Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы


Саяси күштердің поляризациясы (қайшылықтар) үрдісі



бет5/158
Дата07.01.2022
өлшемі318,23 Kb.
#17390
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   158
Байланысты:
@8; 65=85 ;= 5 07

Саяси күштердің поляризациясы (қайшылықтар) үрдісі.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. Қазақстандағы соғыс тұтқындары. Қазақстан аумағындағы халық бұқарасы жағдайының нашарлауы. Жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі. «Тыл жұмыстарына бұратаналарды реквизициялау» туралы 1916 ж. 25 маусымдағы жарлық, оның халыққа қарсы мәні. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Қозғалыстың көшбасшылары: А.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ә. Жанбосынов, Ұ. Саурықов және басқалар. Қарқара көтерілісі («Албан көтерілісі») - 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт - азаттық көтерілісінің Жетісу облысындағы орталығы. Орыс әскерінің жазалау әрекеттері. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы. Патша өкіметінің жазалау шараларының салдары. Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграциясының алғашқы толқыны. 1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы. Тылдағы қара жұмысқа алынған қазақ жастарының жағдайы. Ә.Бөкейхановтың шақыруымен тыл жұмысындағы жастармен жұмыс істеуге ұлт зиялыларының өз еркімен аттаныуы. Бұл азаматтық актінің салдары және тарихи маңызы. Тәуелсіз  Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы.  

Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі. Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-иулемия» және т.б. Қазақстандағы саяси биліктегі өзгерістер. Уақытша өкіметтің жергілікті басқару органдарының құрылуы. Революциялық өзгерістерге байланысты ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері.  Қазақ саяси басқарушы тобының Қазақ комитеттерін құруға байланысты шақырулары. Қазақ комитеттерінің құрылуы ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту әрекетінің көрінісі. Облыстарда өткізілген қазақ съездері және оларда қаралған мәселелер. Ұлттық саяси топ өкілдерінің Уақытша өкімет органдары құрамындағы қызметі.  1917 жылдың жазындағы саяси дағдарыс. Шілдедегі Жалпықазақ съезі және оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. Партияның бағдарламасы. Жалпыресейлік Құрылтай Жиналысына депутаттар сайлау, Алаш партиясының жеңісі.  

 Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясы. ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Н.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойының атап өтілуі. Алаш қозғалысының 100 жылдығы: ұлттық интеллигенцияның саяси, мәдени-ағартушылық қызметіне жаңа көзқарастың қалыптасуы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет