қолжетімді ақпарат санаттарын, ақпаратқа рұқсат беру түрлері мен құқықтары, ақпараттың қолжетімділігін анықтаудан тұратын (әрбір қолданушы топтарының ақпаратқа рұқсат алу кезіндегі күту уақыты), ақпараттық жүйені қолданушылардың жұмысын ұйымдастыру.
Ұйымдастырушылықты функционалдау, бизнес – үрдістерді және олардың ақпараттық ресурстарға және өңделіп жатқан ақпарат санаттарына байланысын анықтау.
Қорғау құралдары, ақпараттық ресурстарға рұқсат берудің физикалық қорғанысын ұйымдастыру, ақпаратты қорғауды ұйымдастыру, жұмыс орындарын қорғауды ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздікке жұмсалған шығындар мониторингі.
Ақпараттық жүйенің қорғалу деңгейі, ұйымдастырушылық шараларды, ақпараттық ресурстарға рұқсат берудің физикалық қорғанысын, персонал қауіпсіздігін, коммуникациялар мен үрдістерді басқаруды, рұқсат беруді қадағалау процедураларын, ақпараттық ресурстардың орындалып жатқан файлдары мен кітапханаларына өзгерістер енгізу мүмкіндігін, бизнесті үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ету жоспарын өзекті күйде ұстау және қызмет ету, қауіпсіздік саясатының құжатталған талаптарына сәйкес келуін қайта қарастыру.
Өз кезегінде, технологиялық құрам, жобаға жүйелік жағынан келумен сипатталып, ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін басқарудың функционалдық жүйесіне сүйенуі тиіс. Бұл тәсіл күрделі жүйелерді жобалау кезінде қажетті декомпозиция принциптерін әлдеқайда толық пайдалануға мүмкіндік береді.
Декомпозиция принципіне сәйкес, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің технологиялық құрамын шартты түрде келесі жоғары деңгейлі жүйе ішіндегі жүйелерге бөлуге болады: инфроқұрылым қауіпсіздігі; ақпарат қауіпсіздігі; ақпаратты өңдеу құралдарының қолжетімділігі; ақпаратпен операция жүргізу кезіндегі қауіпсіздік.
Тәуекелділікті бағалау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші қадамы болып табылады. Қауіпсіздік «өз бетімен» қарастырылмайды, бірақ бизнес – үрдістерді қамтамасыз ету және сәйкесінше тәуекелділікті азайтуға арналған саясат пен қадағалаудың сәйкесінше құралы ретінде қарастырылады. Осылай, ақпараттық қауіпсіздікпен – тәуекелділікті басқару циклінің жіберу нүктесімен (ақпараттық қауіпсіздікпен) байланысты бизнес тәуекелділікті анықтау.
Ұйым қызметкерлері ақпараттық қауіпсіздік бағдарламасының әр түрлі аспектілеріне қатысып, сәйкесінше икемі мен білімі болуы тиіс. Қызметкерлер, шеберліктің қажетті деңгейіне, ұйым мамандары да, сыртқы кеңесшілер де жүргізе алатын тренингтер арқылы жетуіне болады.
Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы саясаттар белгілі бір процедуралар қабылдау және қадағалау (басару) құралдарын (механизмдерін) таңдаудың негіздемесі болып табылады. Ішкі қадағалаудың басқа да салалары сияқты, ақпараттық қауіпсіздік үшін, саясатты талап ету тікелей тәуекелділік деңгейін бағалау нәтижесіне байланысты.
Қолданушыларға қолжетімді және түсінікті бірдей саясаттарды жан – жақты жинау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасын орнатудың алғашқы қадамдарының бірі болып табылады.
Ақпараттық қауіпсіздік саясатын құрудың жалпы маңызы (1) жоғары деңгейдің қысқаша (ықшамды) саясатын және тәжірибелік нұсқаулықтар мен стандарттарда көрсетілген, әлдеқайда толық ақпарат (2) қарастыру. Саясаттар, жоғарғы басшылықпен қабылданған негізгі және міндетті талаптарды қарастырады. Ал тәжірибелік нұсқамалар барлық бизнес бөлімшелері үшін міндетті болып табылмайды.
Басқару тобы бизнес – бөлімшелерінің менеджерлерімен, ішкі аудиториямен және заңгерлермен өзара байланыс ұйымдастырудың ақпараттық қауіпсіздік саясатын өңдеуге жауапты болуы тиіс.
Қолданушылардың біліктілігі сәтті ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін міндетті болып табылады, сонымен қатар қадағалау құрылғыларының дұрыс жұмыс істеп жатқанына кепіл бере алады.
Басқарушы топ ұйымның ақпараттық қауіпсіздігіне әсер ететін қызметкерлерді тұрақты оқыту стратегиясын қамтамасыз етуі тиіс. Топ, өз назарын ұйымда өңделетін ақпаратпен байланысты тәуекелділікті жалпы түсінуге, сонымен қатар осы тәуекелділікті төмендетуге бағытталған саясаттар мен қадағалау әдістеріне (құралдарына) жинақтауы тиіс.
Қызметтің кез келген түрі сияқты, ақпараттық қауіпсіздік, алға қойылған мақсаттар саясатының және қадағалау құралдарының (әдістерінің) бірегейлігіне (сәйкестігін) кепіл бере алуы үшін, қадағаланып және ара – тұра бағалаудан өтіп тұруы қажет.
Қадағалау, ең алдымен, оқиғалар санын қысқартатын және қолданушылар түсінігін жақсартатын ақпараттық қауіпсіздік саясаты мен бағдарламасының тиімділігін бағалауға және тәуекелділікті төмендетуге бағытталған құралдар мен қадағалау әдістерінің болуына және оларды пайдалануға жұмсалуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет