Жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері мен құралдарының графикалық сипаттамасы
Жоба деп алға қойылған мақсатқа жету үшін бағытталған, уақыт бойынша бөлінген шаралар немесе жұмыстар жиынтығы аталады. Жобалардың мысалдары болып ғимараттар, кешендер, ұйымдар құру, өнімнің жаңа түрін шығаруды меңгеру, өндірісті жетілдіру, бағдарламалық өнімді өңдеу және т.б. табылады.
Жоба белгілі бір қасиеттерге ие:
1.Кейбір нәтижелерді алумен көрсетілетін, жобаның әрдайым белгілі бір мақсаты болады. Осы нәтижеге жету жобаны сәтті аяқтау және бітіру дегенді білдіреді. Мысалы, ғимаратты құру жобасы үшін нәтиже болып, пайдалануға берілген ғимараттың өзі табылады.
2.Жобаның, алға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, алғашқы жұмыс бастамасымен сәйкес келетін, нақты суреттелген бастамасы болады. Бастама директивті түрде берілуі, немесе жоба бойынша жұмыс жоспарын құру нәтижесінде есептелуі мүмкін.
3.Жобаның, берілген нәтижеге қол жеткізуге бағытталған, соңғы жұмыстың соңымен сәйкес келетін, нақты суреттелген соңы болады. Бастама сияқты, соңы да директивті түрде берілуі, немесе жұмыс жоспарын құру кезінде есептелуі мүмкін. Мысалы, ғимаратты құру жобасы үшін, жобаның соңы оны пайдалануға тапсыру/қабылдау актісінің күнімен сәйкес келеді.
4.Жоба, құрамы жоба басшысынан, менеджерден, орындаушылардан тұратын командамен орындалады. Негізгі командадан басқа, жеке жұмыстарды орындау үшін уақытша негізде тартылатын, бөтен орындаушылар, командалар және ұйымдар қатысады.
5.Жобаны жүзеге асыру кезінде материалдық ресурстар пайдаланылады. Олардың тізімдемесі мен саны жоба сипатымен және оған кіретін жұмыстармен анықталады. Сонымен, үй салу кезінде, құм, қиыршық тас, цемент, кірпіш және т.б. пайдаланылады.
6.Жобаның бюджеті болады. Жобаның құны шығындалған материалдық ресурстар бағасынан, нақты жұмыс түрінің ерекшеліктерімен байланысты, оны жүзеге асыратын команданың еңбегін төлеуге кеткен және басқа да шығындардан жинақталады.
7.Жобаның үш түрлі шектеулігі болады.
Бюджет бойынша шектеуліктер толық жобаның немесе жұмыстың жеке түрлерінің шектен құнын орнатады.
Уақыт бойынша шектеуліктер толық жобаны, немесе кейбір жұмыстарды аяқтаудың шектен тыс мерзімін береді. Мысалы, тесттік сынақтар көрсетілген уақыт аралығында болатын, тапсырыс беруші өкілінің болуымен өткізілуі тиіс.
Жоспарлау мен басқару
1.1 Жоспарлау мен басқарудың негізгі түсініктемелері
Жоспарлау үрдістері, олардың жобаларды басқару үрдістерінің ортасындағы орны мен рөлі. Жоспарлар түрлері (стратегиялық, ағымдық, жедел). Жоспарлаудың негізгі және қосымша процедуралары. Жоспарлау принциптері. Жоба мазмұнын жоспарлау.
Жоба үшін жоспарлау үлкен мағына береді, алайда, жобаларды басқаруды – негізінде жоспарлау деп санау дұрыс емес. Жоспарлауға жұмсалатын күшті жоба мақсаттарымен және алынған ақпараттың қажеттілігімен өлшеген жөн. Жоспарлау – бұл жобаның барлық кезеңінде орындалатын тұрақты үрдіс. Жоспарлаудың мәні жобаға қатысушылардың – ұйымдастыру әрекеттерін келісу, ресурстардың үйлесімділігі, осы жұмыстарды жүзеге асыру әдістері мен құралдарын қолдану кезінде орындалуға тиіс жұмыстар кешенін (шаралар, әрекеттер) қалыптастыру негізінде олардың жетістіктерінің әдістері мен мақсаттарының тапсырмасынан тұрады.
Жобаларды басқару әдістемелігінде жоспарлардың келесі жүйесі қалыптасқан. Жоба, басқарудың төрт фундаменталдық деңгейінен тұрады: тұжырымдамалық, стратегиялық, ағымдық және жедел, олардың әрқайсысына жеке жоспар құрылуы тиіс.
Тұжырымдамалық деңгейде жобаның тапсырмалары, мақсаттары анықталады, болжамдалған нәтижелерге жету бойынша әрекеттердің баламалы нұсқалары қарастырылады, жобаны жүзеге асырудың тұжырымдамалық бағыттары белгіленеді (пән саласы, ірілендірілген жұмыс құрылымы мен оларды дамыту логикасы, негізгі кезеңдері, ресурстардың ұзақтылығын, құндылығын және тұтынушылығын болжамдап бағалау).
Стратегиялық деңгейде жоспарда анықталатындар:
объектілерді енгізу мерзімдерімен, өндірістік қуаттылығымен, өнімді шығару мөлшерімен сипатталатын мақсаттық кезеңдер; жұмыстар кешенін (нөлдік цикл, қаңқаларды монтаждау және т.б.) аяқтау, өнімді жеткізу, жұмыс аумақтарын дайындау мерзімдерімен сипатталатын жоба кезеңдері; ұйымдастыру – орындау кооперациясы; ресурстарды жылдарға және тоқсандарға бөліп тұтыну.
Жоспардың бұл кезеңдегі негізгі бағыты – жүзеге асырудың аралық кезеңдері жобаның соңғы мақсаттарына бағытталған логикалық реттілікке қалай тұратынын көрсету.
Жедел жоспар қатысушыларға тапсырмаларды жұмыс кешендері бойынша бір айға, аптаға, тәулікке талдап береді.
Егер жоспардың ірілендірілген құрылымын жобаның өмірлік циклінің фазасы бойынша қарастырса, онда жоспардың келесі жүйесі туындайды.
Инвестиция алдындағы кезеңде инвестиция алдындағы негіздеме және ТЭО құрамында ресурстардың негізгі түрлерінің қажеттілігінен тұратын, жобаның ірілендірілген болжамдық жоспары құрылады.
Жобалық құжаттаманы өңдеу кезеңінде құрылысты ұйымдастыру жобасының (ҚҰЖ) құрамында: жобаның жалпы нақтыланған жоспары; жобаның құрылыс бөлімінің күнтізбелік жоспары; дайындық кезеңінің күнтізбелік жоспары; ірілендірілген желілік кесте (күрделі жобалар үшін); құрылыстық бас жоспар (құрылысбасжоспар); объектілерді тұрғызудың ұйымдастырушылық – технологиялық сызбасы; негізгі жұмыстар тізімдемесі; материалдық – техникалық ресурстардың қажеттілігі; құрылыс машиналарының қажеттілігі өңделеді.
Құрылыс кезеңінде жұмысты өндіру жобасының (ЖӨЖ) және ұйымдастырушылық – технологиялық шаралар құрамында: объект бойынша жұмыс өндірудің күнтізбелік жоспары; кешендік желілік кесте; объектінің құрылысбасжоспары; объектіге құрылыс материалдарының түсу кестесі; жұмыс кадрларының қозғалыс кестесі; технологиялық карталар; әр түрлі жұмыс түрлерін орындау жөніндегі шаралар; жедел – диспетчерлік басқару бойынша ұсыныс өңделеді.
Жоспарлау үрдістері жоба мазмұнын өңдеуден басталып, оның жоспарын құрумен аяқталады.
Жоспарлаудың негізгі үрдістері тегіс жоба бойынша да, және оның жеке фазалары бойынша да бірнеше рет қайталануы мүмкін.
Негізгі үрдістерге жоба мазмұнын жоспарлау және оны құжаттау; жоба мазмұнын сипаттау, оны жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін анықтау, оларды басқаруға болатын өте ұсақ элементтермен бөлшектеп байланыстыру; жұмыстардың реттілігін және өзара байланыстылығын анықтау, олардың ұзақтылығын бағалау; ресурстарды жоспарлау; кестені есесптеу; смета құру, сметалық шығындарды жоба бюджетін өңдеудің нақты әрекет түрлерімен байланыстыру; жоба жоспарын құру, жоспарлаудың жеке үрдістерінің нәтижелерін жинау және оларды жалпы құжатқа біріктіру жатқызылады. Қосымша үрдістер қажет болған жағдайда ғана орындалады.
Жоба мазмұнын басқару (Project Scope Management) жобаны сәтті аяқтау үшін қажетті әрекеттердің барлық түрлерінен тұратынын дәлелдеу үшін қажет үрдістерден тұрады.
