1. Жұбан Молдағалиевтың еңбек жолы мен шығармашылығы. 2.Жұбан туралы қалдырған ой -пікірлер 3. Қорытынды.
Өмірбаяны
Өлеңге ерте келіп, кеш ер жеттім.
Ойлағам шалалықты кешер деп кім?
Қағазға қалдыруға асығыппын
Көңілдің қуанышын, кесел дертін».
Ж. Молдағалиев.
Оқушы қауымға аты әбден қанық, белгілі ақын Жұбан Молдағалиев – қазақ поэзиясының, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі өкілі. Жұбан Молдағалиевтің поэзия төрінен өзіне лайық орын алу кезеңі әріден, соғыстан кейінгі ұлы дүбір дәуірінен, елімізді қайта қалпына келтіру заманынан басталады. Жұбан Молдағалиев қазақ өлеңімен бірге, бүкіл көп ұлтты кеңес поэзиясын ілгері дамытқан айтулы ақын, көркем сөз шеберіне айналды.Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Орал облысының Тайпақ ауданында Сайқұдық деген жерде (Қазіргі «Өлеңті» совхозында) туған. Әкесі жастай қайтыс болған ол ана тәрбиесінде өсіп, өз аулында орталау білім алады. Кейін Оралдың ауыл шаруашылық техникумында оқиды. Болашақ ақынның әдебиетке әуестенуімен өлең жазуға жасаған алғашқы талабы да Оралда басталады. Ол әдебиет үйірмелерінің жұмысына белсенді қатысады. 1939 жылы «Комсомол ұрпағы» атты облыстық жастар газетінде оның «Ленин тірі» деген тұңғыш өлеңі жарық көреді.1940 жылы Жұбан міндетті әскери қызметке шақырылады да, сонда жүріп Ұлы Отан соғысын қарсы алады. Ақынның одан кейінгі шығармашылық өмірі майдан жағдайында өтеді. Оның жас қаламы жауға қарсы ұрыстың ауыртпалық сезімін бастан кеше отырып қаз тұра бастайды. Ақын өзі «Отан үшін», «Майдан ақиқаты», «Жеңіс туы» атты майдан газеттерінде қызмет істеп, өлеңдерін жариялайды.
Совет Армиясы қатарынан кейін Жұбан «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Жұлдыз» журналының редакцияларында, Қазақстан жазушылар Одағында басшы қызметтер атқарды.
Жұбан отбасымен бірге Шығармашылығы "Жыр туралы" поэмасында (1963) татар акыны Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлилдің ерлігі бейнеленген. Ол "Жесір тағдырында" (1965) қазақ әйелінің өткен заманғы қатал тағдыры мен оның жаңа өмір жолындағы күресін көрсетті. "Мен қазақпын" поэмасында қазақ халқының өмірі, ұлттық ерекшелігі реалистік тұрғыда берілген. "Айттым сәлем" лирикалық поэмасы (1967) махаббат пен ерлікті жырлайды. "Кісен ашкан" (1969) поэмасында Құрманғазының осы аттас күйіне құлақ қойып, ой жібере отырып, өскен өнер, өркендеген халық тағдыры баяндалған. Оның ақындық өнерін айқын танытқан бұл шығармасына Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы (1970) берілді. 1970 жылы Жұбан Молдағалиевтың таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрді. Жұбан Молдағалиев көркем аударма мен публицистика саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Бірсыпыра шығармалары: ағылшын, неміс, араб, испан, поляк, монгол, француз, венгр және басқа шетел тілдерінде басылып шықты. Ол Абайды Ұлы ұстаз тұтып, өз шығармаларында ақын бейнесін шебер өрнектеген. Солардың арасында шоқтығы биігі - «Абай шыңына» (Шығ. жинағы. 1 т., 1979) өлеңі: «Шаншылып Алатаудың ұршығындай,
Шабыттың шырқап биік ыршуындай,
Шолып тұр шартарапты Абай шыңы,
Шытырман, жакпар-жақпар жыр шыңындай...» - деп,
ол ешбір кіріспесіз-ақ кемеңгер ақын бейнесін кескіндеуге бірден бет бұрады. Алатау - Абай тұлғаларының қатар алынуында терең мән жатыр. «Шыңдардың ақиығы, мұз балағы, Бөктерде балалаған құз қалады...»- деп, ақын Абай шыңын «шыңдардың ақиығына» балайды. Өлең ұлы ақынның Алматыда орнатылған зәулім ескерткішіне назар аударумен түйінделеді. Кемеңгер ақын бейнесін ол басқа да жырларында сомдай түскен. «Қазақшадан аударылған» (1971) деген өлеңінде ол қазақ жеріндегі шоқ жұлдыздар қатарында Абай есімін алдымен атайды. «Пір» (1972) өлеңінде Александр Сергеевич Пушкин поэзиясымен алғаш Абай аудармасы арқылы танысқанын баяндайды. «Мен - қазақпын» (1963-64) дейтін атақты дастанында ол Абай бейнесіне ойша оралып, ол қазақ халқы тарихының бөлінбейтін бір бөлшегі, асқаралыбелесі екенін ескертеді. Әдебиет жайындағы мақалаларында ол Абай тұлғасына бір соқпай өтпейді. «Қазақ әдебиеті» газетіңде жарияланған мақаласында («Ерлікпен тең еңбек», 1969, 7-желтоқсан) Абайдың орыс тіліне аударылуы туралы сөз қозғайды. Құрманғазы өмірінен жазылған «Кісен ашқан» поэмасы үшін 1970 ж. Молдағалиевқа Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.[6] Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерімен біршама жыр туындылары орыс, ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, венгр, араб, монғол, қырғыз, өзбек, қытай, түрік т.б. тілдерге аударылған.
Осы айтылғандар ақынның ел басына аса қауіпті күндер туғанда ержетіп, соғыстың ыстығы мен суығына көніп, оны өз басынан кешіріп өскен, ерте есейген саналылық жайынан хабар береді. Ақын басқаша айта алмайды, басқаша сөйлей алмайды. Оның поэзиялық тілі соғыс тілімен, қатал күндердің қатал үнімен шыққан, жүрек пен ойды билеп алған отаншылдық сезімге суарылған. Соңғы жылдары Жұбан өзінің туған халқының жаңарған өмірін жырға қоса отырып, халық тағдыры, тарихи дамудың заңдылықтары туралы толғаныстарға көбірек толғанды. «Өлкем жайлы ойласам», «Қанат туралы толғау» атты өлең-жырларында ол туған жердің бүгінгі өзгерістерін ескі дәуір суреттерімен салыстыра отырып көрсетеді. Сол арқылы ақын адам мен уақыттың, халық пен қоғамның арақатынасын, күресін бейнелейді. Жұбан — лирик қана емес, талантты эпик ақын. Оның ойшыл да сыршыл поэмалары қазақ поэзиясының елеулі табыстарына қосылады. Ақынның «Қиял қанаты», «Мереке дастарқаны», «Мен-қазақпын», Мысалға:Абайдың биыл 175 жыл мерей тойы тойланғалы отыр,біз Абайдың «Айттым сәлем қаламқас» ,Жұбанның «Айттым сәлем» Өленің салыстыру мақсатында Бұл әннің мәтініне мән берсек, Абайдың әйел затының әйдігі, хор қызындай сұлуға соншалық ынтық болғанын анық аңғарамыз. Сонда «Ұлы ақынның жүрегін жаулаған, тұла бойын оттай күйдірген Қаламқас ару кім болды екен?» деген сауалдың құлақты қылтитатыны заңдылық.Осыған байланысты 1993 жылы республикалық «Парасат», «Қазақстан әйелдері» журналдарында бұл әнге қатысты бірқатар ғалым, әдебиетшілеріміз пікірталас өрбітіп, олардың дені мұны «Абай жолынан» есімі елге таныс Сүйіндіктің қызы Тоғжанға арналды деген байламға токтаған-ды. Және әлі күнге дейін бұл болжамды мақұлдаушылар катары көп. Алайда, Абайды ғашық еткен Қаламқасқа қатысты басқа да деректер жоқ емес. Мұндай деректі өз тарапынан көнекөздердің айтқандарына сүйене отырып зерттеу жұмыстарын жүргізген жармалық айтыскер ақын Қалихан Алтынбаев анықтаған. Өзінің зерттеу еңбектерінде ақын ағамыз әйгілі әннің кейіпкері Найманның Қаракерей руының ішінде Мұрын тармағынан өрбитін Тана мырзаның немере інісі Жәнібектің қызы Тұржан сұлу деген пікірді құп санайды.«Тоғжан қыз Абайдың қолы жеткен арманы. Ал адам баласы қолы жеткен арманына өліп-өшіп есі кете ынтықпаса керек-ті деп баяндалған. Жұбанның «Айттым сәлем» Оның бәрін ақынның өз басының тарихы немесе өзіндәріптеу деп ұғыну, әрине мүлде қате болар еді. «Айттым сәлем» атты
поэмада:Жүрдім өмір - өлімнің қиясында.
Қызыл қандай сол күннің сиясы да.
Мен болсам Жер деген жұмыртқа – доп
Жүзер ме осынау ұясында?-деген сияқты шумақтар арқылы көп жағдайда «Мен» деген сөзге тіреліп отырады. Ж. Молдағалиевтің «Айттым сәлем» поэмасының идеясы: Отан қорғауға аттанған қос ғашықтың бір-біріне, Отанына деген шексіз махаббаты. Отанды қорғау болашақ ұрпақтың алаңсыз, қамсыз өмір сүруінің кепілі. Автор келер ұрпаққа Отан қорғаушыларды ұмытпауға, олардың ерлігін үлгі етуге үндейді.