Жобаларды басқару мәнмәтінінің мазмұнында келесі мағыналар кездесуі мүмкін: өнім құрамы – өнімді немесе қызметті сипаттайтын қасиеттер мен функциялар; жоба құрамы – көрсетілген қасиеттері мен функциялардан тұратын өнім алу үшін орындалуға тиіс жұмыстар. Мазмұнды жоспарлау – жоба өнімін құру үшін қажетті, жобаның негізгі жұмыс түрлерін құжаттау және реттік өңдеу үрдісі.
Өнімді талдау, өнім (қызмет) орындайтын функциялар құрамын әлдеқайда терең түсіну жетістігін болжамдайды. Бастамалау үрдісінде, жоспарлауды өңдеуде жоба командасы болашақ өнімнің (тауардың) үш деңгейін ескеру қажет: ойыңдағы тауар (ол не болады); шынайы орындаудағы тауар (қаптау, сапасы, дизайны, тауар таңбасы, ерекше қасиеттер жиынтығы және т.б.); қосымша нығайтуы бар тауар (кепілдік міндеттемелер, ілеспе тауарлар, жеткізу және монтаж).
Жоба нәтижесі болып, өнім ғана емес, кәсіпорынға пайда әкелетін тауар шығуы қажет. Пайда мен шығындарды талдау оны жүзеге асырудың балама нұсқаларының шегіндегі жобаның материалдық және материалдық емес шығындары мен табыстарын бағалауға мақсатталған. Жобаны бағалау үрдістері мен критерийлері 3 дәрісте қарастырылған.
Мазмұнды жоспарлаудың қорытынды кезеңі болып:
жоба негіздемесі (жобаны орындау нәтижесінде шешілетін бизнес – қажеттілік пен тапсырмаларды сипаттау); жоба өнімін сипаттау; жобаның негізгі мақсаттары (жетістігі жобаның аяқталғанын білдіретін өлшенетін және тексерілетін нәтижелер); олардың жетістіктерінің мақсаттары мен критерийлері (барлық тараптар бірдей түсінетін, өлшенетін, тексерілетін); жоба құрамына кірмейтіндерді сипаттау көрсетілген, жобаның мақсаттарын, тапсырмаларын және нәтижелерін анықтайтын құжат болып табылады.
Құрамды нақтылау аз және көп басқарылатын компоненттер құрамының констатациясында анықталған, жобаның негізгі нәтижелерінің бөлімі қарастырады. «Құрамды анықтау» үрдісінің құрылымы.
Құрамды анықтау және нақтылау: құны, уақыты және ресурсы бойынша бағалаудың нақтылығын жоғарылату; орындау үрдісін бақылау және өлшеуге арналған базисті анықтау; жауапкершілікті нақты бөлу мақсатында қажет.
Жобаны жүзеге асыру барысында оның құрамы мен басқарылуын дәлелдеу жүреді. Құрамды дәлелдеу – жобаға қатысушылардың (инвестор, клиент, тапсырыс беруші) құрамды ресми қабылдау үрдісі. Ол оларды дұрыс және қанағаттанарлықтай орындалуын дәлелдеу үшін жұмыс нәтижесі мен өнімді қарастыруды жөн санайды.
Құрамның өзгеруін басқару – ол: қабылданған өзгерістерді дәлелдеу үшін шақырылатын өзгерістер факторларының әсерімен; құрамның өзгеру фактісін анықтаумен; пайда болу шамасы бойынша нақты өзгерістерді басқарумен байланысты үрдіс.
Жобаның өмірлік циклі – оны бастау және аяқтау сәттері аралығындағы уақыт аралығы. Ол төрт фазаға бөлінеді.
Тұжырымдамалық фаза. Мақсаттарды қалыптастырудан, инвестициялық мүмкіндіктерді талдаудан, жүзеге асыруды негіздеуден (техникалық – экономикалық негіздеу) және жобаны жоспарлаудан тұрады.
Жобаны өңдеу фазасы. Жұмыс құрылымы мен орындаушыларды, жұмыстың күнтізбелік кестесін, жоба бюджетін құруды, жобалық – сметалық құжаттаманы, мердігерлермен және жеткізушілермен келіссөздер мен келісім шарттарға отыруды анықтаудан тұрады.
Жобаны орындау фазасы. Жобаны жүзе асыру бойынша жұмыстардан, соның ішінде құрылыс, маркетинг, персоналды оқыту және т.б. тұрады.
Жобаны аяқтау фазасы. Жалпы жағдайда қабылдау сынақтарынан, тәжірибелік пайдаланудан және жобаны пайдалануға беруден тұрады.
Жобаны жоспарлау
Достарыңызбен бөлісу: |