Абай Құнанбаев «Айттым сәлем, қаламқас» өлеңі 7-8 буынды, 3 бунақты, қара өлең ұйқасын құрылған.
Ж. Молдағалиевтің «Айттым сәлем» поэмасы 11 буынды, 3 бунақты, қара өлең ұйқасына құрылған.
Абай өз өлең інде ғашықтықты сөз етсе, Жұбан деген махаббатты жырлайды.
Күз - Жұбан Молдағалиев. Күндері бар қызуы әбден сөнбеген, Гүлдері бар қызылы әлі сембеген. Күз де менің елу жасым сияқты, Жаздар өтіп, қыс келер деп сенбеген. Қызылы да, қызу да жаз сарқыны, Тоңазытқан таңғы шықтар салқыны, Күз де менің елу жасым сияқты «Ертең» емес, «кеше» болған сол күні. Жалт ойнайды нажағайлар жырақта. Шөмелелер өртенбейді бірақта. Күз де менің елу жасым сияқты Дірілдейді қарап айна бұлаққа
Абайдың «Күз» өлеңінде қазақ ауылының «жабырқаңқы» көңіл күйі табиғат көрінісімен тұтастықта суреттеледі. Суреткер көңілсіз қара суық арқылы халықтың жүдеу тұрмысын шынайы бейнелейді. Өмірде қарапайым адам аңғара қоймайтын нәрселер Абай назарына бірден ілігеді. Дәл осы елеусіз нәрселер шындыққа апаратан, өлеңнің өзегін айқындайтын негізгі ойға айналады
Абайдың «Қалың елім,қазағым».Бұл кезде жазған өлеңдерінде Абай озық мәдениетті насихаттаумен қатар,әлеуметтік,азаматтық санасы өскен халықтың үлкен қайраткері дәрежесінде көрінеді.Оның өлеңдерінен еңбекші халық мүддесін қорғаған азаматтың үні естіледі.Өзі билеуші тап ортасынан шықса да,тарихи дамудың беталысы мен қоғамдық шындықты түсінген ол еңбекші шаруаға шындап бет бұрғанын байқатады.Оларды «елім», «жұртым», «халқым» деп,дос тұта сөйлейді.Осы бетбұрыста Абай сол халықты жүдетіп,шаршатып отырған ұнамсыз әрекет-мінездерді,олардың ішкі сырын үлкен шеберлікпен ашатын психолог ақын ретінде танылады.Заманы мен өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшілік-қайшылықтарын өткір және әділ мінеп-сынайды.Бұл сарын,әсіресе,Абайдың «Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» деп аталатын өлеңінде анық байқалады.Мұнда өз халқының басындағы қайғы-мұңды көріп дерттеніп, «Қалың елі-қазағының» қазіргі халіне қинала сөйлеген ақын бар.Ел ұйытқысын бұзған,оның берекесін кетірген әкімсымақтарға деген оның ызасы да мол.Бас-басына би болған өңкей қиқым,Мінеки,бұзған жоқ па елдің сиқын?-деп,ол ел ішіндегі адамгершілік жағынан да,мінез-құлық жағынан да татымсыз топты бөліп көрсетеді.
Жұбан ағамыздың «Мен-Қазақпын» Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркем деп жырлап білді. Әсіресе, еліміз егемендік алып, қазақтығымызды, оның азаматтық жолындағы «Мың өліп, мың тірілген» күндерін еске алғанда, Жұбан аға жыры тым бүгінгіше естіледі. Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде табыстым мұң тілімен, Жылағанда жүрегім күн тұтылып
.
«Туған жер» сияқты поэмалары лирикалық толғанысқа, көтеріңкі пафостары сыршылдыққа толы келеді. Оларда ақын заман, адам, дәуір, өзгерістер жайлы терең толғанады. Лирикалық толғанысты дәуірдің кең жасалған эпикалық суреттерімен байыту арқылы Жұбан «Мен—қазақпын» поэмасында үлкен көркемдік табыстарға көтеріледі. Поэма қазақ әдебиетінің аса бағалы үлгілерінің қатарынан орын алады. «Жыр туралы жыр», «Жесір тағдыры» атты сюжетті поэмаларында Жұбан оқиғаны драмалық тартыс арқылы өрістетіп, эпикалық кеңдікпен суреттейді. Оның алғашқысында Ұлы Отан соғысының батыры татар ақыны Мұса Жәлелдің ерлік образын жасаса, соңғы поэмасында феодалдық күңдіктен Совет өкіметі азат еткен қазақ әйелінің азаматтық есеюін көрсетеді.